Болған оқиғаның ізімен...
Ғани Әлихан
Сол күні әрі ойланып бері ойланып шақша басым шарадай болды . О баста өз пәтеріме кетіп қалғым - ақ келген , бірақ бәйбішенің сөзін қимадым . Ал анау ақбастың бары жоғы мен үшін бір тиын . Маған қызық боп тұрған мына келіншек . Өзі доктормын дейді . Ал доктор болу ол менің де арманым . Сосын оқытамын дейді . Ол аздай осы үйде тұра бер дейді . Тіпті аулада тұрған менің көлігіммен жұмысыңа барып кел дейді .
Не деген батпан құйрық , не деген жомарттық бұл деймін . Мұның бір қызығы осының бәрі түстей боп көрінсе де өңімде болып жатқаны . Енді бәрінде ой елегінен өткізіп көрдім . Екі ойлы боп жатып ұйқыға кетіппін . Оянып кетсем таң атуға аз қалыпты . Қаншама қонақжай дегенмен де кісінің үйінде жата бергім келмеді . Орынмнан тұрып терезеден далаға көз жүгірттім . Анадайда алып қаланың зәулім үйлері мен мұндалап тұр . Ал аулада күйбегендеп жүрген ол кешегі ақбастың өзі . Үй бұрышындағы кішігірім спорттық алаңда асыр салып ойқастап жүр . Міне қызық . Жасы қырықтан асып кетседе денесі тығыз , қозғалысы ширақ екен . Бұйдаланған бұлшық еттері шиырылып нағыз орда бұзар еркектің тап өзі . Тек екі самайын жапқан ақ шашы бар демесеңіз дене бітімі өте мығым . Бірақ мен мұның несін айтып отырмын , бұл адамнан маған келер пайда барма .Тіпті бұл адам жайлы тап қазір ойлағым да келмейді . Кенеттен сол жағымнан жеткен « Қайырлы таң !» сіңілім деген сөз ойымды бөліп жіберіп жалт қарадым . Мынау менің кешегі әпкетайым ғой . Жақындап кеп қапсыра құшақтап шашымнан иіскеп жатыр . Апырай деймін . Бұл неткен мейірімді жан дерсің . Сондай - ақ ақбас айтқандай сұлудың да сұлу өзі .
Күлімдеген көздері қиылып , басына тартқан орамалдан қап - қара қолаң шашы төгіліп тұр . Тап мына келіншекті қырықтан кеткен дегенге сенудің өзі қиын . Өйткені киген киімін , сөйлеген сөзін , жүріс тұрысын көргенде Хан сарайындағы Ханшайым ба дерсің . Тек сылбыр басып жәй қозғалғаны болмаса , сырт көзге оғаштау ештеңе байқалмайды . Оныда жоғарғы қабаттағы баспалдақтан сырғып түскенде аңғарғанмын . Тіпті де жәй қозғалады екен . Демек денсаулықтың бір сыры бар болса керек . Оның үстіне үй ішінде жүрседе басынан орамалын тастамайды . Не болса да мұның жауабын өзі айта жатар , қазірше жүре тұрайын деп үстел басына отырып таңғы асты бірге іштік . Міне сонан соң кәдімгі ас бөлменің тіршілігі басталды . Мен де қолымнан келгенше көмектесіп бақтым . Ал әпкетайым сылаңдаған бай қатын болса да үй тірлігіне өте мықты екен . Әңгімесін айтып жүріп тынатын түрі жоқ . Сөйтіп жүргенде қолына бір уыс гәзет журнал ұстаған ақбас келіп үстелге отырды .
- Сіңлім , Сәкеңе шәй құйып берші дейді . Енді мұнысы біртүрлі ыңғайсыз екен . Қатыны қасында тұрып мен шәй құйып беруім керекпе сонда ? Бірақ не дейін , жоқ дей алмадым . Сүт қосылған шәйді құйып ақбастың алдына қойдым . Сол аралықта әпкетайым да келіп үстелге жайғасып үлгірді . Сонымен үшеу ара әңгімеміз басталды .
