Болған оқиғаның ізімен...
Ғани Әлихан
Сәкеңнің үндемей жүргенін түсінемін , бірақ жұрттың еркектері жалмаңдап тұрған соң қайтейін . Өйткені соңғы айларда еркек біткеннен аяқ алып жүруден қалдым . Қайда барсам да қайда отырсамда сол бір сұрақ . Қарындас таныссақ болама , қарындас сұлу екенсіз , қарындас нмер беріңізші тағы да сол сияқты сөздер . Тіпті енді біреулері аңдысып бітті . Еркек дегенде ес болмайды дегені рас екен . Қымбат көлікпен қымбат киім киген қызға еркек атаулы да өш болатынын енді ғана түсінгендеймін .
Сорлылар осындай бай қатыным болса,жатып жесем деп ойласа керек . Бірақ осыншама байлықтың кілті қазірше менің қолымда емес екенін қайдан білсін . Ал менің көздегенім қалайда осы кілтті өз қолыма алу . Ол үшін мына Сәкеңнің аяғына тұсау байлап мойнына құрығымды салуым керек . Міне бұл менің бірінші ойлағаным болса , екінші және үшінші ойлағаным да бар . Біз қазақта бұрыннан қызды алып қашу деген де бар , ол да бір себеп . Ойда жоқта бір тентек тақымға басып өңгеріп кетсе қайтпекпін .
Онан қалды десеңіз , құрбыларымнан да кеш қалғаным бар . Алды бала сүйіп тіпті кейбірінің балалары мектеп табалдырығын аттап жатыр . Бұл негізі арамыз алыс болғанымен ұялы байланыс пайда болғалы күделікті естіп отыратын жайымыз .Міне осының бәрін ойлай келе көктем жетті . Алып қала ақ ішігін тастап көкке орана бастады . Осылайша менің де үйге барып келсем деген күнім жақындай түсті . Өйткені осы наурыздың басында асқар таудай әкемнен айрылғаныма тура үш жыл толады .
Ауылда қалған екі ініммен бір сіңлім ,анам бар .Оларды көрмегелі міне жарты жыл болған . Сондай ақ туған жерге деген сағынышым тағы бар . Мұны өткенде осы Сәкеңе айтып жеткізгенмін . Сондағым мен кетем десем не дейді екен деп Сәкеңнің де ойын білгім келген .
Бұл кісі не десін қарсы бола қоймаған .Негізі мен кетпейсің , кетпеші деген сөзді естігім келген . Алайда оны айтатын Сәкең бе, мен ондай сөзді күтпегенім де рас . Сол үшін ішкі дүниемде өкпе реніш пайда болғаны бар .Ал әпкетайымның жағдайы айтпасам да белгілі . Соңғы кездері тағы да екі - үш рет ауырып алғаны бар .Былайша айтқанда бірде бие, бірде түйе дегендей .Бұл кісіге жаным ашымайды емес , ашиды . Туған апатайымдай боп кеткен осы келіншектің амандығын Алладан сұрап жүргенімде рас .Негізі менің осы үйге келуіме ,тіпті осындай дәрежеге жетуіме осы әпкетайымның тікелей қатысы бар . Өйткені бұл кісі мені ұнатады . Сондықтанда мені өз байына тең көреді .Тек байдан ғана белгі жоқ . Соңғы екі айда тым болмаса қолымнан ұстап көрмепті . Міне бүгін де сол жағдай . Кафеге кіріп түскі ас ішкен соң қаладағы қымбат дүкендерден киім алуға келдік . Сол баяғы әдетіне басып көлікте қалып тағы да жалғыз кірдім . Енді қайтсем екен , қоңырау соғып шақырсам ба екен?Ия осыным жөн болар, шақырып көрейін деп қоңырау соқтым .
- Ау ,Сабираш ! Не болды ?- дейді тұтқаны көтеріп .
- Келіңізші , мына киімді көріп тұрмын , жараса ма жоқпа қарап жіберіңізші ?- дедім .
- Ой, Сабираш ! Өзіңе ұнаса болды ғой ала салшы- дейді .
- Ұнағанда ұнап тұр ғой , бірақ жарасып тұр ма жоқ па , соны білмей тұрмын .Сіз келіп айтсаңызшы -деп қолқа салдым . Мұнымнан өзім ұялып тұрсам
- Мақұл ! Қай қабаттасың келсем келейін- демесі бар ма ? Мына сөзге төбем көкке жетті . Үшінші қабат, үшінші - деп айқайлап жібердім . Осылайша арадан бес минут өткенде мен тұрған бутикте Сәкең көрінді . Сатушы қыздың ойы белгілі ғой оған мына отыз мыңдық киімді сату керек . Ал менің де ойым өзіме белгілі . Мына Сәкеңнің көзіне түсіп сезімін оятуым керек . Енді Сәкеңнің ойы қандай , міне сол жұмбақ .
