Махаббат хикаясы
Ғани Әлихан
Осы келіп кеткен Әскербекпен түйдей құрдаспын . Екеуміздің бір мектепті бір класты оқып бітіргеніміз бар . Жасында қандай еді , жарықтық жалындаған от еді ғой өзі . Тап қазір екі жағы қуарып бұрынғы қою қара шашы сиреп самайын ақ шалған ауыл ағасы .
Қырықтан үш аттап кетседе әліде күш қайраты қайтпаған , сомбал денелі келісті жігіт . Алайда кешегі үйге келгендегі күйін көргенде қолыма қалам алып жігіттіктің тағыда бір күңіренген күйін шерткеннен басқа амалым қалмады . Жоғарыда айтып өткенімдей бұл екеуміз бірге оқыдық .
Біздің сынып тұнып тұрған таланттар иесі болатын . Өйткені біздің сыныпта не домбыра шертпейтін, не баян не гитара ойнамайтын жігіт болмады . Бәрі де өнерпаз бәрі де қағытпа сөздің шеберлері еді . Дегенмен бұл құрдасымның аты ғана Әскербек . Өйткені КСРО құлап алғау - далғау заман басталғанда ержеткен біздің ешкімге керексіз боп қалғанымыз тағы бар .
Сондықтанда әскерге кеткендер қатарына мұның ілінбегені өзі емес, аты ғана Әскербек боп қалуына себепші . Сол кезде мектеп бітіріп оқуға түсе алмаған соң ауылда қаңғып жүре берудің қисыны келмей жұмыс іздеп қалаға аттанған төрт сыныптастың арасында осы Әскербек те бар .
Алып қала Қарағандыға келгеннен кейін , жұмыстан берген общагаға жайғастық . Осылайша тебісіп өскен төрт құрдастың қаладағы өмірі басталды . Қала болған соң тынысы басқа , тіршілігі басқа . Ауылдың таза ауасын қаланың түтінді ауасына ауыстырған біздің де бойымыз үйрене бастады .
Ол заманда бұл қала орекеңдердің қолында болатын . Көшеге шықсаң бірлі жарым қазақты көргенің болмаса басым көпшілігі орыстар еді . Бірақ сол қазағыңның өзі қазақша білмейтін , білседе мүлдем сөйлемейтін . Сонымен не керек общага болған соң қыз қырқын көп бәрі де қала айналасынан жұмысқа келгендер . Жастарыда өзімізбен тетелес ары кетсе бір - екі жас үлкен не кішілігі бар .
Ал енді жоғарыдағы Айко деп отырғаным бұл Айғаным атты сұлу қыз . Өзі Қарағандының Саран деген қаласынан . Тап қазір нақты есімде жоқ Саран болғанда сол қалашыққа жақын ауылдардың бірінен болуы керек . Ол жайлы анық бірдеңе дей алмаймын , өйткені арадан жиырма бес жыл уақыт өтіпті . Шыныменде , өзі өте сұлу ұзын бойлы осы талдырмаш қызды төрт жігіт төртеуміз де қатты ұнаттық . Сонымен сөз салу деген бала махаббат басталды да кетті .
Ол кезде Шолпан апайымнан көңілімнің қалған кезі . Ал онан кейінгі жүрегіме жақын қыз Индира әсем шаһар Алматыға оқуға түсіп онан да күдерім үзілген . Ендігі ойым тек осы Айғаным болып осы қызға есім кете бастағанды . Қалай болғанда да осы қызды құрықтасам деп ойлайтынмын . Кенеттен келесі бір демалыста арамызға осы Әскербек түсті .

- Ғани е ,Ғани - дейді . Ғани екеуміз доспыз ғой ия ?Бір сөз айтсам жоқ демейсің ба айтшы ?- дейді қолындағы гитараны тастай сап . Не дейін , тосыннан тиген сұраққа аңырап қалдым . Бірақ бұл менің досым ғой ,ақша қажет боп тұрмекен деген ойға кеткенім рас .
- Саған жоқ демеймін ғой , айта ғой қане айта бер -дедім . Ойымда түк жоқ , бала кезім ғой . Содан бұл сайрап берді дейсің .
