Болған оқиғаның ізімен...
Ғани Әлихан
Бір қарағанда мына ақбас кәрі көрінгенімен қылықтары жас баланың қылығы . Әлде бұл өте кеткен ақкөңіл немесе өте аңғал кісі . Негізі мұндай еркектерді ұнатпайтыным рас . Өйткені өз әкемнен көргенім , естігенім бар . Сенің әкең қандай еді деңіз . Біздің үйде әкенің сөзі ешқашан талқыға түскен емес . Бір ауыз айтты , бітті . Ал бізге көз қиығымен бір қарағанының өзі жетіп жатыр . Үнсізғана басымызды төмен салып өз бөлмемізге қарай тайып тұратынбыз . Ал мына кісі мүлдем басқаша . Бәйбішенің күтіп отырмын жолдарыңыз болсын дегені қашан . Онан бері екі бағдаршамнан тұрып өткенбіз .
Мынауың жақ ашқан жоқ . Мүлдем үнсіз . Құдды бір мылқау ма дерсің . Осындай үнсіздікпен отырып міне қаладан да шықтық .Ал менің ойымда мынаның өзі емес , бәйбішесі .Маған оның кім екені және де не үшін менің керек екендігімді білу ғана . Мына ақбас маңызды емес . Тіпті мұнан үмітім де жоқ . Өйткені бұл менен бақандай он сегіз жасқа үлкен адам . Өзімнен мұншама жасы үлкен адамға қатын болғанша өлгенім артық . Ел бар жер бар , ауылда туған - туыс бар . Олардың бетіне қалай қараймын .Қысқасы бір басымда сансыз сұрақ . Дегенмен бұл менің өз ойымғана .Қазір бәйбішені көрмегенше дөп басып бірдеңе деу қиын .Құрғыр соңғы жылдары қазаққа жеткен сурагат деген бар еді , сондай ұсыныс жасар ма екен . Әлде менің байыма тоқал бол дерме екен . Бірақ , бұлар неге мені таңдады?- екен деймін . Әлде ескі таныстарым боп шықпасын . Мүмкін мені сырттай танитын да біреулер шығар . Бірақ ол мүмкін емес қой . Мен мына адамды өмірімде алғаш рет көріп тұрмын емес пе? Ал енді не болсада барғансоң көре жатармын , қазірше маған бәрі жұмбақ боп қала тұрсын . Қысқасы миымды шырмаған мың сан оймен отырып үйіне де жеттік . Міне үй саған . Үш қабатты кең сарай алдына ақбас тоқтағанда есікті ашып түспекші болғам . Сонда ғана мына сорлыға тіл бітті .
- Түспей ақ қой , отыра бер- дейді .
- Неге , үйіңізге жетпедік пе не деймін ?- мен оған таңырқап .
- Жеттік қой , бірақ көлікпен кіре саламыз , отыра бер деген ақбас қайтадан рөлге жармасты . Сол кезде алға қарай мен де көз жүгірттім . Құрсын , тап қазір жабық тұрған қақпа өз- өзінен жоғары қарай көтеріліп ашылып барады . Сонан көп өтпей көлік сиятын жол пайда болды . Ал көлікті тізгіндеген ақбас болса сол жолақпен ішке кірді . Мәссаған , міне байлық . Алла тағалам пендесіне берем десе үйіп төгіп бере салады екен ғой . Мен негізі мына ақбастың жәй жүрген адам емес екенін о баста білгенмін . Өйткені қыр соңыма түсіп қырындап жүргенде шатаспасам бірнеше көлікпен келген . Бір күні ақ көлікпен келсе, бір күні қара түсті көлікпен келетін . Және де сол көліктер әртүрлі екенін білемін . Ал біз келген мына көлік тіпті басқаша . Қысқасы біз даңғарадай аулаға кіріп тоқтадық . Құдай- ау мына жерде не жоқ дейсің ?! Анадай да ай сәулесімен шағылысқан көлшік жатыр . Ал мына жерде қызылды жасылды гүлдер жайқалып тұр . Сондай - ақ балалар ойнайтын алаң өз алдына тағы бар . Осылайша аулаға тоқтаған көліктен аяғымды қорқа басып сүйретіліп түстім . Ал ақбас болса менің қолымнан ұстап есікке қарай беттеді . Кенеттен сол есік ашылып ішінен әйел кісінің сүлбесі көрініп бізге қарсы жүрді . Бұл мен күткен бәйбіше болса керек , басына орамал тартқан ұзын бойлы келіншек сатыдан төмен түсіп келеді . Міне анық көрініп те қалды . Шам жарығымен жүзіне қарауға тырыстым . Сондағы ойым таныс болса екен деймін , алайда танысыма ұқсамайды .