- Жарасып ақ тұр екен , ала салшы Сабираш - дейді кірген бойдан . Онан мен қалам ба қулыққа басып ананы - мынаны үсті - үстіне сұрап жатырмын . Бойы қандай , етегі ше тым келте емес пе , түсі ғой ұнап тұр - деймін .
- Ой Сабираш ! Саған ұнаса маған ұнағаны ғой , көп ойланбай ала салшы .Болмаса басқасын көр , басқасын ал . Ертең үйіңе барасың .Әп - әдемі боп киініп баруың керек . Өйткені сен бізге келгелі үйіңе барғаның жоқ қой - дейді . Қуанған сыңай танытып мойнынан құшақтай алдым . Менің мұныма сатушы қыз таңырқай қарады .
- Она ваша жена - дейді Сәкеңе қарап . Сәкең не деді деңіз .
- Ия жена -дейді сатушы қызға қарап . Көзі аларып кеткен қыз не десін .
- Демек мынандай жас келіншегіңіз барда сіз өте бақытты адамсыз -дейді Сәкеңе қарап күлімдеп . Ойбай құрсын мына қыз жынды ма? Біреудің байына қарап күлгені несі ? Өзім Сәкеңнің «ия жена»дегеніне төбем көкке жетпей тұрғанда мына қыздың сөзіне ішімді ит тырнап қызғанып кеттім .
Содан ақшасын лақтырдым да шығып кете бардым . Соңымнан Сәкең ілесті . Сол жүріспен отырып көлікке жеттім . Көп кідірмей қала сыртындағы үйге қарай жол тарттық . Қызғаныш деген қызыл ит ішімде тулап жатса да үнсіз келемін . Мұнымды түсінсе керек , Сәкең сөзді өзі бастады .
- Саған не болды Сабираш ?-дейді . Үндемедім . Жауап бермедім . Жаңадан алған көйлегімді құшақтап отыра бердім .
- Айтшы деймін , ойда жоқта не болды саған , көңіл күйің жоқ қой - дейді енді ол басын маған бұрып .
- Мен сізді қызғанамын -деп айтып салдым . Тап осы сөз аузымнан қалай шығып кеткенін өзім де байқамай қалдым . Енді Сәкең үнсіз қалды . Жақ ашып тіл қатпады . Мен де сөйлемедім . Міне осылайша үнсіз отырып үйге жеттік .Аулаға кіргенде әпкетайым қарсы алды .
- Таза ауа жұтайын деп далаға шыққанмын . Көктемгі ауа керемет қой ия - дейді бізге қарап күлімдеп .Оны көре сала жетіп барған Сәкең иығындағы орамалын жауып әлек .
- Жан,үйге кірші . Күн салқын ғой ,суық тиіп қалар- дейді халатының жоғарғы түймелерін қадап жатып .Міне мынаны қарашы енді . Енді не дейсің енді . Жаным деп иығына орамал жауып түймесін қадап өліп барады . Жаңа ғана маған жоламаған еді . Бәйбішені көрді де құрақ ұшты .Қой құрсын , мен бұл жерде қажетсіз екенмін . Осыдан аман - есен ауылға жетсем мына үйге қайтып аяғымды баспаспын .Осы көрген қорлығым да жетер . Еркекпен қатынның арасына түсіп жүрген менде ес жоқ екен .Қап құрғыр – ай ! Мына қатынға сеніп тым жақсы жұмысымнан айрылып қалдым - ау деген өкінішпен асыға басып үйге кірдім .Сол кеште көңілсіз болғаным рас . Содан күйбеңдеп жүріп кешкі асымды іштім де ерте жатып ертесіне бір - ақ тұрдым .
Сонымен тағы шәйға отырғанда әпкетайым сөз бастады . Міне бұл мен асыға күткен сөз еді . Ауылға кетем деп жүргенімді білетін .
- Сәкең өзі апарып келсе , қарсы болмайсың ба?- сіңлім . Өзім де бірге барар ем ,бірақ білесің ғой алыс жолға жарамаймын- дейді .Не дерімді білмей қалдым .Мына сөзге Сәкеңде жалт қарады .Сонансоң әпкетайым сөзін қайта бастады . Бірақ бұл сөз енді маған емес Сәкеңе бағытталып жатты .
- Сәке!- дейді . Осы күнге дейін алдыңды кесіп өтпедім . Жалғыз қарт анаңды сыйлап , отыңнан кіріп суыңнан шықтым . Менің тарихымды білесің . Өзіңнен басқа тірегім жоқ қу жетіммін . Сондай ақ сенің соңыңда да арқа сүйер ешкімің жоқ . Мына қызды бізге Алла бұйырған шығар . Рұқсат болса басын ашып осы жерде сөйлессек деп едім - дейді . Мына сөзге аң - таңмын .Сәкең де жақ ашпай үнсіз қалды . Ал шәймен бірге бір таблетканы жұтып алған бәйбіше тілге ерік берді .