- Дәрілеріңді іштің бе жаным ?- дейді ақбас бәйбішеге қарап . Басын жәй ғана изеген бәйбіше ,сөзді бұрып әкетті .
- Сәке , күн суытып келеді . Сіңлімнің жұмысы алыс қой , менің көлігімнің кілтін беріңіз , барып кеп жүрсін -дейді -әй - шәй жоқ . Мына сөзге қорқып кеттім . Өйткені ол кезде мен көлік жүргізу түгі көліктің түр - түсін білмейтін кезім . Тіпті қалай от алдыруды да білмейді екенмін . Үзілді - кесілді бас тарттым . Бірақ менің қарсы шыққаным түкте шешкен жоқ .
- Үйреніп кетесің сіңлім . Өзім жүргізіп үйретемін деген әпкетайым қарсылығыма қарамай көлік сыйлады . Осылайша менің басыма бір күннің ішінде бақ қонды . Қысқасы осы отбасының бір мүшесіне айналып шыға келдім . Арадан үш күн өткенде қаладағы жалдамалы пәтерден қала сыртындағы үлкен үйге көшіп өттім . Сонда ғана өз көзіме өзім сене бастадым . Әрине бұл үйге келгенсоң бәрі басқаша болды . Кейде ақбасқа еріп қаладағы дүкендерден азық - түлік алсам , кейде әпкеммен бірге киім алуға баратын болдым . Сөйтіп жүріп көлік жүргізуге деген құштарлығым оянып оныда үйрене бастадым . Міне осылайша кешегі жүрген жәй медбикеден осы қалада жеті дәріханасы бар бизнес - ледиге айналдым . Ал енді мен бұрынғыдай ақбасты жатырқауды қойдым . Тіпті ескі танысымдай емін - еркін сөйлесетін дәрежеге жеттім . Сөйтіп жүргенде жаңа жыл жақындады . Менің мына үйге келгенімеде екі айға жуықтады . Бұл енді бәрі таныс бәрі үйреншікті боп қалған кез . Қысқасы өз жұмысымды білемін . Үй тірлігінің бәріне қараймын . Қалаған ақшамды алып керегімді сатып аламын . Үйге деген азық - түліктіде өзім әкелемін . Көліктіде өзім жүргіземін . Соңында әпкетайыммен ақылдаса келе жұмыстанда шығып үлгірдім . Оқимын да демедім . Ол оқудан өзім бас тарттым . Өйткені сырт көзге оп - оңай көрінгенімен дәріханадағы бизнес ешқайда мойын бұрғызбай қойды . Күніне миллиондаған ақша айналған дәріханалар тынымсыз еңбекті талап етті . Міне осылайша мен , мына отбасының толыққанды мүшесі болып бекідім . Сонымен жаңа жыл келді . Шетелден қыздарым келеді деген әпкетайым құрақ ұшып зыр жүгірді . Араға екі күн салып екінші қызы жетті . Европаның қаржы орталығы боп саналатын Лондоннан жалғыз өзі ұшып келді . Ал үлкен қызы жұмыс бабымен Америкаға кетіпті . Осылайша Эльмира атты қызымен таныстым . Бұл мына Сакеңнің екінші қызы . Мұнысы сол Лондонда жетілдірілген лицейде оқып жүр екен . Бір қызығы бұл қызда адам жатырқауды білмейтін ақкөңіл ақжүрек боп шықты . Әкесіне тартқан ғой дейді әпкетайым . Шыныменде ойында түк жоқ өте жақсы қыз . Өйткені біздің Сәкеңнің өзі сондай адам . Міне ,міне , есіттіңізба ? Бұрынғы мен ақбас деп атап кеткен адам маған Сәкең болғалы қашан . Бірақ ол кімнің Сәкеңі деңіз ? Енді ол біздің Сәкеңе айналды . Өйткені мен осы адамға қатты үйреніп , бауыр басып кеттім . Тіпті жоқ бола қалса іздейтінді шығардым . Көзге көрінбеседе сезім деген сиқырдың бар екені рас екен . Қызғанатынды шығардым . Қызғанғанда да қатты қызғанатынды