Желмен жағаласа жеткен тұяқ дүбірін естігенде бәйбішені тағы да үрей басты . Апырай бұл тірлігім қалай болғаны мені бір албасты басқалы тұр ғой дейді ішінен . Алайда қызыл виноның буы бар оның үстіне Оңтайға деген кек бойын кернеп барады .
Көзін жұма салып Көбейдің құшағына құлай салғысы келеді . Бірақ тұяқ дыбысы жақындай түскенде ес жиып бәрінде ой елегенінен өтіріп алды . Қайтейін Оңтай менің өзім қалап тиген байым ғой , көзіне шөп салғаным жарамас деп барып бір ақ тоқтады .
Содан есік алдына ұрлана жеткен Көбейді босағандан аттап бастырмады . Есесіне қора жақты тағы да бір шолып шығуын боранды күн қасқыр шабу қаупі жоғары екенін тапсырып есікті тарс жапты . Қысқасы байға қанша кектенседе бәйбіше арын төкпеді . Соңында буынына түскен виномен масайрап жатып қос анарын сипалап ұйқыға кетті . Ал Оңтай сорлыға төрт қабырғасы түгелдей көрінді .
Айға жуық уақыт болды кіші тоқалмен Абылайдан басқаны ойлауды қойды . Әрине кәрі тарланды жас қаншық бұлауына салып зыр жүгіртті . Оңтайдың бұйрығымен ауылдағы малшылар аптада бірнеше мал сатып ауданға жіберіп отырды . Сөйтіп жүргенде жаңа жылда жақындай түсті . Сол жылы өзіде қар қалың түсіп қатты боран басталды . Бірақ Оңтай малшылары қанша қамдансада , аш қасқырлар малға шапты .
Тіпті бір емес бірнеше рет шапты . Әрине мұның бәрін бірдей Оңтайға айтып жатқан олар болмады . Бірін айтса бірін айтпай жасырып , мал басы азая түсті . Мұны білген бәйбіше таңданысын жасыра алмай Оңтайға қоңырау соғып бастан аяқ баяндап жүрді . Ал жас тоқалмен әуреге түскен Оңтайдың мұны ойлайтын шамасы болмады . Себебі түнімен кіші тоқал бұтына тепсе күнімен кесір қайын ене құлағына тепті . Соңында ақылдаса келе мал шаруашылығынан біржолға қол үзіп аудан орталығынан кіші маркет соғуды қолға алды .
Әрине , о баста мұның бәрі Абылайдікі деген шешім шықты . Алайда Абылай қайда болса кішімаркет сонда қаларын сорлы Оңтай білмеді . Осылайша өз басынан өзі бағын тайдырды . Қысқасы жаңа жылға келген ортаншы тоқалмен қыздарын жіберген Оңтай мал басын сатуға кірісті .
Онысы көктем шыға құрылыста бастап жіберсем деген ойы еді . Сөйтіп бұрындары ондап сатылған мал енді жүздеп сатыла бастады . Тіпті бәйбішенің ойлансайшы мұның не деген сөзіне құлақ аспады . Ал түптеп келгенде мұның бәрі кіші тоқалдың жасырын жоспары болса , қайын енеде мұнан кейін қазақ тек саудамен ғана күнін көреді деп қақсады . Міне Оңтай сорлының оңбай қателескен жері осы болды .
Өйткені оларға қарсы тұратын қауқары болмады . Осылайша бәйбішеге бақырғанда бұқадай Оңтай тоқал алдында тілсіз түлкіге айналды . Ал бәрінен бұрын жалғыз ұлы Абылайдан айрылып қаламын деп қорықты . Содан болар кіші тоқал не десе мақұл деп безек қақты . Бірақ мұның бәрін бәйбіше білмеді емес білді . Тіпті бұл жайлы Оңтаймен ашыпта сөйлесіп көрді . Алайда басында миы қалмаған Оңтайға бөгет бола алмады . Өйткені малдан қатты шаршадым , жиырма бес жылдан бері малмен мал боп келеміз . Енді сауда жасаймыз , бұл өте тіиімді бизнес .
Ең бастысы таза жүресің , таза тұрасың деп бет бақтырмады . Қысқасы сол жылы жаз ортасы ауғанда Оңтай сорлының бас аяғы елу шақты қойы , бес - алты сиыры , бес - алты жылқысығана қалды . Тіпті фазенданыңда біразын сатып аудандағы құрылысқа салды . Ал мұның бұл тірлігін біреулер құптаса біреулер боқтап жатты . Қолдан келсе қоныштан басатын қазақ емеспізбе енді бірі ұрлықтан жиналған мал еді тақырға отырғай деп күңкілдеді .
Тіпті халықтың ақысын жеді , ешқашан жібермейді деп сөкті . Осылайша бас аяғы екі жылдың ішінде Оңтай отбасынан береке кетті . Бұл дегенің енді сөз болып па қызықтың көкесі тоқалдан туған үлкен қыз күйеуге кетерде басталды . Қыз жасауы деп қақсаған ортаншы тоқал ауданға жетті . Онан Оңтайды сүйрелеп ауылға әкелді . Ал енді бұған қолда барды бәйбіше берсін бе , екі қатын шаш жұлып бет жыртысты .
Тіпті тойдан қалған виноның сыры айтылды . Кіші кішімін демеді үлкен үлкенмін демеді . Барын жайып салып өз көттерін өздері ашты . Қысқасы екі қатынның өсегі елге жайылды . Содан күншіл көбейді , күңкіл көбейді . Бір күндері бұлда Оңтайдың құлағына жетіп төбесінен жай түскендей күй кешті . Содан ашу шақырып бәйбішенің қорасындағы малдың жартысын сатып ортаншы тоқалға ұстатып өзі қала берді . Тіпті папа тойыма келіңіз деген қызыныңда сөзін тыңдамады .
Осылайша ауылда беті қалмай түбегейлі ауданға ауысты . Бірақ ауданда да жағдайы мәз болмады . Кіші тоқалдың қабағына қарап жалбақтаумен болды . Міне мұның соңы арақпен достасуға әкеп соқтырды . Сөйтіп аудандағы онсызда жоқ абыройды онан сайын жоғалтты .
Бірақ құрылыс аяқталғанымен тауарғада қомақты ақша керек боларын білген кіші тоқал сыр бермей шыдап бақты . Қысқасы әупірімдеп жүріп тағы бір жылды өтірді . Ал Оңтайды күте - күте шаршаған бәйбіше өзі іздеп ауданға келді . Алайда бәйбішенің тәңірі хақ деген сөзіне сенбеген сорлы аузына келгенді айтып шығарып салды . Осылайша болашақта қайта барар жолды өз қолымен тарс жапты . Ал мұндайды күтпеген бәйбішеде безіп кетті . Ауылға кеп қорадағы азын аулақ малға ие боп өз күнін өзі көріп жатты . Бұл кезде аудандағы құрылыста аяқталып қомақты қаржы сұралды . Әрине ақылдаса келе енемен тоқалдың көзі Оңтайдың астындағы су жаңа қымбат көлікке түсті . Қысқасы арадан апта өткенде Оңтай сорлы жол таңдамайтын" Djeep" көлігінен айрылып қара жаяу қалды ...
жалғасы бар...