Жалғасы...

Жұртты алдау -өзіңе өз қолыңмен ор қазу.  Ол ордың тереңдігін өлшеуге шамам жетпейді. Адам өтірігі көбейген сайын жан тыныштығынан айырылады.  Жан тыныштығы дегеніміз не? Жан тыныштығы - арыңа жүк салмау. Арсыздық , аярлықтан асқан жаман қасиет. Арсыздыққа себеп болатын үш нəрсе бар.

Арам ақша, арам ниет, арам қол. Арам ақшаға адам тез құнығады.  Арам ақшадан ешкімге қайыр болмайтынын білсе де, қарынның бір күндік тойғанына разы болады. Разы болғысы келеді. Арам ақша босағадан кірген күні шаңырақтан береке кетеді. Арам аспен балаңды тамақтандырып, балаңды киіндіріп, ол баладан қайыр күту де қате. Адал ас - қара нан болса да ешкімнің ырызығына ортақ болмау. Қара нан мен қара қазаннан қасиетті нəрсе жоқ. Қара қазан- қыр баласының тау кезіп, тапқан олжасын қайнатқан қазан. Қара қазанға түркі баласы ешуақытта арам ас салмаған. Қара нан - маңдай тердің өтемі. Қара нан - қасиетті ас.  Қара нанмен қайғысыз қарын тойдырғаннан асқан бақ жоқ.

Қара қазанға береке толып, диханның адал еңбегімен жайқалған  бидайдың көжесін ішкеніңе де шүкір қыла білу керек. Дастарханнан  қара нан кетпесін!  Қара нан мен қара су- тірлішіліктің негізі.  Табиғатта адалдыққа басын иеді. Адал еңбек қылмаса, қолы күс болмаса, дихан мол өнім ала ма? Алмайды. Берекет - еңбекте. Табиғат - еңбеккерге құшағын ашады. Адам -адамшылығын жоймауы үшін  қара нанның қадіріне жете білуі қажет.

 (Жалғасы бар)

Мейірхан Мейрамбекұлы