- Мына Айко деген қыз қатты ұнайды . Өзінің жігіті де жоқ екен , сөйлессем деп едім , егерде сен арамызға килікпесең - дейді . Денем мұз тартып басыма мынау не деп тұр деген ой келді . Өйткені осы қыз жайлы төрт сыныптас жақында ғана сөйлесіп , алған алғандікі деген бәтуаға келген болатынбыз . Ал мынау сол бәтуаны бұзып килікпе - дейді . Жағаласпа , араласпа - дейді .
- Сонда қалай алған алғандікі , өз таңдауы болсын деп келіскен едік қой - дедім .
- Жооқ Ғани , сен килікпесең болды . Анау екеуінен келер қорқыныш жоқ . Сен әліде Шолпан апайды сүйесің ғой . Сол Шолпан ауылда жүр екен , мектепте көріпті . Ауылға барғанда сөйлесерсің . Мүмкін араларыңда бәрі жақсы боп кетер деп сайрап кетті . Мына сөзге меніңде басым бұрып көз алдымнан Шолпан апайым шұбалып өте берді . Құрсын , шын сөзімді айтайын . Сол кездерде Шолпан деген сөзді есітсем жүрегім мұздап қалатын . Өйткені мен оны өте қатты сүйетінмін . Ол да кет әрі емес еді . Бәрі бәрі есімде . Тіпті сыныптасым Индирадан қызғанып оңдырмай шымшып алғанын қалай ұмытайын . Шиедей ерніне сүлікше жабысып сүйгендерімді қалай ұмытайын . Мен оның соңғы шапалағына қатты ренжісемде әлі де сүйеді екенмін ғой .
Сол жерде санам сан жаққа тарап Айғанымның орнына көз алдыма Шолпанның сүлбесі келді . Жастығым ба білмеймін әйтеуір әп - сәтте Айғанымдай аруды Әскербек досыма ұстата салдым . Сөйтіп жігіттік сөзімді беріп қолынан алып артыма қарамай кете бардым .
Міне осыдан кейін менің Айғанымға деген сезімім орыстың сары шаш қыздарына ауысты . Әрине орыс қызы қазақ қызындай болмас сонда да жігіт емеспін бе ұнаса болды сөз салып өзімнен -өзім Айғанымнан алыстап кеттім . Бірақ көкейіңде бұл қызға бәрібір үйленбеймін деген түйсік тұрға нсоң , тұрақсыз махаббаттың торына ілініп кетеді екенсің .
Өйткені түптің түбінде атасы басқа орыстың қызына менің үйленбейтінім белгілі . Тіпті мен үйленемін десемде оған анамның қарсы шабатыны тағы бар . Қысқасы менің тағдырым әр қызбен өрбісе , Әскербек досым айлап жүгіріп жүріп Айғаным сұлуға қол жеткізді .
Осылайша қайран он сегіздегі осы жарасымды жұп қошеметке бөленді . Бөленбей қайтсін екеуін көргенде заманауи Жібек қызбен Төлеген дерсің . Өздері сондай жарасымды сондай тәтті жұп . Әсіресе джинсы кигенде Айғанымның фигурасы анау мынау жігітіңді қалпақтай ұшыратын . Қиыла қараған көзін айтсайшы , ақшақардай әппақ жүзін айтсайшы . Ганиша деп тұратын сыңғырлаған үнін айтсайшы . Бірақ амалым жоқ , енді ол басқанікі . Оған мен сөз бергенмін , серт бергенмін . Досымнан аяғанды ит жесін , қызғанбаймын дегенмін . Қызғануға құқымда жоқ .
Мұндай екі ғашықтың арасына түскен бұл өмірде оңбай кетсін . Мен үшін ең бастысы бақытты болса болды дейтінмін . Алайда кезінде бірі - біріне өлердей ғашық болған осы жұптың біреуінің тағдыры маған осы күні белгілі . Ол мына қазір ғана үйімнен кеткен Әскербектің тағдыры . Мұның ақаңнан ұрттаса болды анда - санда кеп іштегі ащы запыранын құсып кететіні бар . Өйткені тап қазір мұның менен жақын жанашыры жоқ . Сондай ақ өткен өмірінің тікелей куәгері де мен боламын . Енді маған айтпағанда кімге айтсын . Аянышты әрине . Бірақ менің қолымнан не келсін . Болары болды досым Алладан үміт үзбе дегеннен басқа не дейін ...
жалғасы бар ...