Сонда келіп ашулы кеткен бәйбіше жылға жуық хабарсыз кетті . Әрине ол ғана емес еркек боп Оңтайда хабарласқан жоқ .

Осылайша ойда жоқта бәрі бітті . Ал қолында дымы қалмаған Оңтайдың ортаншыға да керегі шамалы еді . Тек кіндіктен туған екі қыз шыр - пыры шығып ауданға талай келген . Алайда араққа қатты салынған еркек оларды елей қойсын ба , кіші тоқалдың түксиген қабағын көргенде ары кетсе күн жүріп қайтып кетіп отырды .

Бала деген бауыр етің ғой ,тіпті соңғы кездері көшеден көріп көшеден кетіп жүр дейді . Ал өздерімен бірге ала кетуге ортаншы қарсы . Былайша айтқанда екі қыздың шешесі қарсы . Оның үстіне үлкен қызымен ортаншы тоқалдың арасы алшақтай түскені тағы бар . Оған себеп шешесінің шайпау жүрісі анық болғаны . Бірақ бұл жағдай не болса да үлкен қыздың ішінде жүр . Қайтсін енді өз қолын өзі шапсын ба? Ал екінші қыз институтты тәмамдап жұмысқа тұрған . Ары кетсе бес- алты ай дейді, сонан соң бұл да тұрмысқа кетеді . Міне соны ойлап жүгіріп жүрген тек екі қыз ғана . Менің тойымда әкем болмады тым болмаса сенің тойыңда болсын .

Бізді де мына жұрт әкесі бар екен десінші деп шешесіне біраз қолқа салған . Алайда алақанын жайып жүрген алқаш адамның керегі қанша , отбасың бар жөніңе жүр . Онан да кішкентайыңа қарап соның қамын жаса деп шешесі бірнеше рет бетін қайтарған . Міне осы сөзден соң бұл да шешесімен араласуды қойған . Қысқасы тас тиылып қалмасада бару да азайтқан . Өйкені шайпау шеше қызға сын .

Бір күн болмаса бір күні енесінің ерке қылығы күйеу баланың құлағына жетсе не болмақ . Мен өзі қандай қатынның қызын алғанмын "Астафираллах "деп тұра қашса қайтпек . Ондайда үрей жоқ емес өйткені күйеу бала намазхан жігіт . Мынандай қисық жол түгілі тіпті келте кигенге қарсы . Ал бәйбішенің тәрбиесін алған жалғыз қыздың орны бөлек . Мамам жалғыз қалмасын деп үйдегі екі ұлдың үлкенін шешесіне берген . Осында келіп ауыл мектебінде оқып жүр . Бұл қыз өзі о бастан әкесіне қатты өкпелі . Өйткені шешесінің үстіне бір емес екі қатын алған әкені қызы қалай жақсы көрсін . Ортаншыны алғанда он жаста еді қазір міне отыз үшке келді .

Онан бері де қаншама жыл өтті , әкесіне деген өкпесін өшіре алмаған . Сол үшінде әкем бар деп бас қатырмайды . Бар дегенмен не пайда әке боп келіп жалғыз қалған шешенің қасында болмаса . Сол үшінде үлкен ұлды шешесіне ұстатып жіберген . Оғанда міне жыл толды . Осылайша озбыр өмірмен арпалысып бәйбіше жүр . Айтқандай , кезінде өзімен бірге өсекке ілінген Көбейде бұл күні жігіт ағасы болған . Құдайдың қыспағын қарашы өткен айда айықпас дертпен ұзақ ауырған бәйбішесі қайтып ол да қара жамылған .

Қысқасы үш ұлмен жесір қалған Көбей мұның тап қазір тепе - теңі . Өзі шаруа өзі пысық , аңқылдаған ақылды жігіт . Қорадағы мал басын жүзге жеткізген бәйбішеге олда кет әрі болмасы анық . Өйткені көзін ашқалы мал баққан Көбейдей батырға болашақта бір қатын керек . Оған соңына ерген шұбырмасы жоқ Оңтай бәйбішесі құба құп боп тұр . Алайда осыдан төрт бес жыл бұрын өсекке батқан мына ауыл тыныш жатпады . Көбейдің әйелі қайтқан күні ақ бәйбішені апарып оған қоса салды . Екеуін көк көрпенің астына салып өздері шам ұстап жатты . Тіпті кейбірі ғой көзбен көрдім деп соқты .

Енді бірі екеуінің тірідей куәсі екенін айтты . Тағы бірі Көбейдің әйелін бәйбіше өлтіртті деп шықты . Қысқасы ұрда жық өсек басталды . Ал бұған шыдамаған бәйбіше ауданға тағы бір рет аттанды . Сондағы ойы қаңғып кеткен кезбе күйеуі үйіне еді . Осылаша отбасын қайта құрып жыртысын жамағысы келді . Алайда кіші тоқал қарсы болып Оңтайды жібермей жолға бөгеу болды .

Негізі мұның бір өзіндік құпиясы бар болатын . Өйткені жұмысқа түскен кіші маркет соғылған жер осы Оңтайдың атында еді . Міне кіші тоқалға Оңтайдың керегі осында жатыр . Енді әупірімдеп жүріп сол қағазды алса Оңтайыңды өзі ақ қуып шығады . Қысқасы осы барғанда бәйбіше тағы да құр алақан қайтты . Оның үстіне күдігі күбірге айналып шошыпта қайтты . Себебі соңғы үш жылда Оңтай адам танымастай боп өзгеріпті .

Екі жағы қуарып қаусап самайын ақ шалыпты . Міне осыдан ақ бұл бейбақтың басынан бағы тайғанын аңғарған бәйбішенің үміті үзіліп кетті . Тек жолай жүре екі көзге ерік беріп көл қылды . Көлдетпей қайтсін кіші тоқал елдің өсегін Оңтай сорлының миына құйып тастаған . Сонанда болар міңгірлеп көзіме шөп салдың дегеннен басқа айтары мардымды сөзі болмады . Алайда біреуге қалжың біреуге әзіл . Өсек деген басына түскенге зіл , бәйбіше байғұс құдай алдында да, Оңтай алдында да ақ еді . Бірақ болары болды бояуы сіңді . Мұндай ұсақ түйекке енді көңіл бөлудің қажеті жоқ деп шешті . Бәрінен бұрын қартайғанда қасында болар керек жанды ойлады . Содан қорадағы малды көбейтті . Ауылдағы үлкен үйін күрделі жөндеуден өтірді . Жас балалардан екі малшыны қайта жалдады . Үйіндегі қыз ұлын жұмысқа баулыды . Осылайша көзді тарс жұмып жүріп өзінен кет әрі емес Көбейді күтті .

Жалғасы бар...