Хикая
 
- Мен саған олай дегенім жоқ. Сен мені сүймейсің.

- Абай атамыз айтқан" Ғашықтың тілі - тілсіз тіл,
Көзбен көр де ішпен біл."- деп. Сен мені сүйсең менің көздерімнен - ақ сен үшін күйіп - пісіп күн- түн демей жүргенімді түсінер едің.

- Мен үшін? Күлкімді келтірмеші. Сонда мен үшін не істедің? Айтшы кәне.

- Сені мұндай түсінігі таяз деп жеті ұйықтасамда түсіме кірмеп еді.

- Мен емес мына сен мені түсінбейсің. Үнемі түн жарымда келесің. Маған еш уақытың жоқ.

- Сонда мен жұмыс істемей, ешкіммен араласпай тек сенің қасыңда болуым керек пе? Бірде анадан қызғанасың бірде мынадан. Мені тек сен ғана егелік ететін зат емеспін. Адаммын.

- Ия мен сені қызғанамын. Қасымда болғаныңды қалаймын. Өйткені мен сені сүйем. Бұл махаббат.

- Жоқ... Сендегі сезім махаббат емес. Ол дерт. Махаббат дерті.
Сенің сызған сызығыңнан шықпайтын, тек сені ғана көріп өзгенің бәрін бір шетке сыратын, үнемі жаныңнан шықпайтын еркек керек болса шығатын есік қайда екенін білесің...

- Сонда сен маған кет деп тұрсың ба?

- Сенің бітпейтін " Қайдасың? Қайдан келдің? Қайда барасың? Не істедің? "- деген сұрақтарыңнан жалықтым. Мен сенің балаң емеспін. Мен ересек адаммын.

- Солай ма? Керісінше мен саған кетемін деп айтқым келген. Сау бол.

- Кетсең кет. Саған жалынбаймын.

Айнұр түн ортасында такси шақырып сөмкесін жинап вокзалға барды. Артынан сүйген жары іздеп келер деп үміттенді. Бірақ өкінішке орай бірнеше сағат өтседе Қанаттың көлеңкесі көрінер емес. Қоңырау шалар деп телефонына үңілуде, бірақ еш бір қоңырау жоқ. Үмітін үзіп өз үйіне қарай жол тартты. Уақыт түске таясада келіні тұрмаған соң Назым мен Ғазиза алаңдап жандары жай таппай, есікті қағып еш жауап ала - алмаған соң жатын бөлмеге ақырын кірді. Шашылып жатқан киім - кешек, Айнұрдың бос төсегін көргенде абдырап қалды. Ұйықтап жатқан ұлының желкесінен бір ұрып жіберді.

- Әй , бала ! Келін қайда?

- Апа,  ол жоқ. Кетті.

- Кеткені несі? Қайда кетті?

- Үйіне. Мен оған кет дедім.
- Сенің денің сау ма? Мұның не? Тез кәне қоңырау шал. Қайда екенін біл. Дереу үйге алып қайт.
- Жоқ апа ол өзі келмесе мен жалынбаймын. Оның болмашы сұрақтарынан шаршадым.
Айдағанына көнетін мен оның құлы емеспін. Өзі кетті өзі келсін.

- Балам мұның не? Алғашында оғанда қиын екенін түсінсеңші. Үйренісіп кетер еді ғой. Сен үшін сонау алыстан өз үйін тастап осында келген жоқ па?

- Апа егер маған сенсе сұрақтың астына алмай үндемей жылы қабақ пен қарсы алатын еді. Ал сенім жоқ жерде сезім үстемдік ете алмайды.

- Балам...

- Мен оған хабарласпаймын. Сіздерде хабарласушы болмаңыздар. Өзі кетті өзі келсін. Онсыз өмір тоқтап қалмайды.

- Ай қырсығым - ай.

- Бұл мәселені қайта қозғамаңыздар өтініш.

Назым мен Ғазизаның, Айнұрдың жолына қарағаннан басқа шаралары қалмады. Айнұр үйіне жетіп бүкіл мән - жайды жылап отырып анасына баяндап берді. Самалдың (Айнұрдың анасы ) қан қысымы көтеріп бай - баламға салды.

- Сені бір ай бұрын ұзатқанда бұлай қайта келеріңді білмедім ғой. Ай оңбаған неме. Мен оған көрсетермін әлі. Мені кім деп тұр. Үрім бұтағы мен қосып құртып жіберемін. Менімен ойнаған екен.

Қатынының айхайы, қызының көз жасынан мезі болған Айдар ашуға бой алдырды.

- Жетер енді... Доғарыңдар. Шапалақ ешқашан бір қолдан шықпайды. Қуып жіберсе сеніңде кінәң бар болар.

- Әй сен не деп тұрсың?
Осы сенің денің сау ма? Сендей адаммен жиырма бес жылдан бері қалай жүрмін. Таң қаламын.
- Өткенде құда құдағиды өз көзімізбен көрдік емес пе? Дені түзу, ақыл есті кісілер. Олар да біреудің қызын қуып жіберетін ақымақ емес болар?

- Сен араласпай көзіме көрінбеші. Бар жұмысыңды істеші.

