Кейбір тағам мен азы-түліктің ашып, бұзылып кетпеуі үшін тоңазытқыш қажет. Бірақ олардың кейбірін салқын және ылғалды ортада сақтауға болмайды. Бұл туралы дәрігер Димпл Джангда айтты.
 
Мына 4 өнімді тоңазытқышта сақтауға болмайды. 
 
1. Сарымсақ. Сарымсақты мұздатқан кезде оның көгеру қаупі артады. 
 
Сарымсақ бастарының қышқылдығы төмен, бұл оларды ботулизмнің қоздырғышы ретінде танымал Clostridium botulinum-ға бейім етеді.
 
2. Пияз. Кейде адамдар артылып қалған пияздың жартысын тоңазытқышта сақтап қояды, бірақ мұның қауіпті салдары бар. Өйткені оның құрамындағы крахмал қантқа айналып, ал жуашық біртіндеп көгереді.
 
3. Зімбір.  Бұл өнім де тоңазытқышта тез көгереді, салдарынан бүйрек және бауыр жеткіліксіздіг3 дамиды. 
 
4. Күріш. Күріштің дайын түрі, яғни ол піскен болса, оны тоңазытқышта сақтаудың қажеті жоқ. 
 
Кейбір адамдар күріш қандағы холестерин және қант деңгейін төмендетуге көмектеседі деп ойлағандықтан, оны тоңазытқышта сақтайды. Алайда, күріш те тез көгеретін өнім қатарына жатады. Күрішті тоңазытқышта тек 24 сағатқа дейін сақтауға балады.
 
Айта кетейік, бұған дейін шайды уға айналдыратын 5 қателіктің қандай екені хабарланған болатын.
 
Шайды тым қою етіп ішесіз;
Шайды тым ұзақ қайнатасыз;
Шайды ыстық күйінде ішу;
Аш қарынға шай ішу;
Тамақтанғаннан кейін бірден шай ішу.
 
Ақпарат дереккөзі: massaget.kz