Тіпті ешқашан көрмеген мүлдем бейтаныс келіншек жақындап келдіде қапсыра құшақтап бетімнен сүйді .Содан азын - аулақ аман саулықтан соң «үйге кір» дегендей ишара білдірді . Әрине менің енді үйге кірместен басқа амалым жоқ , соңынан еріп отырдым .Ал үйге кіргенде құдды бір хан сарайына кіргендей күйге түстім . Өйткені осы жасыма кеп мынандай үйді көрмегенім рас . Тіпті көру түгі мың ұйықтап түсіме де кірмепті . Бір қызығы сол міне осының бәрі түсімде көргендей көз алдымнан өтіп жатты . Шынымды айтсам сол сәтте бұл менің не өңім,не түсім екенін анық аңғара алмадым . Әйтеуір жұмбақ келіншектің айтқанын бұлжытпай орындай бердім . Сонымен не керек ұзын залды қуып отырып қонақ бөлмеден бір ақ шықтық . Үлкен бөлменің қақ ортасында дөңгеленген үлкен үстел тұр . Оны айнала қоршап қымбат отырғыштар қойылыпты . Ал дастархандағы түрлі - түсті тағамдар , көздің жауын алады . Құдай ау не жоқ дейсің , мына үстелдің үстінде құс сүтінен басқаның бәрі бар . Қатты таң қалғаным рас . Сонда бұл ненің құрметіне екен деп ойлап үлгіргенім жоқ .
- Ұялма сіңілім . Киімдеріңді шешіп емін - еркін отыра бер . Мына үйді өз үйіңдей көргейсің - деген келіншектің даусы ойымды бөліп жіберді . Ал мына келіншек болса сөзін жалғастырып жатыр .
- Бұл үй біздің үйіміз . Осы үйде Сәкең екеуміз ғана тұрамыз . Екі қызымыз бар . Бірақ олар шетелде оқиды , сонда тұрады . Ол жайлы Сәкең айтқан шығар- дейді соңымыздан кіріп келген ақбасты көрсетіп . Тіпті осы ақбастың аты кім еді , ол да есімнен шығыпты . Өйткені номерін жазып телефоныма сақтамағанмын . Бірақ жатқа білетінмін . Мына келіншектің Сәкең дегенінен соңғана есіме түсті . Ия ия есіме енді түсті . Бұл ақбастың аты Сәкен . Менімен солай деп танысқан . Өзі сырт көзге сылбыр басқан біреу сияқты көрінгенімен , негізі ширақ адам екен . Тек қой аузынан шөп алмайтын момындығы көрініп тұр . Бірақ тап қазір мені қызықтырып тұрған бұл адам емес . Мені қызықтыратын мына келіншек . Өйткені құпияның бәрі осында боп тұр ғой . Не болса да ұсынысын тыңдайын деп үстелге отырдым . Ал оң жағыма кеп отыра кеткен келіншек шәй құйып ұсынып жатты . Осылайша өмірімде көрмеген бейтаныс келіншекпен дастархандас боп таныстығымыз басталды .
- Қайдан боласың сіңлім , қай жақтың қызысың?- дейді мына келіншек күлімдей қарап .
- Жезқазғандікімін әпке -дедім .
- Медколледжді бітірдің ғой , әлде высшима дейді қайта сұрап .
- Жоқ высший емес , колледж бітірдім . Қазір жұмыс істеп жатырмын . Алла қаласа жоғарғы оқуға түсіп «высший »алғым келеді дедім . Осыдан соң шәйдан ұрттап алып біраз ойға кеткен келіншек сұрақты үйіп төкті . Қысқасы отбасым жайлы , тіпті жақсы көретін жігітім бар жоғына дейін сұрап шықты . Бір қызығы осы сұрақтардың бәріне мен мүдірмей жауап бердім . Осылайша бас аяғы жарты сағаттың ішінде танысып тастадық . Ал енді менің бұл келіншектен ең басты ұсынысын естігім келді . Сол үшін де үсті - үстіне сұрақтарды өзім жаудырдым . Өйткені маған ең маңыздысы сол .
