Жанымдағы жақын жүрген жігіттердің бәрін тауысып болған соң, өзгенің назарын іздей бастадым. Менің еркек атаулыға келгендегі ұстанымым: бір ашқан есігіңді қайтып ашпа – бәрбір көретінің бір көрініс. Ал, мен көріністердің қайталанғанын қаламаймын. Әлеуметтік желіге тіркеліп, ең әдемі деген суретімді қойдым да, отыз бен қырық жас аралығындағы жігіттерге достық ұсына бастадым.

     Алдымен фотоларынасодан соң достар тізіміне қарап бәрін тергептексеріп алдымБір-екі диалогтан соң кейбіреулерін керек емес деп шештім, біреулер тым өркөкіректеу көрінді, біреулері салған жерден «Салмағың қанша?» деді, біреулері тіпті «Жаным, жалағанымды қалайсың ба?» деді, «Нені?» деп қайтарма сұрақ қойған жоқпын. Ең соңында сөйлесуге аватарында қаракөк костюм киген жігіттің фотосы бар жігіт қалды. Ұзақ сөйлескен жоқпыз, ертеңіне түскі асқа шақырды. Кешкі уақытта емес, тал түсте шақырғанына қарап жөні түзу, әңгімесі дұрыс, ниеті оң біреу шығар деп топшыладым.

        Ертеңіне шақырған мекенжайына келсемалдымда сыртында түрлі тағамдардың суреті айқыш-ұйқышсалынған асхана тұрКірдім де жан-жағыма қарадым. Есік ашылған сайын жалтаң-жалтаң қарап отырған жігіттің жанына бардым. Дәл өзі екен. Аяқ астынан әбігерге түсті қалды. Еденге төселген арзан кафельге темір орындықтардың аяғын шиқылдатып жырып кейінге қарай ысырып маған орын берді.Фотодағы жарқылдаған түріне қарағанда шынайы бейнесі әбден есікіріп қалғандай әсер қалдырады екен. Үстінде сол фотодағы киіп отырған қаракөк костюмы, жағасының жиектерін кір шалып, жылтыр өң беріп тұр. Екі иығына ақша қардай жауған алақандай қайызғақтарын екі қолымен сілкіп-сілкіп тастап, қомданып алды. Сол әрекетімен бойынша батылдық жинап алғандай қолын ұсынды, алақаны тершең екен:
— Ерболат!
— Жука!
Оның иығынан жер аударылған қайызғақтар әлдеқашан менің тамаққа тәбетімді қашырып жіберді. Тамақ ішіп келгенімді айтып, тағамнан ауыз тиген жоқпын. Дәмі жоқ, бос әңгіменің басын шалғандай болдық. Кешке үйіне шақырды. Баратын болып келістім.
Қараңғы түсе айтылған мекенжайға келдім. Екі бөлмелі пәтерде тұрады екен. «Үйленбегенмін, жалғыз тұрамын» деген сөздеріне айна алдында тұрған кейбір әйелдер косметикасын көрген бойда ішімнен «Оттапсың!» деп қоямын. Кино қарап отырғандай болып диванға қатар отырдық. Терлеген алақандарымен білегімнен ұстады. Ақырын күтейін деп қарсылық танытпадым. Шашымнан сипады, сосын басымнан құшырлана иіскеді. Тап бір жақын бауырын иіскегендей. Қызық, жаңа көрген адамға соншалықты мейірім танытуға бола ма? Иығымның үстіндегі кенедей қоңыр меңді саусағының ұшымен сипап отырып «Меңді қыз» деп жымиды. Тапқан теңеуіне өзі риза болды. Орынынан тұрды да қолымнан ұстап жатын бөлмесіне жетектеді. Ұзақ сүйістен соң кенет орынынан атып тұрды да, киімдерін қопара бастады. Қалтасынан алынған мүшеқаптың қабығын асығыс жыртты да, іске кірісті. 
      Тірлігі жаман емес, көңілді жұбатуға жарайды деп шештім. Төсекке қатты шөліркеп жүргені байқалмайды. Бірінші үзілістен кейін бастан-аяқ киініп, тіпті белбеуін шарт байлап, шұлығына дейін киініп алды. Банкеттің жалғасын мен де қаламадым. Қораптан шығып асығыс жыртылған бумада пайдаланылмай қалған екі мүшеқап жетімсіреп тұрғандай көрінді сол кезде.
Келесі кездесуге уәде бермедік, сұраған да жоқпыз, мен үйіме кеттім.

Juka

Керек Инфо