Болған оқиға ізімен
Фариза Амагелдіқызы
- Жұлдызай, қалың қалай?
- Апай, сіз бе? Сәлеметсіз бе?
- Байқаймын, күнде ерте келесің. Тым ерте ғой. Әлде үйде ешкім жоқ па?
- Иә... мамам жұмысқа кеткен соң мен де шығамын ғйден. Жалғыз қорқамын.
- Әкең ше?
- Әкем бе? Әкем... ол да жұмыста болады...
- Түсінікті,- деген мұғалімі Жұлдызайдың анасымен сөйлесуді жөн көріп, артық мазасын алмайын деді де орнынан тұрды.
- Айтпақшы, сыныпқа кіріп отырсаң да болады, сынып бос.
- Жарайды,- деген Жұлдызай кітабын сөмкесіне сала бастады. Ұстазы мұғалімдер бөлмесіне кірсе ешкім жоқ, дереу телефонын алып оқушысының анасына хабарласты.
- Сәлеметсіз бе? Мен Жұлдызайдың мұғалімі едім.
- Иә таныдым. Тыныштық па? Айта беріңіз?
- Қолыңыз бос па?
- Жұмыста едім, бірақ айта беріңіз.
- Мен біраз уақыттан бері Жұлдызайды байқап жүрмін. Сабаққа тым ерте келеді. Тіпті таңғы уақытта. Үйде түске дейін ешкім болмайды ма қарайласатын?
- Әкесі болушы еді ғой...
- Сұрасам әкем де жұмыста дейді.
- Жарайды кешке барып сөйлесермін. Ескерткеніңізге рақмет, сау болыңыз!- деп тұтқаны қойды да ойланып қалды. Осы уақытқа дейін қызым жайлы ойланып көрмеппін. Тіпті бөтен біреуді әке еткенімде де. Мүмкін сол кезде қателестім бе екен? Неге қызым соңғы кезде тартыншақ болып кетті? Енді байқағандаймын. Кешке өзімен ашық сөйлесейін. Мазасын алып жүрген не нәрсе екенін білейін деп ойлады. Кешке дейін жұмыста ойынан қызы кетпей қойды. Қолы жұмысқа бармай, уақытты әрең өткізді. Кешке ерте жиналды да, аялдамаға келіп автобус күтпей такси тоқтатып үйіне қайтты. Сол күнделікті өзгермеген өмір. Талтайып диванда теледидар қарап Мейрамбек жатыр. Қызы әле келмепті. Сағатқа қарады. Келетін уақыты енді болыпты. Қазір кеп қалар деп киімін ауыстырып, асханаға барып кешкі астың қамына кірісті. Екі көзі біресе сағатта, біресе есікте. Жарты сағат өтті. Жұлдызайдың қарасы көрінер емес. Бір сағат өтті. Ажардың дегбірі қашайын деді. Мүмкін қосымща сабағы бар ма екен, деп мұғаліміне хабарласты:
- Кеш жарық! Сабақ аяқталды ма? Қызым әлі келмеді. Уайымдап тұрмын.
- Сәлеметсіз бе? Бүгін 4 ғана сабақ бар еді. Екі сағат алдын сабақ аяқталған. Оқушылардың барлығы аялдамада автобус күтіп тұрған еді.
- Жарайды, рақмет!- деп тұтқаны қойды. Енді шынымен алаңдай бастады.
- Мейрамбек! Жұлдызай сабаққа кетерде ештеңе айтпады ма? Әлі келген жоқ, мұғалімі екі сағат алдын сабақ аяқталған дейді.
- Мен қайдан білейін? Күнде мен ұйықтап жатқанда кетеді ғой. Оны тек кешке көріп жүрмін.
- Ештеңе демеген бе едің? Қайдан білейін, енді... ұрысқан жоқсың ба дегенім ғой...
- Кетшей әкең, сенің қызыңнан басқа шаруам жоқ па менің?
