Хикая
Өзің барсаң бара бер. Келінді тастап кет.
- Апа бірақ...
- Қанат апамдікі дұрыс . Мен үйде қаламын. Өзің қатарыңнан қалмай барып қайта бер.
- Ақылыңнан айналдым құлыным. Балам өзің барып ертелеу қайт.
Айнұр жолдасының киім кешегін үтіктеп, тазалап киіндіріп, есік алдына дейін шығарып салды. Жас жұбайлар махаббаттан масайып, көздері түйісіп тұрғанда әлде кімнің дауысынан екеуі де селк ете қалды. Естерін жинағанда сыныптас қыз Назеркенің жандарына жақындап қалғанын байқады.
⠀
- Қанат қалың қалай? Бағанадан бері шақырып жатырмын. Тегі еститін емессің. Махаббаттан басың айналып көрсоқыр, керең болып қалғансың ба?
- Кешір байқамаппын. Ия айта бер.
⠀
- Көлігің бос болса мен сенімен бірге барсам болады ма? А , айтқандай Айнұр сен бармайсың ба? Түріңе қарасам бармайтын секілдісің.
- Әрине бос.
- Жоқ мен бармаймын. Өздерің жақсы барып келіңдер!
- Онда ертерек барайық. Сау бол Айнұржан. Қанат үшін алаңдама. Оған өзім бас көз боламын..
⠀
- Не үшін алаңдауым қажет?
- Қыздарға көз салса өзім - ақ екі көзін ойып алармын.
- Жаным саған алаңдаудың, ал Назерке саған маған бас көз болудың қажеті жоқ. Жаным кешікпей келемін. Мені күт. Жүр кәне жолдан қалмайық.
Айнұр жолдасының артынан телміре қарап көңілі ала бұртіп қала берді. Қанша дегенмен бөтен үй, бөтен жер болған соң жолдасынсыз өзін қорасынан адасқан қойдай сезініп, көңілі жай таппады.
Түнгі он екіден асса да оның келер түрі жоқ. Ары - бері бөлменің ішін кезіп, уақыт тоқтап қалғандай сезімде. Түнгі бір, әлі хабар жоқ. Алаңдап ұялы телефонына хабарласқан еді телефоны сөндірулі. Екі болды.. .
Жолға қарай қарай екі көзі төрт болып, сағат үштен асқанда көздерінен жас моншақтары сырғып түсе бастады.
" Кешікпеймін дегені қәне? Таң атқалы жатыр. Ол болса әле келмеді. Жүрген шығар әр қызға бір қырындап"- деп, өкпесі қара қазандай болып отырған Айнұр, көліктің дауысын естіген бойда, өтірік ұйқыдағы адамның кейіпіне еніп төсекке жата кетті. Қанат ақырын ғана бөлмеге кіріп, күні бойы тірліктен шаршаған жұбайын оятып алмау үшін, ақырын ғана төсегіне жайғасып ұйқыға кетті. Әйелінің шын мәнінде ұйықтамағанын ол қайдан білсін.
Түнгі үшке дейін көз ілмей тағатсыздана күткен жолдасының өзіне назар аудармағаны Айнұрдың жанын одан әрі жаралай түсті. Қанат бірден қорылға басқан соң, біраз уақыт оған өкпелеп дыбысын шығармай жылап, жатты.
" Оңбаған... Мен оны күтіп отырсам оның менде шаруасы жоқ. Сені күткен өзіме дауа жоқ "- деп, өзімен өзі бұрқылдап өкпесін баса алмай біраз жылады.Ал оның өкпелегенінен Қанаттың еш хабары жоқ. Таңертең беті көзі ісіп кеткен келінін көріп Назым не болғанын сұрамақ болған, бірақ ыңғайсызданып үлкен келіні Ғазизадан сұрап білуін сұрады. Екі келін қосақтасып түскі ас манты түйіп жатқанда абысыны жайымен жаңа келінді сөзге тартты.
- Айнұржан бір жерің ауырып тұрма? Көзің ісіп кетіпті.
