Болған оқиға ізімен
Фариза Амагелдіқызы
Ертеңіне ерте тұрған Ажар біраз сергіп, жақсы демалғанын байқады. Таңғы асты көңілді жүріп дайындап, ішіп алды да, жұмысқа шықты. Аялдамаға дейін ойланып, бүгінге жоспар құрып келеді. Жұмыстан түскі асқа шыққанда базарға барып, одан заттарды үйге апарып үлгеруі керек. Тоңазытқышты толтырып қоймақшы, себебі Жұлдызайы келеді бүгін. Кешке жұмыстан тіке төркініне бет алады. Кешкі астан соң такси жалдап түнде болса да үйіне қайтпақшы. Келген көлікке мінді де, жұмысына кетті.
Жұлдызай осы жылы мектепке бару керек болған, бірақ Ажар бір жыл үйде болсын деп алып қалды. Келесі жылы өзі қолына алып, сол жаққа мектепке беретін болып шешкен. Әжесінің еркесі болып өскен Жұлдызай да мектепке баруға құмартқан жоқ. Келесі жылы осы жақтағы мектепке барамын деп жүргенде анасы хабарласып алып кететінін айтты.
- Неге көңілсізсің қызым,- деп әжесі басынан сипады.
- Ешетеңе...
- Мамаң келеді бүгін, қуансаңшы қайта.
- Иә, келеді. Әкетем деді...
- Қызым, сен үлкен қызсың, ақылың бар. Ол жақта анаң жалғыз өзі ғой. Үйге келіп тұрасың. Алыс емес. Бәріміз бір қаладамыз. Неге сонша көңіліңді түсіресің? Мен де барып тұрамын.
- ...
- Қане, бері қарашы. Сен жылап отырсың ба? - деп әжесі кішкентай Жұлдызайды бауырына басты. Әбден бауыр басып қалған қызға кет деп айтуға аузы бармаса да, тұспалдап жеткізді әйтеуір. Дегенмен, осы қызға іші жылып тұрады. Жақсы көреді.
Түскі асқа шыққан Ажар дереу базарға аттанды. Жүгіре жүріп бар қажеттіні алды да, таксилетіп үйіне әкеліп тастады. Тәттілер мен жемістерді, Жұлдызайға деп қуыршақты да алуды ұмытпады. Жұмысқа кешіктім деп асыға басып шығып кетті. Бүгін ерекше көңілді.
- Ажар, бүгін туған күнің емес пе осы? Алып-ұшып жүрсің ғой,- деп қалжыңдап қояды әріптестері.
- Жоқ, қызым келеді бүгін,- деп күлімсіреді Ажар. Кешті әрең батырған ол сыртқа шықты. Дәл кешегі орындықта, дәл кешегі кісі тағы отыр. Мұны алғашында байқамаған Ажар асыға басып кетіп бара жатыр еді:
- Ажар!- деп тоқтатты Мейрамбек. Жалт бұрылған ол Мейрамбекті көрді де тосылып тұрып қалды.
- Кейін сөйлесейікші, қазір асығыспын!
- Тоқтай тұршы, Ажар!
- Неге мазамды ала бересіз? - деді ашулы жүзбен.
-Ажар, мазаңызды алсам кешірім сұраймын. Бірақ, кеше жап-жақсы сөйлесіп едік қой.
- Ол кеше еді. Таңым бар, қалайша жап-жақсы сөйлескеніме сол кезде.
- Телефонға да жауап бермейсіз...
- Себебі сөйлескім келмеді. Ал, жақсы сау болыңыз!
- Сау болыңыз...
- А, айтпақшы енді хабарласпасаңыз тіптен керемет болушы еді,- деп Мейрамбекті бастан-аяқ бір шолып шықты да, бұрылып кете барды.
- Сонда, мені мазақ етті ме? Кеше күліп, бүгін тырысып. Көрсетем әлі саған мені мазақ еткенді, - деп тістеніп тұрып қалған Мейірбек өз жөнімен кетті.
Төркінге келіп қызын бауырына басып, құмары қанғанша сүйген Ажар Жұлдызайды жібергісі келер емес. Бір қалада тұрса да, қаланың екі шетінде болғандықтан көп келе бермейтін. Сағынып қалыпты. Кешкі астан соң кетуге жиналды.
- Түн ортасы болды ғой қайда барасың?- деді анасы.
- Үйге қайтайық біз апа.
- Ертең демалыс емес пе? Асықпай, қонып кетіңдер. О несі-әй. Келмей жатып кетем деп.
- Апа, ия ертең демалыс. Бірақ үйде демалайын дегем.
- Қой қарағым, бұл үйде демала алмайсың ба сонда, көп сөзді қой!-деді ашулы жүзбен анасы. Әжесінің мына сөздері Жұлдызайға майдай жағып барады. Ең болмаса тағы бір күн әжесінің қойнында ұйықтайтын болды. Амалы құрыған Ажар ақыры төркінде қалды. Жұмыстан шаршағаны соншалық, дереу ұйықтап кетті. Таңға дейін қимылдамай ұйықтаған қызын көрген Сәлима әжей:
- Байғұс қызым, тағдырың қор болды-ау... Бір болмағыр еркектің етегінен ұстап қателестің. Енді жүрісің мынау, жападан-жалғыз. Жалғыз қызыңды ары да, бері де сүйреп... Тағдыр енді сүріндірмесе екен,- деп шашынан сипады. Анасының жылы алақанынан оянып кеткен Ажар күлімсіреп жатыр.