- Бұл қыз қайда жүр ендеше?- деп орындыққа сылқ етіп отыра кетті. Осы кезде барып телефоны безек қақты.
- Алло, апа!
- Ажар, қалайсың қызым?
- Жақсымыз. Өздеріңіз қалайсыздар?
- Жақсы, жақсы аманбыз. Бүгін үйге Жұлдызай қызым келіп қуанып жатырмын. Ертең демалыс деп мектептен тіке осында тартыпты. Жол ұзақтау, келген беті осы, ешкімге айтпадым деген соң уайымдамаңдар деп ескерткенім ғой.
- Ой Алла өзіңе шүкір!
- Ау? Не дейсің?
- Ештеңе апа, ия ескерткеніңізге рақмет. Ертең мен де барып қалармын. Ал, жақсы,- деп тұтқаны тастай салды. "Уф" деп терең демалған Ажар енді көңілі орнына түсіп асханасына қайта бұрылды. Кешкі ас үстінде қызының мұғалімімен сөйлескенін айтты. Мейрамбек салқын қабылдады.
- Мүмкін, үйде зерігетін шығар, сол үшін ерте кететін шығар. Қайдан білейін?
- Мүмкін. Дегенмен, ертең өзімен сөйлесіп көрейін... дей бергенде күйеуінің қолынан кесесі түсіп кетті. Қипақтап, сүрткілеп, байыз тауып отыра алмады. Өткендегі ісімді айтып жүрмесін кіп-кішкентай боп алып өсекшіленіп, деп ойлады ішінен. Тамақтанып болды да, жайлы орны теледидардың алдына барып жайғасты. Ертең демалыс болғандықтан Ажар оны-мұны тірліктерін істеп, кір жуып, кеш жатты. Ертеңіне де кештеу оянды. Таңғы астан соң тіке төркінге тартты. Байқаса көптен бері келмепті. Арқа-жарқа болып, бәрі мәз-мейрам. Түс ауа қайтуға жиналды. Жұлдызай кеткісі келмесе де, ертеңгі сабағын ойлап амалсыз, ілби басып заттарын жинады. Кешке үйге келіп сабағын қарап болды да, жарықты сөндіріп ұйқыға кеткелі жатқанда анасы бөлмесіне кірді.
- Қызым, сенімен сөйлесейін деп едім.
- Ертең мама, ертең. Ұйқым кеп тұр,- деді еркелеп.
- Жарайды күнім, жақсы демал,- деп жарықты қайта сөндірді де шығып кетті.
Ертеңіне таңғы ас тағы да әдеттегідей ішілді. Екеуі ғана, анасы мен қызы. Мейрамбек қорылдап ұйықтап жатыр. Ажар шәй ішіп отырып қызын әңгімеге тартты.
- Қызым, сабағың қалай?
- Жақсы.
- Кеше неге ескертпей кетіп қалдың әжеңнің үйіне? Барғың келсе бірге барар едік қой. Үйінен қашқан адамға ұқсап кетіп қалыпсың.
- Мен жәй... әжемді сағынып... сіз бәрібір жұмысым көп деп бармайсыз ғой. Сосын...
- Жарайды, жарайды. Бірақ олай кетуші болма, сені қалай уайымдайтынымды білсең ғой, қызым...
- Жарайды...
- Кеше мұғалімің хабарласты,- дей беріп еді Жұлдызай жеп отырған тамағына түйіліп қалды.
- Ақырын, қызым, ақырын. Мұғалімің сені күнде таңертең келіп алады дейді. Рас па?
- Иә,- деді басын төмен салып.
-Неге ерте барып жүрсің?
-Үлгермей қалам ба деп.
- Мына сөзіңе сену қиын, сабаққа жақын қалғанда 1-2сағат алдын барсаң түсінер едім, бірақ сен таңғы оқушылармен қатар баратын көрінесің. Үйде болғың келмей ме? Неге? Бірдеңеден қорқасың ба?