Айдар басын бір шайқап, сыртқа шығып кетті. Самал Қанаттың ата - бабасына дейін қарғап болар емес. Түнімен көз ілмеген Айнұр бас ауруды қойдыратын дәрі ішіп, ұйықтап қалды. Кешкі уақыт анасының айхайынан шошып оянып кетті.

- Жұрттың бәрі тамақ ішіп болды. Қайда жүрсің кешігіп? Не бітіріп жүрсің өзі?

-Не бітіргені несі? Жұмыс істеп жүрмін. Ой Алла осы сенің тергеуіңнен шаршап кеттім бар ғой. Менің не бітіріп жүргенімде шаруаң болмасын.
 
Бұл көріністі тамашалап тұрған Айнұр терең ойға батып кетті. Есін жиып тамағынан ас өтпей, қайта төсегіне жатып қалды. Жары іздеп хабарласқан болар деген үмітпен телефонын қосып еді, үміті ақталмады. Оны іздеп хабарласқан бірде бір адам жоқ. Анасы мен әкесінің күндегі ұрыс керісі, Қанатты есіне түсіріп отырды. Өйткені анасын көрген сайын айнадан өзін көргендей болатын. Олда дәл анасы секілді жарын жөнсіз тергейтінін түсінді. Анасы әр тергеген сайын ашуға бұлыққан әкесін көріп оған жаны ашып аяп қалатын. Ер адамды ары- бері жұмсап, жөнсіз жекіру сырт көзге ерсі көрінетінін түсінді. Бір апта салып сөмкесін жинап, жолға дайындалды.

- Қызым.. Не болды қайда барасың?

- Үйіме.

- Кәне бәрін таста. Өздері келіп кешірім сұрап алып кетпегенше ешқайда бармайсың.

- Кетемін апа. Бұл жағдайға кінәлі өзім екенмін. Тек өзім...

- Қалайша?

- Сізге бір сұрақ қояйыншы. Әкем екеуіңіздің араларыңызда махаббат бар ма?

- Қызым ау мұның не?

- Өтінем жауап беріңізші.

- Ия енді кезінде бізде жас болдық. Болды әрине.

- Болды дейсіз бе? Ендеше неге әкеме сенімсіздік танытып тергеп әуресіз? Қанат рас айтқан екен. Мендегі махаббат сезім емес дерт. Махаббат дерті. Және ол дерт маған сізден жұққан екен. Ол мені сүйеді деген сөз ол мендік, ол менің айтқанымды орындауы тиіс, менің дегеніме көнуі керек, менің айтқаныммен жүруі керек дегенді білдірмейтінін енді түсіндім. Шын махаббатта күмән өзімшілдік, менмендік болмайды екен. Егерде өзімшілдік болса онда ол махаббат сезімі емес, махаббат дерті болғаны. Қанаттың мені қуып жібергені дұпыс болған.
 
Әйтпесе бұл дерттен айыға алмай жолдасымды өмір бойы жер қылып өтер екенмін.Әйел билеген шаңырақта береке болмайтынын түсіндім. Бір кезде күйдім-сүйдім дегендердің бір - біріне лақтырар тасы, тағар айыбы неге көбейеді дейсіз? Осы махаббат дертінің кесірінен.

Өзім барып кешірім сұраймын.

Айнұр жолға шығып кетті. Анасы не айтарын білмей есеңгіреп қалды. Ұзақ ойланды. Өзінің өзімшілдігі, өркөкіректігін түсігендей болды.
 
Айнұрдың келерін іштей сезген Қанат оның жолын тосып жүрген болатын. Оны көргенде көздері оттай жанып, ұшқын атты. Жүгіріп барып құшақтап алғысы келгенмен онымен бірге күнде жол қарап жүрген анасынан ұялып ішке кіріп кетті. Айнұр енесіне иіле сәлем салып, мойынынан қатты құшақтап, екі бетінен кезек - кезек шөлпілдете сүйіп алды. Енесі оның өз қатесін түсінгенін бірден ұғып, артық сөз айтпай, маңдайынан сүйіп ақ батасын берді. Үйге кірген бойда дереу киімдерін ауыстырып өз қызметіне кірісіп кетті. Өз ісінен ұялып біраз уақыт көзін төмен қаратып жүрген мен үй іші қолдау көрсетіп, еңсесін қайта көтерді.

Қанаттан өз ісі үшін кешірім сұрап, екі жастың махаббатты қайта лаулап жана бастады. Ешқашан тергеп сұрақ қойып, бұйрық бермейтін болды. Араларындағы түсінбеушілік жойылды. Бақыттары баянды болды. Айнұр тек өзі ғана өзгере қоймай анасында жөнге салып кетті. Айдардың жұмысы берекелі болып табысы ұлғайып үйге береке кірді. Махаббат дерті - бұл сүйген адамыңыз тек сізді ойлауы қажет. Сізге бар уақытын арнауы қажет. Айтқаныңызды бұлжытпай орындауы қажет деген ұғым. Шын сүйген жандар сенікі менікі деп бөлінбейді. Екеуі де бір арманға, мақсатқа талпынады. Ал сіздің бұл дерттің белгілеріне алып қосарыңыз бар ма?
 
Соңы 
"Әсерлі әңгімелер" топтамасынан