Таңғы асты көңілді отырып ішкен үй іші, дастарханға бата жасалған соң әркім өз шаруасымен кетті.
- Бүгін де осында болыңыздар, қазанға ет саламын,- деді келіні.
- Жоқ жаным, үйге қайтамыз. Ертең жұмыс, дайындалуым керек. Оның үстіне Жұлдызайды да алып кетем. Енді менімен тұрады.
- Неге? Ол бізге үйреніп кеткен, осы жақта жүргені жақсы еді...
- Ия, білем ғой. Бірақ, мен енді жалғыз тұрғым келмейді.
- ... үнсіз қалған келіні сыртқа шығып кетті.
Ажар мен Жұлдызай өз үйлеріне келді.
Қызының заттарын, киім-кешектерін орны-орнына жайғастырып, екеуі отырып шәй ішті. Бүгінгі демалысты пайдаланып, саябаққа бармақшы. Қызына қарап отырып, өткенді ойлады.
- Қызыма көп көңіл бөлуім керек... деді ішінен.
Екеуі шәйден соң жиналып сыртқа шықты. Ауа райы тамаша! Саябақта қыдырып, ыстық кофе ішті. Базарға барып Жұлдызайға киімдер алды. Үйге кешке бір-ақ қайтты.
Бір қала болған соң Ажар қызының мектебін ауыстырмады. Шамалы алыстау болса да, оқи берсін деп шешті. Себебі, бастауыш сынып болғандықтан, оның үстіне мектебі де мықты болғандықтан ауыстыруды жөн санамады. Осылайша қызымен бірге Ажар бақытты күндерін өткізіп жатты. Басқа ештеңе де, ешкім де керек емес деп ойлады. Бірақ баяғы Мейрамбек Ажардың қыр соңынан қалмады. Жұмысқа барса да, аялдамаға келсе де артынан қалмай жүрді. Тіпті, үйін де біліп алды. Күнде алдыңнан шыға берсе де үйреніп кетеді екен адам. Ажарға да бұл үйреншікті жағдай болып қалды. Бір күн көрінбей қалса жан-жағына қарап абдырап қалады. Солай жүріп, Мейрамбекпен жақсы араласып кетті. Тек Жұлдызайға бұл кісі ұнамайтын еді. Түрі де, мінезі де, сөйлеген сөзі, жүріс-тұрысы бәрі-бәрі қорқынышты көрінетін. Мамам қалай онымен қорықпай сөйлеседі деп ойлайтын ішінен. Сол кісіні көрсе баяғы ішкіш әкесі көз алдына келетін. Бірақ анасына ештеңе айта алмады. Ажар біраз сөйлесіп жүрді де, 1 жылдан соң Мейрамбек екеуі бас қосты. Үйленген соң Мейрамбек ауылға кетеміз деп еді, оған Ажардың жұмысы мен Жұлдызайдың сабағы болып осы қалада Ажардың үйінде тұратын болып келісті. Күндер өтіп жатты. Алғашында жақсы әке рөлін сомдап жүрген Мейрамбек бертін келе өзгере бастады. Тұрақты жұмысы болмаған соң, бір күн қара жұмысқа шықса, бір жеті үйде жатады. Ондай кезде Жұлдызай мектептен тіке қоғамдық көлікпен нағашы әжесінің үйіне тартып отырады. Ертеңіне немесе сол түні Ажар барып алып қайтады. Ажардың некелескенін төркіні әрине құптамады. Бірақ, өз бетімен бөлек тұратын келіншек ешкімді тыңдамады. Күндер зулап, айлар сырғып өтіп жатты. Үйдің керек-жарағы, өзіне де, күйеуіне де, қызына да керектің бәрі, қала берсе азық-түлік барлығы Ажардың мойнында.
Бір күн істеп келген ақшасын бір жетіге жеткізіп Мейрамбек жатады үйде. Ал, Жұлдызайдың өмірі біресе анасымен, біресе нағашы әжесінің үйінде өтіп жатты. Соңғы уақытта Жұлдызайға көзі көп түсіп жүрген өгей әкенің қылықтары тым оғаш әрі қорқынышты болып бара жатты. Мұны әрине, Ажар басында сезген жоқ. Бұл кезде Жұлдызай 4-сынып оқитын.
Бір күні мектептен келсе анасы да жұмыстан ерте келіпті. Асханада тәтті тағамның иісі мұрынды жарып барады. Анасының жанына барып тәттіге бір қолын салып үлгерген қызының қылығына күле қараған анасы:
- Қызым, қазір тамақтанамыз, көкеңді оятшы,- деді.