- Жоқ...
- Онда неге? Қызым, ашылып айтшы күнім.
Үнсіз басын салбыратқан күйі қызы дастарханнан тұрып кетті. Ажар ойланып отырып қалды. Кешке Мейрамбекпен сөйлеспесем болмас деп түйді. Тез-тез киініп жұмысқа шыққалы жатыр. Ол кетсе Жұлдызай да шықпақшы. Бүгінше ерте бара қойсын деп үндемеді. Жұмыста отырып та ойлана берді. Қызым неге үйден қаша береді? Мейрамбектен қорқады дейін десем, онымен бірге тұрып жатқанымызға көп болды ғой. Сол кезде-ақ сезер едім ғой. Меніңше, Мейрамбектің қатысы жоқ. Онда не үшін? Осы секілді сұрақтармен басын қатырып кешті де болғызды. Үйіне асығып келеді. Қайта-қайта сағатына қарағыштайды. Жұлдызацдың клеьін уақыты да болып қалды. Екеуі есік алдында кездесіп, үйге бірге кірді. Бір қызығы, талтайып теледидар алдында жататын Мейрамбек үйде жоқ. Жұлдызай қуанып кетті. Саңқылдап сөйлеп жүріп киімдерін ауыстырды. Кешкі тамаққа анасына көмектесті. Бірақ қуаныштары ұзаққа созыла қоймады. Кешкі асқа енді отыра бергенде араққа сылқия тойып алған Мейрамбек ықылық атып есіктен кіріп келді. Бүкіл өткен өмірі көз алдына лента болып келе қалған Жұлдызай зып етіп бөлмесіне кіріп кетті.
Кішкенай кезінде өзінің әкесінің бейнесі көз алдына келе қалды. Дәл осылай ықылық атып кіріп келуші еді. Төсегіне барып бүркеніп жатып қалды. Екі құлағын екі қолымен басып алды. Тым-тырыс ештеңе естілмейді. Ақырын көрпе астынан басын шығарды. Дәл осы мезетте асхана жақтан темір ыдыстың қатты дауысы шықты. Жан ұшыра жүгіріп барды. Ондағы ойы мамамды ұрды ма деген қорқыныш еді. Қорыққаны келді. Шәй ішетін үстел жанында сұлап жатқан анасы көрді де жанына жүгіріп барды.
- Мама, неге кіргіздің үйге бұл адамды?- деді алғаш рет.
Тәлтіректеп сыртқа шығып бара жатқан Мейрамбек бұл сөзді естімеді де. Анал-қыз екеуі Жұлдызайдың бөлмесінде түнеді. Ажар қызының әлі кішкентай екенін алға тартып, ештеңені ашып айтпады. Бірақ іштей ой елегінен өткізді. Осы Мейрамбекке тұрмысқа шыққалы алғаш рет таяқ жеуі. Бұлай қатты ішіп те келмеп еді. Анда-санда сыралататыны барын біледі, бірақ араққа сылқия тойғанын бірінші рет көрді. Біріншісінен құтылып, екіншісіне тұтылғаным ба сонда деп іштей өзін жегідей жеді. Кім біледі, мүмкін бағана ұрысты өзі бастамағанда Мейрамбек қол көтермейтін бе еді дейді бір ойы. Оның жымысқы әрекетін Ажар қайдан білсін? Бағана Жұлдызай бөлмесіне кеткенде:
- Мейрамбек, Жұлдыз сенен қорқып жүрген сияқты.
- Неменеге қорқады. Мен не жан алғышпын ба? Әлде өгей деген әке бола алмай ма?
- Олай деп отырғаным жоқ. Мен түсінем, басқы түсінеді. Бірақ Жұлдызайдың өткен балалық шағын білесің, әу баста айтқанмын. Қызымды жақын тартып әкелік мейіріңді көрсетсең екен деймін...
- Мен не істеп жүрмін сонда? Өзі қаша берсе қайтейін? Тап бір соны зорлайтындай.