- Жоқ ештеңе емес. Бәрі жақсы.
- Маған қысылмай айта бер. Әлде қайныммен ренжісіп қалдыңдар ма?
- Жоқ жеңге бәрі дұрыс. Алаңдамаңыз.
- Жарайды.. Айтқың келмесе өзің білесің. Бірақ есіңде болсын кез келген уақытта сені тыңдауға дайынмын.
- Рахмет жеңге.
Айнұр күйеуін қызғанғанын женгесіне айта алмады. Күні бойы қабағы ашылмай бұртиып жүрді. Оның жүзіне назар аудармаған жолдасы, оның жылағаннан бет ауызы ісінгенін байқамады. Оның бұл қылығы жас келіннің көңілін одан әрі құлазыта түсті. Күн батып күнде жарқырап тұрған аспандағы айда Айнұр секілді бұртиып бұлттың арасынан көрінер емес. Айнала тас қараңғы. Ауылды жерде жұрт қалың ұйқыға кеш батады. Қаладағыдай клубта емес, әр көше басында ауыл жігіттері бас қосып, біраз шүйіркелесіп тарасады. Достары шақырған соң Қанатта көшеге шығып бір топ достарына қосылып қызу әңгіме өрбіді. Телефоны шырылдап еді, достары күлкі ете бастады.
- Не болды Төлеген Жібегің шақырып жатыр ма? Ақбозат әкеліп берейік пе?
- Қойсаңдаршы жас жұбайларда нелерің бар?
- Қанат" үйлендім "- деп бізді ұмытып кетпейтін шығарсың?
- Жігіттер қойсаңдаршы. Әйелі болған соң іздейді де. Жауап берсеңші алаңдап отырған болар.
Қанат намысқа тырысып" әйеліне есеп беріп жүреді екен "- деген өсекке ілікпеу үшін тұтқаны көтермеді. Қайта - қайта шырылдап, жолдастары келеке ете берген соң телефонын сөндіріп тастауға мәжбүр болды.
Оңбаған кеше де өшіріп қойған еді. Бүгін тағы солай. Телефонын көтере алмайтындай не шаруамен айналысып жатыр екен. Мені сыйламайды. Сыйласа бір ауыз жауап айтар еді. Қайда, кіммен жүр екен? "- деп, бүгін де көз жасын сығып алды. Кеш келген Қанат әйеліне мән жайды түсіндірмек болып түрткілеп еді, Айнұр қырсығып теріс қараған күйі бұрылыпта қараған жоқ.
" Жаным қоңырауыңа жауап бермегенім үшін кешірші. Маған қарашы. Сөйлесші менімен. Қарашы енді"- деп, жалынсада , мүсіндей қатып қалған әйеліне ашуланып, қолын бір сілтеп, теріс қараған күйі ұйқыға кетті. Жолдасы ұйықтаған бойда оның ұялы телефонын алып тексере бастады. Оның үйден шығуына себепкер болған соңғы қоңырау шалған номерге жасырын номер мен қоңырау шалып еді тұтқаны нәзік дауысты әйел адам көтерді.
Үндемей тұтқаны өшіріп, өз құлағына өзі сене алмай аң - таң болып қалды. Әрине ол бұл дауыстың кімге тиесілі екенін бірден ұқты. Бұл дауыс Назеркенің дауысы болатын.Өзгелер сезбеу үшін сыртқа шығып бар дауысымен еңкілдеп біршама уақыт көз жасын көл етті. Жары өзіне опасыздық жасап жүр деген ойлар санасын улап барады. Ұйқысынан оянып кеткен Қанат әйелінің қасында жоқ екенін байқады. Біршама уақыт өтседе келмеген соң алаңдап, сыртқа іздеп шықты. Еңкілдеп жылап отырған әйелін көргенде не болғанын түсіне алмай ұйқысы шайдай ашылып жанына жетіп барды.
⠀
- Жаным не болды? Неге жылайсың? Бәрі жақсы ма?
⠀
- Қанат ,кетші өтініш. Сені көргім келмейді.
