4-бөлім

Болған оқиға желісімен....

Ғани Әлихан

Апайым қайтып келгенде қаңтардың аяғы боп қалған . Әрине бұл келгенде бұрынғы Шолпан емес , көңіл - күйі жоқ ұнжырғасы түсіп келді . Мұның шет жағасын естіп жүргенбіз . Бізбен түйдей құрдас туысқан інісі далада қалып қайтыс болған . Қатты аязда үсіп қалған деседі . Сөйтсек туған інісі екен . Қиын әрине . Тағдыр жазса шараң барма , көнесің , көндігесің . Осылайша күліп тұратын Шолпан апайым күрсініп , күңіреніп келді .Түсінеміз ғой ішкі дүниесі аласапыран алай - дүлей боп жүрді .Тіпті сабақта отырып көзінен тамшылап жас үзілетін . Әсіресе сендердің класқа келсем мені мұң басады дейтін . Біз не істей аламыз,ендігі медет тек уақытта ғана 

Өйткені  мұндайда тек уақыт қана жан жараңды емдей алады . Айтқанымдай осы уақыт өте келе бұрынғы көркімен күлкісі қайта келе бастады . Өйткені қу тіршілік қойсын ба , мойын бұрғызбады .

Енді міне осы келгенде де көп жүрмеді , айға жетпей тағы жоқ болды . Ал менің сағынышым бір бөлек . Іздейтінді шығардым . Көрмесем көргім келетінді шығардым .Кәдімгідей ұнайтын сияқты . Не боп барады өзі . Өзім де түсінбей әлекпін . Апайым тезде қайтып келсе екен деймін . Қысқасы соңғы үш - төрт күнде көрінбеген апайым қайта оралды . Інісінің қырқын беріп келіпті . Осылайша уақыт өтіп жатты . Апайым болса қайғы мұңы төгіліп бұрынғыдай бізбен араласа бастады . Емін еркін сөйлесіп қалжыңдаса бастады . Мұндайды көргенде Ғани бұрынғы әдетіне қайта басты . Ұзын сонар бір өлеңді жазып журналына қайта тықты .
Енді осы өлеңге деген апайдың реакциясын көру . Бірақ бұл мен күткендей болмады .
Хатты ашып қарап алды  Журналмен бүркемелеп отырып оқып шықты .Сонан соң :
- Жақсыбаев !-деп шәңк ете қалды . Не дейін . Сүйретіліп орнымнан тұрдым .

-Шық кластан!- дейді . Енді мен масқара болдым . Не істесем екен? Кітаптарымды жинап шығып кетуге дайындалып жатырмын .Ал айналамдағылар болса аң - таң күйде . Ешкім ештеңе түсінбейді .Есбол сияқты қырсықтар сыбырлап сұрап жатыр .
- Не болды , не бүлдірдің?- дейді .

Клас іші гу - гу өсек . Не дейін аузыма сөз түспей қойды .Тек сумкамды мойынға тастап шығып бара жаттым . Сонан соң қызықтың көкесі басталды . Шолпан апайым соңымнан ере шықты . 
- Тоқта !- дейді . Тоқта ди⁠ректорға апарамын- дейді .

 Ал ди⁠ректор дегенді естігенде клас ішіне тыныштық орнады . Менен де ес кетті . Егер мен жазған өлеңдерді ди⁠ректорға көрсетсе онда менің шаруам бітті дей бер . Әсіресе соңғы мына өлеңді көрсетсе онда мені анық мектептен шығарады . Өйткені өлең болғанда бұрынғыдай төрт шумақ өлең емес , аздап шимайланған өлең . Қалай десем екен , енді эротикалық өлең . Өйткені апайымның бұлтиған қос бөксесімен томпиған қос анарын да осы өлеңге қосып жіберіппін .