- Не деп отырсың өзің? Ол әлі бала ғой. Ондайды түсінбейбі де. Неге олай дейсің?
- Мен жәй... солай ойлап қашып жүр ме дегенім ғой.
- Есің дұрыс па өзіңнің, қаршадай қыз қалай олай ойлайды? Сен өзің солай ойлап жүрген шығарсың?
- Не деп көкіп отырсың әкеңнің...- деп құлақ шекесінен жуан жұдырығымен салып қалып еді. Мұрттай ұшып түскен Ажар шыңылдап ештеңе естімей қалған құлағын ұстап жата берді. Ары қарай еміс-еміс есінде. Жұлдызай басын сүйеп жатқан.
Түн жарымға дейін осы әңгіме есінен кетпеген Ажар таң ата көзі ілінді.
Бірер-жарым сағат ұйықтап жұмысына қайта тұрды. Жанында қызы тәп-тәтті болып ұйықтап жатыр. Оны оятқысы келмеді. Бірақ тастап кетуге де қорқып тұр. Не істесем екен деген ол таңғы асын да ішпестен көрші келіншекке барып қызын әбден дайындап жұмысына кетті.
Осы оқиғадан кейін біраз күн Ажар секем алып бәрін бақылап жүрді. Бірақ еш бір әбестік байқалмаған соң көңілі орнына түсіп, бұл оқиға ұмытылып бара жатты. Бірақ, Мейрамбектің ішкілікке салынуы тыйылмады. Ажарға қол көтеруі де жиілей бастады. Неге екені белгісіз тек Жұлдызайды көрсе ғана тынши қалады. Мұндай кезде Жұлдызай әжесінің үйіне тайып тұрады. Біресе сол үйде, біресе өз үйінде жүріп уақыт өтіп жатты. Артқа 2-3жылды тастап Жұлдызай бойжетіп келе жатыр. Бір күні әжесінің үйінде жүргенде анасы хабарласып, сағынғанын, үйде біраз күн жүріп кетуін сұрап хабарласты. Күйеуі ауылға кеткен екен. Ажар анасының жалғыз екенін біліп жанына баратын болып жинала бастады. Бұл кезде Жұлдызай 7-сынып оқып жүрген. Анасының үйіне келіп, бой сергітіп, жатып демалды. Ажар жалғыз болғандықтан үй іші де тып-тыныш. Әжесінің үйінде бала-шаға бар, у-шуға үйренген. Біраз күн осында болды. Емін-еркін жүріп-тұрып, тіпті анасына еркелеп те қояды. Бір күні сабақтан келсе анасы жұмыстан келмепті. Душқа түсіп алып кешкі асты дайындай берейін деп сүлгісін алып ванна бөлмеге кірді. Алаңсыз шомылып жатыр еді, бір мезетте сырттан біреу қарап тұрғандай сезініп кетті де есікке жалт қарады. Өз көзіне өзі сене алар емес. Өгей әкесі жартылай қиғаш тұрған есіктен қарап тұр. Дұрыс шайынып үлгермеген бишара қыз есікті тарс жапты да, дереу киіне бастады. Аяқ-қолы қалтырап дір-дір етеді. Миында тек бір ғана сұрақ: Қазір есікті ашып кіріп келсе не істеймін? Жыламсырап, ара-тұра көзінің жасын көпірік қолымен сүртіп қояды. Бірақ ешкім есікті ашпады. Дереу шығып, бөлмесіне өтіп бара жатып көзі шалып қалды. Анасы келген екен. Бәсе неге өгей әкесі тыныш болып қалды деп еді. Бөлмесіне барып, дұрыстап киініп, сырт киімін алды да анасына барды.
- Мам, мен әжем үйіне кеттім.
- Неге құлыным?
- Әжемді сағындым,- деген ол көз қиығымен өгей әкесіне қарап қойды.
Жалғасы бар...