« Жаным» деген сөзді ең  алғаш саған айттым.Бірақ...сен ол сөздің мәнісін түсінбедің.Тіпті  қашан қалай айтқаныма да мән бермедің.Өйткені ойың  басқада  жүрді.Жүрегің басқа біреуді қалады.Соның бәрін сезсем де, мен өз махаббатым үшін  күрестім.Сені өзіме қарату үшін,өзімді сүйдіру үшін бәрін жасадым.Бетіңе жел болып тигім келмейтін.Бір күні мені сүйеді деген сеніммен жүрдім.Менің махаббатымның жылуы екеумізге жетеді деп ойладым.

      Бірақ...сол ойымның  қате екенін кеш түсіндім.Сені өзгеге қимай жүрген басым, өзгенің құшағында көргенде тіл тартпай өліп кетпегеніме таңмын.Тек сен деп, қатты еркелетіп жібергенім үшін өзімді  сұмдық жек көріп кеттім.Әйел атаулыға  сенгім келмей,бұл өмірден баз кешіп,тіршіліктің мәні жоқ сияқты күй кештім.Бұрын  көзімде нұр бар болатын.Екі иығыма екі жігіт мінгендей  сымбатты дене мүсінім талай аруды «ах »ұрғызған.Солардың еш  бірін елемей  тек сен деп өмір сүрдім, сенің миық тартып күлгеніңе ынтызар болдым.Көр соқыр  болдым.Ләйліге ғашық Мәжнүн сияқты тек  саған қарап отырудан жалықпаушы едім.Қабағың сәл шытылса, жаным шығып кетердей көруші едім.Бәрінің шегі бар екен.Сүйеді деп өзімді алдап, келіппін.

       Сенсіз алты ай өтті.Өлген жоқпын тірімін.Бірақ әйел атаулыға деген сенім жоқ.Тіпті бәрін жек көріп кеткен сияқтымын. «Кешір,басымдағы бағымды бағаламаппын» деп егіле жылағаныңда бұрын болсам, көз –жасыңды сүртіп,еркелете аймалап,жұбатып алушы едім.Бұл жолы  жиіркенішті  сезіммен  жүзіңе қарағым да келмеді.

        Сенсіз өткен күн,сенсіз өткен түн қаншалықты ауыр болса да, мен  сені ұмытуға тырысып жүрмін.Қош менің алғашқы да, соңғы махаббатым.Жаңа жылда өмірімдегі қара дақтарды өшіріп тастап, бәрін  жаңадан бастағым келеді.Сені де...көңілімнен сызып тастай алсам ғой...

                                  Жасұлан