 Сонымен не керек ашуға мінген апайым кеттік деп алдыма түсе берді .Әне - әне ,тіп - тіке ди⁠ректордың кабинетіне қарап келеміз . Міне хатшысы отыратын бөлмеге кірдік . Абырой болғанда хатшы қыз жоқ . Әне анау тұрған есік ди⁠ректордың кабинеті . Хатшы қыздың жоқ екенін көрген апайым сөзге келді . 
- Жақсыбаев , екінші қайталанбайды деп айт- дейді . Жігітсің ғой уәдеңді бер маған . Сенің мынауың ұят -дейді құлағыма сыбырлап . Не дедің?- деңіз .
- Апай ұят болатындай несі бар ? Ұнайтыныңыз рас қой . Уәде берем ғой . Бірақ мектепті бітірген соң бәрібір жазамын . Сосын ди⁠ректорға кірмей - ақ қояйықшы дедім . Менің мына сөзіме түсінбей қалдым ,білемін . 
- Жақсыбаев , сен не деп тұрсың деп қайтадан шәңк ете қалды . Сонан соң бәрі бүлінді . Бір құшақ қағаз құшақтап хатшы қыз кіріп келді . Оның соңынан көзілдірігін қолына ұстаған ди⁠ректор көрінді . Ғанидың аяқ қолынан жан кетті .
- Не болды , неғып жүрсіңдер дейді апайыма бір маған бір тесіле қараған ди⁠ректор . Енді апайдан дәрмен кетті . Сонда да сөйлеп берді .
- Ағай мына Жақсыбаевпен өзіңіз сөйлсеңізші . Тентек айтқанды қылмайды дейді . Ди⁠ректор енді маған шүйлікті . 
- Не бүлдірдің?- дейді отты көздері аларып . Не дейін үн жоқ . Партизанның роліне еніп кеттім . Осы партизанның ролі деген біздің мектепте бұрыннан бар . Ол былай . Жақ ашпайсың . Не сұрасада не айтсада үндемейсің . Не ия демейсің не жоқ демейсің . Басыңды төмен салып тұра бересің . Тіпті ұрып соқса да жауап бермейсің . Қысқасы ештеңені мойындамайсың . Міне осыны партизанның ролі деуші еді . Менде солай болдым . Ал менен жауап алалмайтынын білген ди⁠ректорым кабинетке кіріңдер деген бұйрық берді . Қысқасы апайым кірді соңынан мен кірдім . Содан қолындағы біраз бүктетілген қағазды төрде отырған ди⁠ректорға апарып алдына қойды . Мен басым салбыраған күйі кірген жерде тұрдым . Көз қиығын салып қарап қоямын . Бүктетілген бірнеше қағаз жатыр . Әрине оның бәрі менікі . Мен жазған өлеңдер . Сонымен не керек көп қағаздың біреуіне көз жүгірткен ди⁠ректор сөз бастады .
- Саудабаева , сен сабағыңа бара бер қызым . Мына Жақсыбаевпен өзім жеке сөйлесемін . Болған жағдайды мен түсіндім , бар сабағыңнан қалма деп апайымды шығарып жіберді . Содан соң маған тесіле қарап .
- Отыр Жақсыбаев- дейді . Алдымда тұрған стөлге отыра кеттім . Сөйтсем :
- Бері кел мында , маған жақын отыр- дейді көзілдірігінің үстінен қарап . Ең жақын столға отырдым .
- Бұл не дейді , түсінбеген сыңай танытып . Менде үн жоқ .Тырнағымды шұқып төмен қарап отырмын . 
- Жақсыбаев- дейді - Жақсыбаев көтер басты . Сен жігітсің ғой . Менде жігіт болғам . Мен түсінем сені . Сен анау партизандық образдан шық . Екеуміз де еркекпіз . Еркекше сөйлесейік . Не болды ашып айта бер- дейді .

Төбемнен жәй түскендей болды . Ди⁠ректорым еркекше сөйлесеміз деп тұрғанда неге сөйлемеске . Аттың басын жібердім енді .
- Ағай бұл апай маған ұнайды- деп қойып қалдым . 
- Жә тоқтай тұршы -дейді ағайым бір хаттан соң бір хатты оқып отырып . 
- Жақсыбаев , енді мынауың артық болған . Мұндайды апайға жазуға болмайды . Сен әлі мұндай ашық ұятсыз өлең жазатын жасқа жеткен жоқсың . Қазақта қызға кім жүгірмейді қымызды кім ішпейді деген бар . Бірақ бұл қыздың жасы сенен үлкен емеспе ?-дейді аң - таң боп . 
- Ия үлкен , екі жасқа үлкен . Бірақ онда тұрған не бар ағай ?-дедім .
Иеее , айтқандай бір жас құрдас ,екі жас сырлас деген ғой . Өзі жас маман болса да жақсы маман . Іскер қыз . Аман сау оқуын бітіріп алса, өз ісінің нағыз маманы болмақ . Бұл қыздың әкесін де шешесін де танимын . Жақсы адамдар . Жетпіске кеп қалған атасы да бар . Бұрын комсомолда бірге істегенбіз . Қысқасы әңгіме былай Жақсыбаев . Енді хат жазбайсың ! Мынандай тірліктің бәрін доғарасың . Мына мектептегі алтын медальге бірде - бір үміткер сенсің . Сол үшін жақсы бағамен мектепті бітіресің . Сосын пед - ке оқуға түс . Ол жағынан өзім көмектесемін . Таныстарым баршылық . Сосын осы мектепке қайтып келесің . Міне осыдан соң не десеңде өзің білесің . Үйленсең ол өте жақсы қыз . Ал енді сабағыңа бар . Бірақ осы сөз осы жерде қалсын . Мына хаттар менде қалады , боссың- деді .

