Болған оқиғаның ізімен...
Ғани Әлихан
Анамның көңіл күйі болмағанын түсінемін , өйткені көкейінде маған деген күдікпен қауіп бар . Қалай болғанда да ол да ана ғой, менің киген киімдеріммен қол сөмкемді іштей есептеп шыққаны анық . Себебі бас аяғын қосқанда үш жүздің үстінде , сондай - ақ қалтамда жүз мыңдай ақша тағы бар . Бұл дегенің осыдан он бес жыл бұрын үлкен ақша ғой . Міне анамның маған үрпие қарағанының себебі де осы .
Алайда ол менің анам болғандықтан мені жамандыққа қимай жақ ашпады . Сол үшін анаммен осы жайлы ашып сөйлесудің сәті түспей қойды . Ал ол кезде біздің ауылға ұялы байланыс деген енді келіп жатқан,тіпті қалталы телефон дегенді біреу білсе біреу білмейтін кез .
Бауырларым болса ондайдан мүлдем бейхабар . Сонымен не керек жүгіре жортып әкемнің асына дайындықты бастап жібердік .Амандық болғанда осы жыл елуді еңсеріп отыратын кезі еді .Ойда жоқта сұм ажал кеп арамыздан алды да кетті . Тағдырдың салғанына шараң барма ,төрт жетіммен бір жесір соңынан шулап қала бердік .Міне сонан бері үш жыл өтті , анамның жағдайы күннен- күнге қиындап үй тозып , күй кетіпті . Жалғыз ана қай біріне жеткізсін , үш бауырымның оқуы , ішіп жейтіні ,киімі дегендей бәрі де осы анамның мойнында болған .Ал мен жағдайым болса да анама қомақты ақша салуға батылым жетпей біраз қиналғаным бар . Өйткені әпкетайым жоқ демесе де өз киімімнен өзіме жаратқан ақшадан соң үйге ақша сала алмағанмын . Мүмкін мұныма біреулер таң қалар ,бірақ ондай ортаға түскенде солардың ойындағыдай киініп жүру бұл заңдылық .Енді айта кетейін тіпті мынандай да қызықтар болады . Сен алған киім супермаркетте елу мың тұрса да жай ғана дүкенде отыз мың тұруы мүмкін .Бірақ сен қымбат дүкеннен сол елу мыңдықты алып киінуің шарт . Бұл негізі біздің елдегі байлар арасында жазылмаған заңдардың бірі . Өйткені сенің статусың өзгелерден бөлек екенін дәлелдеуің керек . Сондай- ақ ескі - құсқы киіммен жүріп, Сәкеңдей азаматтан айрылып қалудан тағыда қорыққаным бар . Міне соның сәтін кеше салып барымды тағынып ,арқаланып ауылға жеткенім осы . Енді маған соның бәрін анама түсіндіру ғана қалды . Ал анамның ойлап жүргені де осы , міне реті келіп батпан құйрықтың бетін ашатын кез жетіп тұр .
- Мама екеуміз ғана отырып сөйлессек бола ма , сізбен ақылдасайын деп едім деген сөзімді естігенде мамам онан сайын шошып түсті . Тап сол сәт менен не күткенін білмеймін әйтеуір әжім басқан екі беті қызарып , қабағы түйіліп кетті . Ал мен болсам басын бастадым ғой , соңына дейін жеткізейін деген оймен онан әрі сөйлеп кеттім .
- Мама , қаладан бір әпкетай тауып алдым . Өздері өте бай тұрады .Жұмысымды тастап соның үйіне көшіп өттім . Қазір сол әпкеммен бірге тұрамын . Қалада бизнесі бар , сол бизнесіне қараймын .Сосын екі қызы бар . Бірақ екеуі де шет елде тұрады . Өздері өте кеткен бай болса да өте ақкөңіл мейірімді жандар . Мына қымбат киімдермен мына ақша менің сол еңбегімнің жемісі . Бұл ешқандайда арамнан келген ақша емес мама дей бергенімде көзіне жас үйірілген анам мені құшақтап алды .