шығардым . Ал енді кімнен қызғанасың деңіз . Әрине бәйбішеден басқаның бәрінен қызғана бастадым . Тіпті соңғы күндері мені қатты ой басып жүр . Осы біздің Сәкең сонау ақбас боп тұрғанында ту сыртымнан аңдып соңымнан қалмай қойған еді ғой . Тап қазір ол үйде жоқ . Кешеде кешке дейін үйде болмаған . Сонда бұл қайда жүр өзі ? Әлде біреулерді мендей ғып сырттай аңдып жүрген болмасын . Ал шетелден келген қыздың кеткені қашан . Әпкетайымда қызы кеткелі тұйықтанып алған . Тіпті бүгін таңғы асқа да тұрған жоқ . Ол аздай біздің Сәкеңде бәйбішенің бөлмесінен шықпай біраз жүрген . Қап бәлем - ай , қарай тұршы өзің . Сен қазірше ғана біздің Сәкеңсің . Әлі - ақ көре жатармыз . Сен үшін тап мына әпкетайымнан асып түспесем де кем түспеспін . Қазірше үндемей жүре тұрайын . Қысқасы мен осылайша есімнен адасайын дедім . Бірақ осының бәріне мына әпкетайымның өзі кінәлі . Сөзге келсе болды Сәкеңді мақтап мені оған итермелей түсті . Сол міне өз жемісін берді . Өйткені қараңдаршы . Енді келіп өз бөлмесінде ұстап отыр , шығармай отыр . Тап сол кездері осындай сөздерді айтуға қалайша аузым барғанын білмеймін . Әйтеуір бір тылсым күш өн бойымды билеп алды . Енді мен қалай болғандада біздің , өзімнің Сәкең қылуға дайындала бастадым . Өйткені мұндай еркекті ешкіммен бөліскім келмейді . Менікі деген ол тек қана менікі болуы керек . Қысқасы бас аяғы үш айда мен сондай эгойстке айналып қызғаныш деген қызыл итті жетектеп жүрдім . Ал әпкетайымның болса соңғы күндері сыңсуы көбейе бастады . Әрине мұның бәрі мен үшін емес , денсаулығының нашарлағаны болды . Бұрынғыдай бөлмесінен көп шыға бермейді . Мені көргенде ғана еріксіз жымияды . Бірақ жүзі солғын тартып көз жанары кәдімгідей сөніп бара жатты . Соңғы күндері мен мұны аңғарып жүрмін . Менен қанша жасырып баққанымен құдайдан қалай жасырсын . Көз алдымда күн санап төмендей берді . Бір күні түскі асқа енді бас қойғаным сол еді үйге асыға жеткен Сәкең зып беріп өз бөлмесіне жетті . Соңынан іле шала ақ халатты доктор кірді . Мынандайды көргенде қалайша ас батсын , мен де орнымнан тұрып асхандан шықтым . Сонан соң Сәкеңнің қол бұлғағанын көріп сол бөлмеге жетіп бардым . Құдай сақтасын ! Әпкетайымның тас төбесі кәдімгідей үңірейіп тұр . Мына сұмдықты көргенде шошып түстім . Тұла бойым мұздап , денем түршігіп кетті . Мұздамай қайтейін , тас төбесі бас сүйексіз миы көрініп тұр . Ал әлгі доктор болса сол басқа ем - домын жасап жатыр . Мұны көргенде көзімнен ытқып жас төгіліп кетті . Шыдай алмай сырт айналдым . Содан өз бөлмеме кеп жылап жатқаннан басқа амалым қалмады . Алла өзің жар бола көр ! Ешкімдіде өлімге қимайды екенсің . Бірақ сұм ажалдың құрығынан құтылған кім бар дейсің ? Басқа салғанды көз көрер деген , әпкетайымныңда дәм - тұзы көтерілгелі тұрғаны ғой . Тап осы сәт Хан тағындай тұғырдан ұшып тар табытқа түскелі жатқан сияқты . Мен бейбақ басынан тастамайтын орамалдың астында мынандай сұмдық жатқанын сонда ғана түсіндім ...