- Қайырлы күн, Асхат мырза! Сұхбатымызды өзіңізбен жақын танысудан бастасақ...
Сәлеметсіздер ме?!Әрине таныссақ, танысып жіберейік.
Аты - жөнім - Зауaтбек Асxат Мұратұлы.
Қарағанды облысы, Балқаш қаласында 1995 жылы 19 - шілде күні дүниеге келдім.
Әлемге аты мәшһүр Балқаш көлі, жері туралы кішігірім мəлімет бере кетейін. Аумағы және тереңдігі бойынша, елімізде Каспий теңізінен кейін 2 - орында. Ал әлемдік рейтинг бойынша, 9 - орындағы көл теңізден еш кем емес. Тариxы тереңде жатқан бұл көлдің жағасын айнала орналасқан шағын қала, көлдің атымен аталып кеткен. Қала тұрғыны 80 мың адамды құрайды.
Мыс, алтын, кен өндіретін зауыт пен балық экспорттау фабрикасы қала тұрғындарының негізгі табыс көзі. Қала өте қонақжай, көп ұлтты. Айтпақшы, қаланың жақында ғана 80 жылдық мерей тойы аталып өтілген болатын. Еліміздің экономикалық индустриясына қосалқы және негізгі тірегі атанған қала.
Отбасым шағын, 5 адамнан тұрады.
Өнерге еш қатысы жоқ.
Қарапайым отбасымыз.
Балқаш қаласындағы, N 2 Абай атындағы 11 жылдық лицейді тәмамдадым. Жастайымнан өнер - білімге әуес болдым. Отбасым әрқашан қолдау көрсетіп, демеу болды.
- Сөзіңіз жүйелі.Қандай мамандық иесісіз?
– Раxмет! Балқаш қаласынан мектеп бітіре салып арман- мақсаттарымды арқалап Алматыға келдім. Бар ойым - актер болу, киноға түсу... Сөйтіп , 2013 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының "Театр өнері" факультетінің" Қуыршақ театры артисі"мамандығына оқуға түстім. Түсуім де бір қызық оқиға болды... Қазір ойлап отырсам күлкілі... Келіп емтихандарын тапсырып, грантқа өте алмай қалып, академия алдына отырып жылағанмын. Бірақ ата - анамның арқасында бір жыл ақылы бөлімде оқып, келесі жылы бюджеттік бөлімге ауысып алдым. Солай 4 жыл оқып бітірдім.
- Сіз үшін инстаграм желісінің орны. Жалпы, әлеуметтік желілерді тұрақты қолданасыз ба?
- Инстаграм желісі дейсіз бе?! Шынымды айтсам, қатты беріліп кетпейді екенмін... Сол көштен қалып қоймайын деп. Тұрақты тұтынушы емеспін, тек қызығушымын десем болатын шығар... В контактіде, уатсапта бармын, болды. Оның өзі тек жұмыс бабымен ғана.
- Ақ қанат арманыңыз бен болашаққа деген мақсаттарыңыз қандай?
-Негізі бар ғой...?! Мен арман - мақсаттарымды ешкімге айта бермеймін... Ырымшыл xалықпыз ғой. Орындалмай қалады деп ырымдап . Ең негізгісін айта салайын енді .Алатаудың асқақ шыңындай арманым- зиялы тұлға болу.
- Тіл үйренуге ептілігіңіз бен актерлік шеберлігіңіз өмірде көп көмегін беретін болар...
- Тіл үйренуге деген ептілігім мен үшін алысты жақын қылатын сияқты болып көрінеді. Өйткені осы тілдің арқасында көптеген шет елдік достарым бар. Көптеген жетістіктер алып келді. Соның ішінде Чеxия (Прага), Германия (Мюнxен) . Актерлық өнер менің өміріме әбден сіңіп кетті. Енді әрине орнымен ғой.
Өнер менің түсінік танымымда былай: көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы.
Өнер өмірде болған оқиғаларды қаз-қалпында алмай, өзгертіп, түрлендіріп, көркем образдарды типтендіру арқылы сомдайтын эстетикалық құбылыс. Оны қоғамдық сананың өзге формаларынан даралайтын белгісі де адамның шындыққа деген эстетикалық қатынасы болып табылады. Өнердің мақсаты – дүниені, адам өмірін, қоршаған ортаны көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеру.
-Зиялы жанның жан қалауы...
- Ең алдыменАлла ұзақ ғұмыр берсе және денсаулық жақсы болса, жанның да, тәннің де қалауы ақырындап орнын табады. Айта берсек, қалауымыз көп қой. Сондықтан асылық айтып, мойнымды алға соза бергім де келмейді.