- Ақылды қызым менің - дейді . Өзіме тартқан ғой өзіме . Еңбек етсең жемісін жейсің- деген ғой . Көңілімде кірбің болғаны рас қызым . Ақымақ басым - ай . Кешіре гөрші анаңды- дейді екі бетімнен кезек - кезек сүйіп .
Қайтейін осыдан соң анамның құшағына тығылғаннан басқа амалым қалмады .Бірақ мен өз сөзімді соңына дейін айтып болғаным жоқ қой , темірді қызғанда бас деген онан әрі сөйлей бастадым . Өйткені сәті түсіп тұр .
- Мама ,мам - деймін - құшағына онан әрі тығылып . Мам сізге айтайын деген басқа да бір сырым бар еді . Егер сіз маған ұрыспасаңыз айтайын- дедім көзіне қарап . Мұндай сөзді күтпеген анам сасқалақтап қалды .
- Аа , айта ғой қызым не еді , айтқың келгенді жасырмай айта бер . Кел отыр қане деп сол бөлмедегі диванға жайғаса кетті . Осылайша маған мүмкіндік туып бастан аяқ бәрін айтып шықтым . Тіпті сол еркек маған ұнайды – деп те айтып салдым . Ал көзіне жас үйірілген анам болса отырып алып тыңдай берді . Көп созғаным жоқ бәрінде баяндап бердім . Сонда ғана ауыр күрсінген анам тіл ашты .
- Қызым , қызымка - дейді . Нағашы атаңды естігенсің ғой . Яғни менің әкемнің әкесін . Сол кісі үш әйел алған . Бірақ ол сонау сұрапыл соғыстан кейінгі жылдар алған . Өйткені еркек кіндік жетіспей , сол үшін алған . Міне сол екінші тоқалдан менің әкем туған . Онан мен туғанмын . Ал енді сен жассың қызым . Оның үстіне екінші боп тиетіндей басыңа күн туған жоқ . Көңіліңе алмағайсың , менің түсінуімше сен ол еркектің өзін емес ақшасын ұнатқан сияқтысың . Егер ақша үшін болса онда сен осы жерден бәрін қойып өз теңіңді ізде . Ал егер өзін ұнатқан болсаң онда саған жол ашық . Бірақ мен сол әпкетайыңды өз көзіммен көрмей саған рұқсат бере алмаймын .Егер бәйбішенің сөзі рас болса онда ол өзі неғып сенімен еріп келмейді . Меніңше бұл жерде бір шикілік бар сияқты дейді . Негізі анам ойлағандай ешқандай да шикілік жоқ еді . Бәйбішенің келе алмайтыны өзіме аян , денсаулығы жоқ . Қымбат дәрілермен , қымбат үйде әупірімдеп қана аман жүр . Оны мамам қайдан білсін . айтып түсіндірдім . Тіпті әкемнің асын өтіріп құран бағыштап болған соң өзара екеуін сөйлестіретін боп шештім . Анам ғой енді , бір жағынан таң қалып жатса, бір жағынан қорқақтап отырып келісімін берді . Міне,мен осылайша анамның алдын да өз басымды ашып алдым . Енді маған ешқандай кедергі жоқ . Тек Сәкеңді құрықтасам болғаны .Алайда осы келгенде менің ойым жүзегеаспады . Ауылда апта жүрсем деген ойым қаладан келген хабардан күрт өзгерді .