- Сіңлім жас емессің ғой . Сөз төркінін түсінген шығарсың- дейді . Мына Сәкең екеуміздің екі қызымыздан басқа ешкіміміз жоқ . Оны өзің де білесің . Бірақ қыз деген қонақ , қыз кісінікі жат - жұрттық деген бар . Оның үстіне енді бала табатын менде мүмкіндік жоқ . Көріп жүрсің қырық күн ауру бір күн сау деген адаммын . Бірі - біріңе үйреніскен шығарсыңдар . Сезім деген кештетіп болсада келе береді . Қысқасы болашақта Сәкеңді қор қылмайтын бір әйел керек . Сол әйел өзің болсаң деймін -деп барып тоқтап қалды . Мына сөзге мен не дейін , іштей қуансам да ішімдегіні сыртқа шығармай үнсіз қалдым .Сәкең де жақ ашпады . Әрине мұнысына мен қатты қуандым . Өйткені өткендегідей тұра қашып қарсы шықпады . Үзілді - кесілді бас тартпады . Бірақ мақұл деп те құптамады . Осылайша мен асыға күткен күн жетті . Ол бәйбіше мен тоқал атанатын сәт жақындай түсті . Енді мен тек ауылға барып келсем болды . Әкемнің садақасын жасап , анаммен жеке сөйлессем деймін . Менің де анам өте ақылды жан ғой , қарсы бола қоймас . Ал Сәкеңді ерте барудың қазірше қажеті жоқ . Әкемдей адамды жетелеп кірсем шошып кетер . Оны алдын ала сөйлеспесем болмайды деп ойлап алдым . Және де осы ойымды әпкетайыма жеткізгім келіп үнсіздікті өзім бұздым .
- Мен сізді түсіндім әпкетай . Бірақ мен үйге барып келуім керек . Білесіз ғой үйде анам бар , бауырларым бар . Солармен ақылдасып алайын сонан соң бір жауабын берермін - деп міңгірледім . Менің жауабыма күлімдей қараған әпкетайым жадырап шыға келді . Жүзі жайнап сала берді .
- Әрине сіңлім әрине , сен анаңмен сөйлесіп кел . Бірақ сен ол кісімен солайғып сөйлес , мен сені Сәкеңе әперетін болайын . Өйткені бұл атамыздың салтында бар нәрсе ғой , біз қазақтар емеспіз бе?- деп күліп жіберді . Алайда өз күлкісіне өзі жөтеліп барып шашалып қалды . Ал Сәкең болса шашалған бәйбішені арқадан қағып тұра жүгірді . Міне тап мына көрініс мені тығырыққа қайта тіреді . Маған осындай махаббат иелерінің арасына түсу қажет пе еді ?- деген ой басыма қайта келді . Өйткені қос ғашықтың арасына түсу ол барып тұрған надандық емес пе ? Мен бұл жерде тоқал боларым анық қой . Ал қазіргі заманда сол тоқалға жақсы ат барма өзі ? Меніңше бұл жақсылықтың нышаны емес . Өйткені мен бұларға күң орнында болмақпын . Үй тірлігі , ас дайындау , шәй беру , кір жуу бәрі - бәрі менің жұмысым болмақ . Сондай - ақ екінші қызды көрдім . Онан келер қауіп жоқ дейін . Ал бірінші қызы қандай ? Ол бір отырған тажал болмасына кім кепіл ? Алда - жалда әпкетайым олай - бұлай боп кетсе ше ? Сонан соң қыздар келіп баламды қолымнан алып құйрығымнан бір тепсе ? Олда мүмкін ғой . Сәкең бір жәй жүрген жесір еркек болса екен ол бір жөн . Кімді алса соны алсын өз күнін өзі көрсе болды деп қоя беретін . Бұл деген тегін адам емес . Мына байлықтың бәрі сөз жүзінде бәйбішеде болғанмен қағаз жүзінде Сәкеңде ғой . Міне осыны да ескерген жөн . Сол үшін де мен асықпайын .Тым болмаса бизнестің бір ұшын қолыма алайын деген оймен жауапты үйден келген соң беретін боп шештім . Мұнымды құп көрген бәйбішенің қуанышында шек болмады . Тыста жүрген Сәкеңді мақтаған үстіне мақтап жатыр . Негізі әйел тез қартаяды , жас үлкендігі түк емес- дейді . Сондай - ақ Сәкең өте салмақты сабырлы адам , ішпейді шекпейді- дейді . Осындайғып өз байын тоқалына мақтаған қатынды алғаш рет көруім . Қысқасы осымен менің тағдырым шешілгелі тұрды . Ал арадан екі күн өткенде ауылға тартып кеттім . Сағынып қалыппын , бауырларыммен анамды көргенде бәрін ұмыттым . Бірақ үстіме кигін қымбат киімдермен қалтамдағы ақшаны көргенде анамның күдік алғаны бар . Содан болар көңілсіз күйге түсті . Не ойлағанын білмеймін үрейлене қарай бастады . Шынын айтайын тек анамғана емес ауылда көрген біраз достарымда таңырқап жатты . Өйткені мен байдың бәйбішесі болмасам да тоқалы болуға аз қалып қатты өзгерген едім ...
Жалғасы бар...