⠀
- Мені? Жаным ау мен саған не істедім?
⠀
- Не істедім дейсің бе? Сол сұрақты өзіңе қойып көрші.
⠀
-- Құдайым - ай адам ұқсап түсінтіресің бе? Жоқ па?
⠀
- Сенің істеп жүргенің дұрыс па? Әлде алғашқы махаббатың екеуміздің махаббаттымыздан үстем болып тұрма? Қашан қарасаң сол Назерке...
⠀
- Назерке? Оның мұнда не қатысы бар?
⠀
- Өткенде отырысқа екеуің бірге кетіп таң атқанда бірақ келдің. Телефоның сөндірулі болды. Ерте қайтам деген едің. Сол күні үшке дейін ұйықтамай сені күттім. Бір ауыз хабарласып кеш қайтатыныңды ескертуіңе болар еді ғой. Келдіңде ұйқыға кеттің. Мына байғұс мені күтіп жатыр - ау демедің.
⠀
- Сен ұйықтап жатқан соң , шаршаған боларсың деп оятып алғым келмеді.
-Телефонымның қуаты бітіп қалған болатын. Ол жерде тек Назерке екеуміз ғана емес отыз шақты жігіттер мен келіншектері болды. Мұның не сенің?
⠀
- Жарайды оны қойшы.Жаңа саған біреу қоңырау шалған соң шығып кетіп, түннің жарымында келдің. Саған қоңырау шалған сол Назерке емес пе?
⠀
- Жоқ ол емес.
⠀
- Көрдің бе? Қазірде өтірік айтып тұрсың. Мен сол номерге хабарласқанда қалай Назерке жауап береді? Егерде ол болмаса.
⠀
- Ия Назеркенің телефоны екені рас. Бірақ қоңырау шалған ол емес. Оның туысқан бауыры Олжас. Ол да біздің сыныптасымыз. Өзінде баланс біткен соң Назеркенің телефоны мен хабарласқан болатын.
Қанат әйелінің сенімсіздігі үшін ашуланып, ренжіп үйге кіріп кетті. Бір- екі күн қабақ түйіп жүргенмен араны суытпай, ештеңе болмағандай қайта татуласып күлімдеп жүрді.
Қанат ата - анасының қалауы мен қалаға жұмысқа барудан бас тартып ең жақын достары Алихан мен Ердос үшеуі бірігіп кәсіп ашуға кірісті. Ердостың үйінің алдында бос бастырма бар тұғын. Сол жерге қажетті аппараттарын орналастырып пластик есік терезе өнімдеріне тапсырыс ала бастады. Ол кезде бұл өнімдердің енді ғана сұранысқа ие болып келе жатқан кезі. Тапсырыстары көптігі соншама кейде күн - түн демей жұмыс істеуге тура келетін. Оның үйге келмей қалуы, кеш келуі Айнұрға ұнай қоймасы анық. Арада ұрыс- керіс көбейді.
⠀
- Айнұр жетер енді. Қойшы өтінем. Мен ерігіп жүрген жоқпын ғой.
- Сол Ердостың әйелі болып тиіп алсаңшы оданда.
- Ей сен не айтып тұрсың? Есіңнен алжасайын дедің бе?
- Енді сенікі дұрыс па? Күнде де, түнде де сол үйдесің. Маған мүлдем уақытың жоқ.
- Жаным мұның бәрі біздің болашағымыз үшін емес пе? Ертеңгі күні бұл үйде мәңгі тұрмаймыз. Үй тұрғызуымыз қажет. Өз үйіміз болсын, ертеңгі күні Алла қаласа бала шағаларымыз ешкімнен кем болмасын деп шауып жүрген жоқпын ба?
- Үй, ақша тағы не? Ал махаббат ше? Махаббат болмаса мұның бәрі көк тиын.
- Сен үшін махаббат деген не өзі? Күндіз түні " жаным, күнім, айым "- деп сенің жаныңнан бір елі ажырамауым қажет пе? Сен үшін осы махаббат па?
Жалғасы бар...
"Әсерлі әңгімелер" топтамасынан