Міне қызық . Ұшып класқа жеттім . Үзіліс болуға аз қалған . Есік қақпастан кіріп бадым да зу етіп орныма жеттім . Содан түк білмеген түк көрмегендей отыра кеттім . Ал апайым болса көз қиығын салып қайта - қайта қарап қояды . Мен үнсізбін . Өйткені Шолпан апайыма өкпелімін . Бірақ сезіп отырмын , өзі де өкінетін сияқты . Іштен тынып отыр . Сонымен үзіліс болды . Ди⁠ректорға берген уәдем бойынша апайға қайтып жоламай қойдым . Ал келесі сабақта Индираның қасына отырып алдым . Апайым да болса үн жоқ . Менен сабақта сұрамайды . Не Жақсыбаев деп не Ғани деп атымды да атамайды . Сөйтіп жүріп үш - төрт сағаты өтті . Бұл дегенің екі апта . Міне осы екі апта үнсіз жүрдім . Жақ ашпадым , тіпті класқа кіріп келсе орнымнан тұрып сәлем демедім . Сонымен Наурыз айы жақындай түсті . Ай сайынғы шығатын "Мектеп бұрышы" гәзеті менің мойнымда екенін айтқанмын . Бір күні келіп тұр .
- Жақсыбаев , гәзет шығару керек екен ғой . Ди⁠ректор соны тағы да екеумізге тапсырды . Алдағы аптаға дейін сонымен айналысыңдар деп айтты -дейді . Не деймін .
- Мен бітіруші класпын . Оқуға түсуім керек . Бұл мектепте гәзет шығаратын менен басқа да көп . Әне анау Айбаровты алыңызда сонымен шығара берсеңіз болады . Мен оқимын , уақытым жоқ дедім . Негізі осы Айбаров Есбол деген ол менің ең жақын досым . Осы күніде бір қалада тұрамыз . Мұны көрші ауылдың қызы Құралайға үйлендіргенім есімде . Сонда Құралайды алып қашып соңында тастап қашып күлкіге қарық болғанымыз бар .

 Қазіргі айтып тұрғаным да сол Есбол . Өйткені апайға бұл да сырттай ғашықтың бірі . Қысқасы ол апайға ғашық болмаған кім қалды дейсің . Әйтеуір көргеннің бәрі ғашық . Өзі де соған тұрарлықтай қыз . Тек жасымыз сәйкес келмей тұрғаны . Әйтпесе Шолпан апайды шыр айналдырарым анық . Қысқасы менен мұндайды күтпеген апайым ди⁠ректорға барып айтса керек . Шақырып жатыр дегенге жетіп бардым .
- Жақсыбаев , гәзетті тездетіңдер -дейді . Қасында күлімсіреп апайым отыр .Жоқ дей алмадым . Қайта араласып кеттік . Енді маған Индираның өкпесі қара қазандай . Орын ауыстырғаным қашан . Соңғы партаның біріне жайғасқанмын . Ал апайымнан шыдам кетті . Кешірім сұрап үлгірді . Кәдімгідей кешірім сұрап тұр . 
- Ди⁠ректорға алып кіремін деп ойламап едім . Ондай ойым болған жоқ . Тек қорқыта салсам деп едім . Күтпеген жерден кіріп келді . Содан амалым қалмады , кешірші енді . Өйткені , ауылдарың кішкентай . Өсекке ілінсек қайтеміз- дейді . Міне мына сөзге мен оны онан сайын жақсы көріп кеттім . Сонымен бұрынғы ойын күлкіміз қайта басталды . Бұл маған өз кезегінде ойымды ашып жеткізуге мүмкіндік берді . Ди⁠ректорға айтпаңыз деп алып айта салатын болдым . Олда күліп қойып кетеберетін болды . Бірақ қашанғы күліп құтылмақ , күндердің күнінде қолға түсесің дедім . 
- Мектебіңді бітіріп оқуға түс , сосын әскерге барып кел- дейді . Міне сөздің ыңғайы келді емес пе?
- Соған дейін күтесіз ба мені ?- дедім . Сұрақтан жалтарып сөзді бұрып әкетті . Мен оған көнбедім . 
- Нақты жауап керек- дедім . 
- Бұл мектеп , бұл оқу ордасы . Ондай сөзді бұл жерде айтпайды Жақсыбаев- дейді . Мен оның Жақсыбаев деп айтуына үзілді - кесілді қарсы шықтым .