- Өзің оятшы мама,- деп бойын үрей билей жөнелген кішкентай қыз жүгіріп бөлмесіне кіріп кетті. Бұл қызға не болған, мұндай әдеті жоқ еді ғой деп ойлаған Ажар бөлмесіне барып Мейрамбекті оятты. Шашы ұйпа-тұйпа болып орнынан тұрған ол тіпті жуынбастан қонақ бөлмеге өтті. Теледидарды қосты да диванға отыра кетті. Ажар асханаға шақырды, алдымен салқын душқа түсіп алуын сұрады. Күйеуі үнсіз душқа кетті. Осы кезде Жұлдызай теледидарға қызығып келді де, мультфильм көріп отыра кетті. Бала емес пе, қызығып ішіне кіріп кеткені сонша қарнының ашқанын да ұмытып кетті. Душтан шыққан Мейрамбек тырдай болып бөлмесіне өтіп бара жатып Жұлдызайға көзі түсті. Біраз қарап тұрды. Ойы бұзылды ма кім білсін, екі көзін алар емес. Ал Ажар асханадан айналшықтап шыға алар емес.
- Келіңдер, тамақ дайын!- деді асханадан дауыстап. Селк еткен Мейрамбек есін жиды да бөлмесіне кетті. Орнынан тұра беріп өгей әкесіне қарап қалған кішкентай қыз дереу теріс бұрылып қалды. Бетін басқан күйі жүгіріп асханаға кетті. Түк сезбеген адамша күйеуі де киініп келіп дастархан басына отырды. Бірақ ештеңесін білдірмей, өзін үстамды көрсеткен өгей әке 5минут алдыңғы ойын тіпті ұмытып кеткендей. Бұл жерде аузы жабылмай сөйлеп, бір күліп, бір сөйлеп отырған Ажар ғана. Қызы үнсіз тамағын ішіп отыр, ішінен ертең сабақтан кейін әжемнің үйіне кетем деп ойлап отыр. Өгей әкесін тіпті көргісі келмейді. Іштей сол кісіден қорқатын сияқты.
Әр кез осы өгей әкесін көрген сайын бала кезінде есінде қалып кеткен өзінің алқаш әкесі көз алдына келе қалады. Мамасының аяусыз таяқ жеп жерде жатқандары есіне түсіп, денесі дір ете қалатын. Қазір де тез-тез тамағын ішті де, орнынан тұрып кетті. Қонақ бөлмеге барып, мультфильм қарауын жалғастырды. Кешкі астарын ішіп бәрі орындарынан тұрып, әркім өз шаруасымен кетті. Мейрамбек қонақ бөлмеге өтті де диванға барып отырды. Ажар ыдыс-аяғын жуып асханада тағы қалып қойды. Жұлдызайдың ойында ештеңе жоқ, қорықса ол тек өгей әкесін ұрмаса екен деп қорқатын. Басқаша ойлайтындай да ол әлі бала емес пе? Ал, Мейрамбектің харам ойы мүлде басқаша екенін өзінен басқа ешкім білмейді. Өгей қызының артында диванда отырып өзінің ұятты жерін ұстап отыр.
- Жұлдызай, қызым,- деді ақырын ғана.
- Ау,- деді артына бұрылып Жұлдызай. Әкесініе ішкиімін жартылай шешіп отырғанын көрді де үндемей теледидарға қайта бұрылды.
- Ұстап көргің келе ме?- деді тағы да әкесі. Бұл жолы Жұлдызай артына бұрылмады. Екі көзі теледидарда болғанымен бойын қорқыныш билеп, ойының бәрі қалай шығып кетсем екен деп отыр.
- Жұлдыз!- деп анасы шақырып қалды. Дәл осыны күткендей орнынан атып тұрған ол асханаға жүгіре жөнелді. Ал, Мейрамбек дым болмағандай теледидарын қарап отыра берді.
- Қызым, сабағыңды оқыдың ба?
- Жоқ әле.
- Маған көмектесіп жіберсеңші дейін дегем.
- Ол не мама? Айта беріңіз.
- Жоқ ештеңе, барып сабағыңды оқи ғой. Сосын уақытылы жатып ұйықта жарай ма күнім?
- Жарайды,- деп мамасының бетінен сүйді де асыға басып, ештеңеге бұрылмастан бөлмесіне кіріп есікті іліп алды. Сабағын оқып, ұйықтап қалды. Таңертең таңғы аста күнде мамасы екеуі отырады. Мейрамбек түске таман оянады. Істеп жатқан жұмысы жоқ, тауып жатқан ақшасы жоқ, ұйықтамай қайтсін. Таңғы астан соң Ажар асығып жұмысқа кетеді. Дастарханды жинап, ыдыстарды жуу кішкентай Жұлбызға қалады. Анасы кеткен соң өгей әкесінің оянып кетпеуін тілеп, ақырын дыбысын шығармай тірліктерін аяқтап, басталуына екі-үш сағат ерте болса да үйден шығып кетеді. Мектеп алдында кітап оқып отырып уақытын өткізеді. Басында күнде көретін мұғалімі онша мән бермейтін. Бүгін арнайы келіп сөйлескісі келді.
Жалғасы бар...
.