Базарда арбакештік жұмыс қылатын бір ағамыз осы хикаясын баяндады:
" Бір күні алдыма бір жігіт келіп:- Аға, арбаңызды екі сағатқа беріп тұрыңызшы өтініш, - деді. Көрінісінен жақсы киінген, кедей кісіге ұқсамас еді. Мені мазақ етіп тұрма десем, қолыма жүргізуші куəлігі мен көлігінің кілтін ұстатып, былай деді:
- Аға, менің қазір қалтамда ақшам жоқ, екі сағат істеп, арбаңызды қайтарамын. Тапқан ақшамның жартысын сізге беремін,- деді. Мен: - жарайды,- деп, арбамды бердім... Екі сағаттан соң арбаны қайтарып алдым. Екі мың теңге тапқан екен, маған мың теңгесін берді. Қалған мың теңгені базардың есігінің жанында отырған мүгедек бір жас қызға ұстатты. Сосын өзі көлігіне мініп қайтып кетті. Айлар өтіп, мен сол жігітті тағы кездестіріп қалдым. Одан сұрай жөнелдім: - Сол кезде неге мүгедек қызға садақа беру үшін екі сағат тер төгіп арба сүйредіңіз, астыңызда көлігіңіз бола тұра? Меніңше сіз бай жігітсіз...
Жігіт былай деп жауап қылды:
- Мен де сол күні қалтамда ақшам болмады, жұмыс орныма дейін ұзақ жол, үйіме дейін екі сағаттық жол еді. Мен ол қызды қапа қылғым келмеді, ол менен ақша сұрады, мен жоқ дей алмадым. Үйге немесе жұмысыма барып келгенше тірі жүрембе əлде өліп кетембе білмеймін ғой. Сондықтан оған кететін уақытымды осы жерде арба тартып болса да ақша тауып, əлгі қызды қуантуға жұмсағанды абзал көрдім...
Мен бұл жігіттің əңгімесінен өте əсерлендім. Мен ақымақ қаншама жылдан бері əлгі қыздың алдынан ақшамды санап өтіп кететін едім, бірақ мұныммен қызды қапа қылып жүргенімді ойламаппын. Осыдан кейін əр күні тапқан ақшамның үштен бір бөлігін сол қызға беретін болдым...
Ия, бауырларым... Қолымыздағы байлық біз қаласақ та, қаламасақ та, ертең басқалардың қолына өтіп кетеді. Солай екен, қайырымды болайық"...