- Фамилияммен ешқашан айтпаңыз- дедім . Қысқасы Жақсыбаев деп айта алмайтын болды . Ғани дейтін . Тек сабақта айтайын деп сұрайтын болды . Осылайша күндер өтіп жатты . Соңында менің де оның да басына қара бұлт үйірілді . Мектептегі физрук ағайдан қызғанып қырғын болды . Кәдімгідей ұрсып қалдық . Олда сөзден қалмады .
- Бар анау Көшкінбаеваңа бар . Бірдеңе болса соның қасына отырып аласыңғой дейді .
- Сенде құрып кет деймін . Кеше физрук ағаймен аузың жабысып тұр едің ғой . Тие салсай соған деймін . 
- Ол менің коллегам ғой не болды сонша ?-деп ақталды . Қысқасы сөйтіп жүріп бір апта тым жақсы сөйлессек бір апта сөйлеспей ұрсып жүретін болдық . Бұл маған қатты батты . Ол да қырсық .
- Класқа кірсе болды , Жақсбаев деп сабақ сұрап қадалатын болды . Мен жауап бермейтінмін , сабақтан білмейтінмін . Себебі соңғы кезде кітаптың бетін ашуды қойғанмын . Ол онан сайын сұрай түсетін . Қысқасы 3 деген бағаны қаз - қатар қойып меніде ұшып өтетіндер қатарына қосты . Әсіресе Көшкінбаеваның қасына отырсам болды міндетті түрде 3 арқалап кететін болдым . Ол кезде біздің мектепте 3 - ке оқығандарды ұшып өткендер дейтін . Өйткені журналға қаз - қатар қойылған 3 - тер ұшып бара жатқан тырналарды елестететін . Менде солардың қатарына қосылдым . Енді маған ди⁠ректор айтқан алтын медальдің ауылы алыстап бара жатты . Әрі ойландым бері ойландым . Қысқасы мен көп ойландым . Содан жолымыз түйіспейтінін түсіндім . Соңында өзім кешірім сұрап психолог кабиентіне кірдім .
- Білгенмін дейді . Жүрегім сезген дейді .
Мына сөзге жүрегім елжіреп кетті . Өйткені жасым жетпей тұрғаны анық . Кет әрі емес еді . Әттең жасым ғана жетпеді . Осылайша сау басыма дау тілеп алдым . Енді нестимін деп басым қатты . Шыныменде ол менен екі жарым жасқа үлкен . Оның үстіне менің ұстазым . Ал маған әлі мектепті бітіру керек . Онан оқу деп кетем , онан әскер деп кетем . Кем дегенде үш - төрт жыл бар . Оған дейін бұл мені күтеме . Егерде мен уәдесін алып әскерге кетсем . Оны басқа бір жігіт қағып түссе қайтем . Олда мүмкін ғой . Соңында жүрген жігіттердің сан есебі жоқ . Бірі болмаса бірі қолға түсірері анық . Тіпті ауданнан мен деген дөкейлердің ұлдары кеп жүр дейтін . Олардың алдында мен кіммін . Қысақсы менің теңім өзіміздің мына Индира . Әп - әдемі ұзын бойлы қыз . Ия ия . Бұл менің соңғы шешімім . Индирадан басқасы керек емес . Бірақ бұл менің жеке ойымғана еді . Өйткені кірпіктері асылып күлімдеп тұратын мына апайымнан құтыла алмадым . Құтылғым келген ол мені жібермеді . Не жоқ деп ат құйрығын кесіп кетпеді . Не сендікпін деп уәде бемеді . Сөйтіп мектеп бітіретін соңғы жылымды жырым - жырым қылды . Ал менің ойланатындай шамам болмады . Қысқасы қиялдап жүргенімде көктем келді . Ал Шолпан апайым онан сайын құлпыра түсті . Араны үздім деп апта ғана жүріп кабинетіне қалай кіріп барғанымды білмей қалдым ...

(жалғасы бар)