Әпкетайым тағыда ауырып қалалық емхананың жансақтау бөліміне түсіпті . Осыны тілге тиек етіп анамның ақ батасын алып кері шығып қалаға жеттім . Енді маған бұрын жұмақтай көрінген үй тозақтан көрінді . Шетелдегі екі қыз келіпті . Кіші қыздың жайы белгілі , таныспыз ғой , мені құшақтап көзінің жасын сығымдап алды . Ал енді үлкен қыздан құдай сақтасын . Ойлағаным ойдан анық шықты . Аузы басы кезеріп , көзінен от шашқан біреу .Кірпік қақпайтын қатыгез екені көрініп тұр . Егерде осы қыздың көңілін таппасам онда маған Сәкеңнен келер пайда жоқ . Оның үстіне мен әлі Сәкеңнің құшағында болмағам , тоқал деген атқа да ілініп үлгірмегенмін . Бұл тек қана бәйбішенің арманы еді . Енді маған сол бәйбішенің аман - есен арамызға оралуын тілегеннен басқа амалым қалмады . Олай дейтінім пендеміз ғой , кей - кейде осы бәйбішеден ертерек құтылсам деген арам ойға берілгенім де рас . Қалай болғанда да құдайдың өзі кешірсін , адам дегеннің миына нелер келіп кетпейді дейсің . Сондағым бәйбіше олай - бұлай боп кетсе , мына еркек маған көзін сүзермеді деген ойым ғой . Құрығанда мына сорлы маңыма жоламай қойды емес пе ? Еркек аттан садаға кеткір төрт ай бойы тұла бойымды бір түртпеді ғой , қайтейін . Сонымен не керек ертесіне мен күткен хабар да жетті . Құдай сақтап бәйбіше жан сақтау бөлімінен палатаға ауысты . Беті бері қарап үш күннен соң үйге де жетті . Мұны естігенде бәріміз қуана кеттік . Сонымен аман - сау келген бәйбішенің қасында бір күнғана болған үлкен қыз жорыққа кетті .Осындағы достарымен бүгін Бурабайға кетсе екі күннен соңғана төбе көрсетті . Бірақ анасының қасына бір күн қонып ертесі Көк - төбе деп тағы да қаңғып кетті . Ал кіші қыз достарымен үйден шықпады .Тең - теңімен тезек қабымен деген осы екен , үй ауласына небір қымбат көліктер сыймай кетті . Бәрі де осы қаладағы мен деген байлардың ұл - қыздары . Осылайша бәйбіше бұрынғы қалпына келді . Сонан соң менің анаммен сөйлесіп , үйдегілердің бәрін жинап істі тездетуге кірісті . Шынымды айтсам үлкен қызы Индирадан қауіп күткенім рас еді . Алайда ол қыз да менен кет әрі болмай әкесін құттықтап жатты . Бір қызығы осының бәрі бас аяғы бір аптада бітті . Ауылдан нағашы әпкесімен келінін ертіп анам жетті . Осы қаладан Сәкеңнің бірге оқыған досымен алыстау бір туысқаны келді . Сосын бірлі жарым көрші қолаң болды . Осылайша бары жоғы он бес адаммен менің некем қиылды . Міне мен өз арманыма осылайша қол жеткіздім . Қуанышымда шек болмай , төбем көкке жетті . Мұны ешкімненде жасыра алмадым . Ақ батасын берген анам ауылға тартты . Құрбы - құрдастарым қоңырау соғып анық қанығын сұрап жатты . Тіпті Сабира өте бай кәрі шалға тұрмысқа шығыпты деп ауыл шулап жатты . Енді біреулері тоқал боп тиіп алыпты деп күңкілдеп жатты . Осылайша біреуге күлкі біреуге түрткі болған күндерім басталды . Алайда мен шын сүйген Сәкенімнен қайран болмады . Сарғая күтіп жатсамда келіп сағынышымды баспады . Құшағына тартып құмарымды қандырмады . Қу басым сонда ғана бұл сорлының бәйбішенің сөзін жерге тастамай амалсыздан көнгенін түсіндім . Енді маған мына кең үй тар қапасқа айналды . Өйткені әлі де қуанышымнан қорқынышым басым болды . Көкейімді мына адамға қажетім жоқ екен -ау деген күдік ұялап алды . Бар арманым қалай болғанда да осы үйде тұрып бала туып , осыншама байлыққа ие болсам деген ой болды . Бірақ алдым да қайдан , кімнен , қалайша деген сұрақтар тұрды . Әсте ол мүмкін емес еді . Ол үшін тым болмаса Сәкеңнің құшағында бір түн болуым керек еді . Қысқасы осымен менен шыдам бітті . Өйткені неке қидырғанымызға апта өтседе мына еркексымақтан қайран болмай санам - сан жаққа жүгірді . Соңында бар мұңымды бәйбішеге шаққаннан басқа амалым қалмады . Өйткені болары болып бояуы сіңіп шегінерге жол қалмаған еді ...
( жалғасы бар )