Ғани Әлихан

Соңғы жылдары ақаңнан асыра сілтеп жүрген Оңтай бүгінгі түнді далада өтірді . Бұл оның жасы елуден кеткенде үйсіз күйсіз жерде жатқан алғашқы түні .

Алайда мұны іздеп келіп кіші тоқал үйге жүр демеді . Бұрында жалбақтап жарығым деп отыратын қайын енеде сап тыйылып жылы сөйлеуді қойған . Өткенде тіпті сен менің қызымның теңі емессің дегенді де бетіне басып айтқан . Ал ауылда тұратын жалғыз бауыры Оралханмен басында байлығы барда араздасып үлгірген . Негізі мұның сол Оралханмен әкесі бір шешесі бөлек .

Міне сол шеше бөлек деген сөз ол сенің қаның бір болғанымен сәнің бөлек деген сөз . Әкесі марқұм қырыққа келгенде бәйбішесі қайтып екінші әйел алғаны бар. Оралхан міне содан туған бала . Бірақ ержетіп есі кіріп қалғанда өгей шешесінің дегеніне көнбей қасарысып баққан Оңтайға ол да кек ұстаған . Сөйтіп жастайынан өзара араздасып өсті . Әрине бұл осы екеуінің әкесі Ералханның кемшілі .

Айналдырған екі ұлдың басын қоса алмады . Осылайша кейінгінің құрдымында кетті . Ал оны көрген Оңтай әкесінеде өшігіп алды . Бірақ осы ұлым өкпесін бассын деп марқұм атамыз совхоздан бұйырғанның бәрін Оңтайдың алдына салып бергені бар . Енді бұған өгей шеше қарсы . Өйткені менен туған ұлыңа не бересің дегенде , бұл әлі жас қой ержеткенде екеуіне өз қолыммен теңдей бөліп беремін , қазірше кедергі болмай қоя тұр деген . Алайда теңдей бөліп беруге ғұмыр құрғыр жетпеді . Ол кісі ойда жоқта ауырып бас аяғы апта жатып арғы дүниеге аттанып кете барды .

Міне осыдан соң өгей шеше Оңтайдан олжа сұрады . Бірақ төрт - бес жылда мал басын мыңға жеткізіп мыңғырған Оңтайдың көмейі тарылған боп шықты . Қысқасы мұның бәрін өз қолыммен жасадым , өз еңбегім , саған түк те жоқ деп Оралханға бөліп бергісі келмеді . Міне осы араздықтың соңы екі бауыр бірін - бірі көрместей боп қақ айрылып тынды .

Сонан болар Оңтайдың үйсіз күйсіз қалғанын естігенде Оралханның табалағаны бар . Тіпті өзіне де сол керек деп отызға жетпей өзімшілдік жасап қуанғанын қайтерсің . Ал соңғы тірегі болған бәйбішені басқа тепкеннен кейін Оңтайдың жақыны да жанашыры да қалмады . Алайда ортаншыдан туған екі қыз бар-ау бірақ олар әкем деп зарлағанмен қолдарынан келер қайран жоқ . Өйткені ортаншының өзінің ордабұзар еркегі бар . Ал бәйбішеден туған үлкен қыздың үй - жайы бөлек . Бірақ шешесінің үстіне бір емес екі бірдей қатын алып , сен ұл тумадың деп шешесін талай соққыға жыққанын көрген қыздың мұндай безбүйрек әкеге қалайғана жүрегі жылысын .

Демек үш қызданда қайран жоқ . Ендігі қалған үміт тек қана балпылдап жүгірген мына бала Абылайда ғана . Алайда соңғы жарты жылда арақтан айықпаған адамды бұлда жатырқай бастаған . Әрине екі жасқа толған баланың мұнысына кіші тоқал қуанбаса өкінер жайы жоқ . Өйткені Оңтайдың соңғы тірегі болған жер қағазын шешіп алғалы соншама уақыт болды . Міне содан бері Оңтайдан қадір кетті . Тіпті магазин астынан бір бөлме дайындап төсегін алыс салып сонда көшірген .

Мұнысы енді , біріншіден Оңтайды Абылайдан аулақ ұстау болса , екіншіден өзі отыздан үш төбе кеше кетті . Болашақта өз теңін табуды ойластырғаны еді . Демек Оңтай сорлының күні таяды . Осылайша ессіз еркек елуге жеткенде ешкімге керексіз боп қалды . Баяғы байлығы басынан бұл - бұл ұшты . Енді міне осының бәрін кеш түсінген еркек ақаңнан ұрттап алып әндететінді шығарды . Ал бұл әндетуі магазиндегі саудаға кері әсерін тигізді . Өйткені аудан арасы күңкілдей бастады . Абылай деген Кішімаркетте түнімен жын шақырып әртүрлі дыбыстар шығады десті . Әйтеуір айналаны күбір - күбір өсек басты .

Ал оған шыдамаған қайын ене болашақ күйеу баланы әкеп Оңтайыңды оңдырмай сабатып қуып жіберді . Осылайша бір өлімнен қалған бұл сорлы далада түнеп шыққан еді . Содан есін жиып көзін ашқанда күн тас төбеге көтеріліпті . Ал аузы басына қан қатқан сорлы орнынан тұрып өткен кеткен көлікке қол бұлғай бастады . Ал мұндай мүсәпірге кім тоқтасын ешкімде мойын бұрмады . Содан бар күшін жиып тәнтіректеп жүріп өзі әперген кіші тоқалдың үйіне жетті .

Алайда есік ашып ішке кір деген адам болмады . Тіпті аулада ойнап жүрген бала Абылайда мұны көргенде тұра қашты . Балам , балам деп қанша шақырсада келмей көкжал қайненің артына тығылды . Бел баласы ғой қайтсін тым болмаса соңғы рет құшағына басқысы келді , иіскегісі келді . Тәтті баланы сүйіп тояттағысы келді . Тіпті ақша берем деп алдап шақырып қалтасына қол сүңгітті . Бірақ ақша орнына жарты шыны арақ шықты . Содан отыра салып көмейіне құйып әндете бастады . Бірақ есіктен сығалаған бала бәрібір келмеді . Ал зарлаған дауысқа жүгіріп шыққан қайынене кеп бұл бейбақты басқа тепті .

Кім болса да еркек емес пе бұл да ашуы кеп қолындағы бөтелкемен маңдайға соқты . Осылайша басынан қаны сорғалаған қайын ене ішке қашты . Ал Оңтай бейбақ далаға қашты . Міне осыдан соң ауданда барар жері басар тауы қалмады . Соңында кіші маркет құрылысын жүргізген өзі қатарлы танысының үйіне жетті . Жалынып жүріп жәмән көлігімен ауылына апаруын сұрады . Қысқасы күн бата өзі туған елге жетіп бәйбішенің есігін қақты . Бірақ арғы жақтан түнделетіп жүрген бұл кім әй деген еркек даусын естіді . Әрине мұның дауысын Оңтай бейбақ жазбай таныды . Өйткені бұл бір кездері малшысы болған Көбейдің дауысы еді . Сонда ғана бұл үйдің де есігі өзі үшін мәңгі жабылғанын түсінді . Кеудесін кернеген өкісікке шыдамай шөлмегін шығарып ащы судан тартып жіберді . Содан соң әндетіп алып ауыл сыртына қарай аяңдап бара жатты !

Соңы...