5-бөлім

Болған оқиға желісімен....

Ғани Әлихан

Көктемнің алғашқы күндері келді . Жер қарайып тек көлеңкейлерде ғана қар қалған . Ал Шолпан апайым күннен күнге құлпыра түсті . Мына құрғыр қыз маған апай болмады көзіме түскен құрт болды . Қайтейін қызғаныштан ішімді күйіп барады . Ал апайым болса онан сайын өрши түсті . Спорт залға кіріп алып волейбол ойнап әлек . Үстіне кигені сол кездегі ең бағалы адидаспен ақ крассовка . 

- Кел Жақсыбаев- дейді теңбіл допты маған қарай лақтырып жатып . Кел келіңдер , волейбол ойнаңдар дейді біздің жігіттерге қарап . Өзі ер мұғалімдермен доп ойнап жүр . Бес еркек үш қатын боп екі топқа бөлініп алыпты . Менің апайым болса баяғы сол физруктың командасында доп қуып болып жүр . Қап ойбай ай ! Алдыма келген допты бар ашуымен теуіп жібердім .Теппей қайтейін мына жаның шыққырдың жүрісі мынау .Нағыз жартыбас өзі , мұнда неғып жүр . Өңшең еркектердің арасында . Өзі де анау физрукпен бір жақ . Қысқасы қанша шақырса да бармадым . Шетке кеп қыздардың қасында шоқиып қарап отырдым да қойдым . Бұл кезде менің ( ер балдар ) достарым волейболға араласып кеткен .

 Қарап қоямын апайым менен көзін алар емес . Бір кезде допты қуып кеп қайта шақырады .Сонда да бармадым . Соңында шыдамы бітті . Ұшып келген допты қағып алды да қақ басыма бір ұрды . Шошып кеттім . Мынауың нағыз жынды , есі дұрыс емес екен ғой . Ашуым келгені соншалық , допты алдым да лақтырып жібердім . Содан бәрі қалды . Бәрін тастадым . Залдан шықтым да үйге кеп жатып алдым . Ертесіне де бармадым . Нақты есімде жоқ екі - үш күннен соң әйел - қыздар мерекесі 8 - ші Наурыз келмек . Бірақ менің ойым бөлек . Осы мерекені өтіріп бір - ақ бару . Барып қайтем , апайым тайраңдап басқалармен доп теуіп жүрсе . Оны көріп күйгеннен көрмегенім жақсы . Бірақ ойымнан кетер емес . Доппен ұрғанын қарашы . Және де қақ басыма ұрды ғой . Қысқасы ертесі тыныш өтті . Үйі  жақын Индира келгені болмаса басқа ешкім төбе көрсетпеді . Содан тағы бір күн өтті . Тағы да бармадым . Енді Есбол келді .
- Ди⁠ректор шақырып жатыр . Әйел қыздарға концерт қойып беріңдер деп- дейді . Енді бармасам болмас . Соңынан сүйретіліп мектепке келдім . Тағыда сол . Көрікті апайым алдымнан шықты . Дым көрмегендей , түк болмағандай .
- Жақсыбаев , ауырып қалдың ба не?-дейді күлімсіреп . 
- Ия , басым жарылып қалды- дедім . 
- Қое- дейді аузы ашылып . 
- Қоятын несі бар , басым ауырып тұр . Ди⁠ректор шақырғанға амалсыз келіп тұрмын- дедім . 
- Ди⁠ректор емес ,мен шақырттым . Жүр кабинетке- дейді . Қуанып кеткенім соншалық қарсыласуға шамам жетпеді . Үнсізғана соңынан ере бердім . Сызып отырып кабинетіне жеттік . Содан айқайдың көкесі басталды .
- Сен жартыбассың деймін . Олда қайтпайды .
- Өзің жартыбас . Ақымақ болма Ғани , есіңді жый . Екеуміз кешке сөйлесеміз . Сен кітаптарыңды алда біздің үйге кел . Мен саған бір қызық оқиға айтып беремін . Ал қазірше ақылға кел , өзіңді бас . Мұнда айқайлап сөйлеуге болмайды , түсінесің ба болмайды дедім ғой болмайды -дейді аузын басып . 
- Маған болады , маған бәрі болады- деймін мен де безеріп . Мына сөзге күйіп кетті білемін . Оң жақ қабырғамның тұсынан кеп оңдырмай шымшып алды . Селк ете түстім . Сонан соң ғана үнім өшті . Өшпей қайтем даусым шықпай қалды . Әрине аузыма сөз түспегеннен емес , тынысым жетпегеннен . Өйткені осыдан сәл бұрын екі қабырғам бірдей сынған . Аздап ауыратыны бар еді . Бұл соған дөп тиді . 
- Кешке дедім ғой кешке , кешке дейін шыдашы сен . Әйтпесе бар анау Индираңа бар- дейді бұлқынып . Мен де болса үн жоқ . Тынысым тарылып әрең отырмын . Ол тағы да сөйлеп жатыр . 
- Енді Индираның қасына барып отыр ия дейді . Индираң бар ғой Индира Көшкінбаева . Қит етсе соған секіресің ғой сен -дейді .