- Асықпа сіңілім ,тамақ жеп шәй ішіп алайық . Түн ұзақ қой ол жайлы сөйлесе жатармыз . Бұл өзі бір ұзақ әңгіме . Ал бізде уақыт деген жетеді . Менің саған қазірше ұсынысым мынау . Сен анау қаладағы пәтеріңді таста да біздің үйге келіп тұр . Маған көмектес . Сосын құжаттарыңды бер . Мен сені жоғарғы оқу орнына түсіріп өзім оқытамын . Бірақ медицина саласында оқытамын . Өйткені мен өзімде медикпін . Сонау Мәскеу қаласында оқығанмын . Ал Сәкең ветеринарияны бітірген . Екеуміз практикада жүріп танысқанбыз . Үйленгенімізге міне жиырма жылдай болып қалды . Қыздарымыз бар , олар жайлы айтқанмын . Егер осы ұсыныстарымды қабыл алсаң онда мен де арман жоқ . Тіпті күні ертең өлсем де өкінбеймін . Әрине ,сен тап қазір мені танымайсың . Ал мен сені сырттай танимын . Өйткені мен , сен істейтін емхананың бір жылдан бері тұрақты пациентімін . Айда бір барып ем қабылдап тұрамын . Мен сені өткен айда барғанымда көрдім . Ал екінші барғанымда таппадым . Содан сұрастыра бастадым . Әрине сені табу маған ешқандай қиындық тудырған жоқ . Сонда да еркектің аты еркек қой деп , Сәкеңнің өзін жібердім . Содан міне сен екеуміз жолықтық . Шынымды айтсам Құдайдың осы күнге аман - есен жеткізгеніне қуанамын . Міне сіңлім , қазірше менің бар ұсынысым осы . Қабыл алсаң , отбасымның бір бөлшегіне айналуың әбден мүмкін деп барып бір ақ тоқтады .
Енді мен мына сөзге не дерімді білмей қатты састым . Отбасымның бір бөлшегіне айналуың мүмкін дейді ...ол қалай сонда ? Сіңілісі боп жүре берем бе ? Әлде мына ақбастың тоқалы болам ба ? Қызық ұсыныс екен . Мен негізі осы жайлы ашып сұрамақшы болғам . Алайда мына келіншектің көзінен үзіліп жатқан тамшыларды көргенде сеспей қаттым . Бұл неге жылайды екен ? Төрт құбыласы түгел қатын ғой . Қыздары шетелде оқып шетелде тұрса . Өзі мынандай үйде тұрса . Не арманы бар сірә . Бірақ адамзат байлыққа тойған ба ? Байлар да жылайды дегені рас екен ғой . Айтқандай біздің аурухананың тұрақты пациентімін деді ғой , демек денсаулықтың бір кемшілігі бар . Мүмкін ұл сүйсем деген арманы бар шығар . Бірақ ондай арманы болса маған неге айтпады ? Әлде мені жас қыз деп ойлады ма екен ? Қысқасы тағы да сол , сұрақ көп бірақ жауап жоқ . Ал менің үйімде тұр деген ұсынысы ол жақсы ұсыныс әрине . Енді өзім оқытамын дегені бәрінен де асып түсті . Мұндай мүмкіндік миллионнан бірге бұйырар . Мүмкін менің де басыма бақ қонғалы тұрған шығар . Не десем екен , қысқасы басым қатты . Бүгінше пәтеріме қайтайыншы ертең көрермін деп орнымнан тұра бергенімде , көзінен жасы төгілген келіншек құшақтай кетті .
- Сіңілім , отыршы . Бүгін біздің үйде қалшы . Таңертең жұмысың болса Сәкеңннің өзі жеткізіп тастар . Тек кете көрмеші деп жалына бастады . Ал енді мына келіншекті қалайша қиып кетейін . Оның үстіне ертең маған демалыс . Пәтерде жатып түске дейін ұйықтағаннан басқа не істеймін . Онан да осы үйде қалмадым ба, деп келісімімді бердім . Осылайша жақында ғана қалаға келген менің өмірім , екі айда жүз сексен градусқа өзгеріп шыға келді ...
( жалғасы бар )