Нағима Барақ   

 

- Апа, əлеуметтік желіге қалай келдіңіз жəне қандай əлеуметтік желілерді қолданасыз?

      Әлеуметтік желіге біреудің сілтеуімен, не болмаса нұсқауымен келдім деп айта алмаймын. Газет-журнал оқып жүріп, интернет жаңалықтарын қарап жүріп әлеуметтік желінің бар екенін естіп, біліп жүрдім. Кейіннен өзім кіре бастадым, алғашқысы "Мой мир" болды)) 2013-тен бастап ВК, твиттер желілеріне кіріп әлемнің неше түрлі жаңалықтарымен таныса бастадым. 2014-ші жылдан бастап фейсбук, инстаграм желісіне кірдім. Маған фейсбук ұнайды, мұнда көптеген достар тауып, қазір шыға алмай жүрген жайым бар
   - Алғаш əлеуметтік желілерді қолдана бастаған кездегі қызықтарыңыз бар ма? 

    Білмеймін, мен әуелі жан-жағыма қарап, содан кейін қимылдайтын адаммын, ондай қызық деп айтатындай ештеңе болмаған сияқты
- Əлеуметтік желідегі жиі жазатын нəрсеңіз? .

     Өзім қалжыңға жақын жүремін, сондықтан, әзіл-қалжыңды көбірек жазамын.

- Əлеуметтік желіге бір тəулікте  қанша уақытыңызды жұмсайсыз?

Тәулігіне 5-6 сағаттай жұмсаймын.

- Əлеуметтік желінің бүгінгі қоғамдағы орны қандай?

Әлеуметтік желінің қоғамдағы орны ерекше деп ойлаймын. Өйткені,қоғамда шешілмей жатқан небір саулдар мен түйткілдер осы әлеуметтік желі арқылып шешіліп, және сол арқылы қоғамға танылып жатады.

- Өмірдегі Нағима мен желідегі Нағиманың айырмашылығы жоқ па? Шынайысыз ба? "Жындылар" шынайы болады ғой)))Олай дейтін себебім, желідегі достарым қалжың-әзілдеріме "Жынды қыз" деп жауап беретін. Шынайымын. Өмірде де, желіде де сол Нағимамын.

     - Əлеуметтік желіден қажитын кезіңіз бола ма? 

      Болады. Мұнда да өмірдегі сияқты адамды алалау, сатып кету, өтірік қолпаштау деген сияқтыларды көргенде, әрине, шаршап кетесің.

    - Əлеуметтік желідегі достарыңызға бір əдемі тілегіңіз.

    Достарға айтар тілегім: Еліміз тыныш болып, жеріміз бүтін боп, деніміз сау боп, әлеуметтік желіде жақсы жаңалықтармен жүздесе берейік!