Мәәә мынауың таза ақымақ екен ғой . Қыз болмай құрып кет сен . Апай болмай аулақ жүр менен . Қолын айтсайшы , не деген қатты еді . Ұстаған жерін жұлып алатындай жезтырнақ нағыз жалмауыздың өзі ғой . Қысқасы мен апайымнан қорқайын дедім . Мынауың қатын болмайтын келсап . Енді мен орнымнан тұрып кетуге асықтым .

Алайда апайым жібермеді . Міне енді Ғаниың анық сасайын деді . Бар ойым мына апайдан қалайда құтылу болды . Осылайша бес минутта бәрінің астан кестеңі шығып өмірім өзгеріп кетті . Өзгермей қайтсін . Кешегісі анау , қақ басыма доппен қонжитқаны . Бүгінгісі мынау шымшып алып көзіме көк шыбын үймелетті . Негізі дұрыс айтты . Көшкінбаевадан басқасының бәрі бекер . Қысқасы санам сан жаққа жүгірді . Кеше ғана көруге зар болған апайымды бүгін тастап қашуға дайынмын . Қаш Ғани қаш . Қашпақ болсаң зымыра . Бірақ қайда қашамын , қаққан қазықтай қақайып отырмын . Енді менің бұрынғыдай сүйсініп қарайтын көздерім , тап қазір от шашып тұр . Бірақ әрбір қимылын аңдып бағудамын . Ал апайымның ойында түк жоқ . Шынымен де түк жоқ . Қазір ғана қоңырау соғылғаны есімде . Оқушылар өз кластарына кіріп коридорда аяқ дыбысы саябырсыған . Қандайда бір қағаздарды ақтарған апайым бір дәптерді тауып алып қасыма кеп отыра кетті . Отырғандада жәй отырған жоқ сөйлей бастады .
- Мені кешірші а дейді . Ойбай . Айттым ғой , мынаның есі дұрыс емес . Қазір ғана шымшып еді ,енді кешірім сұрап отыр . Алайда мен осыны ғана ойлап үлгердім . Өйткені есікке қарап тың - тыңдап алған апайым мойныма асыла кетті . Тұла бойымды тәтті сезім билеп толқып сала берді . Міне осыдан соң бәрін ұмытып әдемі апайымды құшағыма қыса түстім . Бірақ өкінішке орай тез бітті . Минутқа бармай апайым өз орнына кетті . Шашын жөндеп бірдеңе дегендей болды . Мен оның не дегенін естісем де түсінбедім . Өз көзіме өзім сенбей отыра бердім . Жақ ашып ол да тіл қатпады . Менде үнсіз қалдым . Осылайша біраз отырдым . Енді мен оның көзіне қадалып қарағым келді . Онымнан да түк шықпады . Көзін төмен салған апайым басын көтермей қойды . Тек сыңғырлаған үнімен :
- Бар Ғани баршы , көзіме көрінбей жоғалшы- деп бұйырды . Осылайша бес минут бұрын жетімнің күйін кешкен Ғани бақытқа кенеліп кабинеттен шықты . Міне бұл біздің алғашқы сүйісу болды .Онан кейінде ит - мысық ойынымыз тоқтамады . Екі ортада Индира бәлеге қалды . Кластасым емеспе , сонымен көрсе болды қағынып қалатынды шығарды . Меніңде оңып тұрғаным шамалы , физрук ағаймен көрсем болды , қағып салатын болдым . Ең қызығы сол бұл көрініске екеуміз де үйреніп кеттік . Күн батса болды кітабымды құшақтап барып тұратын болдым . Алайда кітап деген ол жәй ғана сылтауымыз . Кітаптың бетіне қарамасамда апайымның бетінен көз алмайтын болдым . Сөйтіп жүріп бұл біздің ауылдың қатындарына жетті . Тіпті сөздеріне сенсек апайым менен екі қабат боп қалды . Қалаға барып бала алдырып келді . Соңында бұл өсек менің мамама да жетті . Енді Ғанидың күні қараңғы бола бастады . 
