«Қалаулым» тележобасының қатысушысы

- Замира ханым, көрермен мен оқырман білмейтін қырларыңыз бар ма?

- Білмеймін жоқ деп ойлаймын,шынымды айтсам әлде... бар ма?

- "Қалаулым" жобасы сізге не берді?

- «Қалаулым» жобасы  маған батылдық берді десем болады.Өйткені  бұрын ажырасқанымды айтуға қорқатын едім.Енді ажырасқанымды,мен туралы көп нәрсені, бүкіл ел біледі.Сондықтан да «Қалаулым» батылдық берді деп айта аламын.

- Батыс медиа мамандары танымалдықтың  үш сатысы бар деген екен.  Сіздіңше, танымалдықтың қанша сатысы бар?

- Танымалдықтың қанша сатысы бар дейді.Сатысы деген сөздерді түсіне бермеймін.Ол не екен? Сондықтан жауап беру қиын маған.Көп сөздердің қазақша мәнін де, мағынасын да түсіне бермеймін, ренжімеңіздер.

- Өзіңіз  əлеуметтік желілердегі жұрт пікірлерін  оқисыз ба?

- Шынымды айтсам оқымаймын.Кім не десе де қарамаймын.Бұл менің өмірім не істеймін десем де, өзім білемін.Оқығанда адамдар жақсы пікір айтпайтын сияқты.Сондықтан да оқып, жүйкемді жұқартқанша оқымағанды дұрыс көрем.

- Өмірдегі ең сүйікті ісіңіз?

– Үйге «уборка» жасап, демалғанды жақсы көремін.Үйдің таза болып тұрғаны маған қатты ұнайды.Сондықтан бос уақытымда үй тазалағанды жақсы көрем.

- Өмірдегі  адам бойындағы сіз бағалайтын қасиеттер?

-Өмірдегі адам бойындағы бағалайтын қасиет, адалдық.Сосын өте тазайынмын.Өзім жаман болсам да, тек шындықты айтамын.Ешқашан өтірік айта алмаймын.Сол бойымдағы жақсы қасиеттерім.

- Өзіңізді үш сөзбен суреттессеңіз...

- Бойым ұзын, сары қызбын.Өте ақ көңіл жанмын.

- Сіздің  ер - азаматтың  бойынан  көргіңіз  келетін екі қасиетті  атасаңыз.

- Еңбекқор болу керек және алдамау керек.

- Экрандағы Замира мен өмірдегі Замираның ұқсастығы бар ма?

-Бар.Бірақта экранда ұрысқақ сияқты көрінемін.Негізі өмірде,ондай қатты  ұрысқақ емеспін.

 - Болашаққа  қойған  мақсатыңыз?

- Мен күйеуге тиіп көп балалы ана, бақытты әйел болғым келеді.Жұмыс істегенді өзім ұнатпаймын.Бала –шағаға қарап, үйде отыратын бақытты ана болғым келеді.