- Оқушысымен жүретін қандай бейбақ деп шықты . Ол аздай ди⁠ректорыңа барамын деп байбалам салды . Жұрттың өсегіғой деген сөзіме сенбеді . Енді менің бәрін тастағаннан басқа амалым қалмады . Мектепті тезірек бітіріп , ауылдан алысқа кетсем екен деп ойлаумен болдым . Өйткені мұншама өсекті арқалап жүру ауыр тиді . Бұл өсекке шыдамаған Индирада менен безіп кетті . Кешірім сұрап мен де бармадым . Содан соң менің амалым қалмады . Қысқасы барар жерім басар тауым қалмады . Ал апайым болса соңымнан қалмай қойды . Анамның сөзінен асып менде кете алмадым . Қаланың қызы дегенге түбегейлі қарсы шықты . Сонда ғана жолымыз түйіспейтінін ашып айтқым келді . Осылайша өз ойыммен өзім арпалысып жүргенде бұл күнде жетті . 
- Құшақтап тұрып кешірші -дедім . Біз ешқашан бірге болмайтынымызды жеткіздім . Сонан соң шойын шапалақ оң жақ бетімнен кеп шарт етті . Соңынан іле - шала " подлец " деген жағымсыз сөз жетті . Мына сөз өңешімнен өтіп сүйегіме жетті . Апайым болса құшағымнан сытылып бара жатты . Көкірегімнен итеріп жіберіп жүгіре жөнелді . Тоқта деп айтуға менің шамам келмеді . Сонымен бәрі бітті . Соңғы емтиханды тапсырып болғанда ди⁠ректордың шақыртуымен кабинетіне кірдім . 
- Мамаңмен өзім сөйлесіп , түсіндірейін дейді . Мен оған үзілді - кесілді қарсы шықтым . Бекер бала бекер қыласың деген сөзі мәңгі есімде қалды . Сол жылы оқуға түсе алмадым . Сонансоң Қарағандыдан жұмыс тауып , ауылдан кетіп тындым . Ал келесі жылы оқуға түсемін дегенім бос әурешілік болды . Өйткені Әскерге аттандым . Ал Шолпан апайымды қайтып көрмедім . Мен әскерде жүргенде тұрмысқа шығып кетіпті . Содан міне осындайда есіме түскенде "Бақытты болсыншы " деймін !

П/сы : Біздің мектепте " ОЗАТ ОҚУШЫЛАРЫМЫЗ " деген тақташа тұратын . Сол тақтадан соңғы бес жылда менің суретім түскен емес еді . Соңғы емтихандар боп жатқан кез . Бір күні маған жағымсыз жаңалық жетті . Сондағысы біреу бетіндегі шишасын сындырып суретімді ұсақтап тұрып жыртып - жыртып лақтырыпты . Ал қалғанының бәрі дін аман . Өз орындарында тұр . Тек меніғана көзден құртыпты . Сол күндері менің оны сұрайтын шамам болмады . Оған менің ақылымда жетпейтін . Міне осы маған жұмбақ күйінде қалды . Шын айтсам осы күнге дейін жұмбақ . Ал ең басты күдіктім осы ШОЛПАН апайым боп келеді . Бірақ кім білсін , көзбен көрмеген соң ештеңе дей алмаймын . Өйткені КҮМӘН , ИМАННАН айырады деген бар !

                                 Соңы