Жанна Тулендиева
Заңгер,сот саласының қызметкері,Ақпарат Орталығы қызметкері
-Есіміздің мағынасын білесіз бе?
- Жанна батылдықты, немесе тәуелсіздікті меңзейді. Жұлдызнама бойынша сарышаян болғандықтан ба, әлде табиғатым ба, мистикалық дүниеге, өмірде орын алып жатқан оқиғаларды себеп-салдарсыз ойламаймын. Зерттеп, ізденіп, есімге қатты мән берем. Бауырым өз қалауымен тұңғыш қызына «Фатима» деп ат қойды. Бұған дейін, ұдайы отбасымен түгел ақылдасып отыратын бауырым, есімді өзі таңдағанына ренжіген жоқпыз. Бірақ мағынасына қарадық. Фатима деген есімнің мағынасына көз жүгіртсек, «сүт ембеген» деген мағына береді екен. Расында сол балапанымыз босанғаннан кейін сүт ембеді. Тек арнайы қосымша ұнтақ арқылы тамақтандырдық. Содан бері бұл жайлы ойланатын болды...
- Ақылды аруды қалай тануға болады?
-Өмірімде достарым көп. Сонау балалық шақтағы достарым әлеуметтік желі арқылы болсын, тауып іздеп қуантып жатады. Бұл да ерекше қуаныш сыйлайды. Қазір әлеуметік желі арқылы қаншама достар таптым. Ал осы шаратарап әлемінде жаңадан келіп жатқан, өмірде болсын, қызметте болсын, кейде өтініштер түсіп жатады. Сіңіліңіз бар болса, айта жүріңіз, құда құдағый болайық дегендей... Ол да бір қуаныш. Сонымен ақылды аруды қалай тануға болады десек, жаныма жақын бейне боп, жаңа түскен келіннің бар инабаты көз алдыма келеді. Жаңа түскен келінге қандай суреттеме берер едіңіз десе, дәл сол сюжетте- АҚЫЛДЫ АРУДЫ танимын!
- Іскер əйел мен үй шаурасындағы əйелдің айырмасы неде?
-Жалпы іскер әйелді қатты құрметтеймін. Бірақ өзім, ешуақытта жұмысқа 100-пайыз кете алмаймын. Таңертең мен балапандарымды міндетті түрде өзім сүйіп тұрып, бала-бақшасына, мектебіне апарам. Арасында мың сан шаруаларды атқара жүріп, оларға көп көңіл бөлмесең болмайды. Екеуінің айырмасы: біреуі шаруаға, біреуі үйге отбасына бөлетіні шығар) Іскерлігің алға шығып жатса, жаныңда жанашыр көмекшілерің көп болуы керек. Оның үстіне еріншектігім бар болуы керек, көбіне дивиденд өзі түсіп тұратын шаруаларға қаржы салып отырамын. Отбасылық бизнес бар. Дүкендерімізді жалға берем. Егер өзің жасасаң қыруар қаражат табасың, бірақ, маған жан тынышытығы бағалы. Бірінші отбасымның қасында болуым керек.
- Ер азаматтың бойынан сіз іздейтін үш қасиет... –
Жолдасымды бір көргеннен ғашық болғам. Кейін өзіме анализ жасап көрсем, оның бойындағы қасиеттер –Уәдеге берік. Жора-жолдастары да оның қасиетін қатты бағалайды. Жаңадан танысқан кезде театрға көп шақыратын.Мен үнемі кешігіп келем, ол сол тұста үндемеей күтіп тұра беретін. Екінші қасиет- отбасының, тәрибиенің тектілігін көрсетіп тұратын азаматтарды бағалаймын. Қарапайым адамдар арасында ең бірінші көзге түсіп тұратыны да- осы тәрбие болмақ. Қол қимылымен, сөздерімен ішкі фундаментті көрсетіп тұрады. Үшінші қасиет- жетістікке жетуі тиіс. Ер азаматқа не істеу керек, соның бәрін жасауы тиіс. Осыны жасай алса, оның отбасы да берік, жағдайы да жақсы деген сөз..
- "Əрбір арудың өз ерекшелігімен қатар өзіне ғана тəн өзі ғана білетін кəделі дүниелері болады". Нина Ефремова есімді психологтың пікірі. Сіздің кəделі өзіңіз ғана білетін дүниелер қайсы?
-Біздің үйде ата-анам педагог, мұғалімдер династиясы. Біздің династиятадағы әр отбасы, қай үйге барсақ та, генералдық тәртіпте өстік. Біз жаман мен жақсыны, әдепті үйреткені соншалық, құдды ротаға арналған жарғы сияқты боп санамызға сіңіп кетті. Өзім байқамайды екем, қазір біздің үйге қонаққа келгендер, балаларың өте тәртіпті, мәдениетті деп мақтап жатады. Маған ол тәрбие білінбейді. Ол норма сияқты, солай болуы керек деп қабылдаймын. Мектепке балапаныма тиын-тебен беріп; - Бүгін мақұл енді кириешки алып жей қойшы , басқа балалар секілді бұл да ойындағысын алсын дейм ғой, сонда балам: -«Жоқ, мама, тиынды босқа зиянды дүниеге жаратуға болмайды, жинаймын» деді. Іштей риза болдым.
Күнделікті қасындағы достары чипсы, кириешки алып жатса, менің балам, денсаулыққа пайдалы кашаны жеп отырады) Бұл да мен өзім байқай бермейтін жетістіктің біреуі деп білем. Олар ешуақытта кока-кола сусынын ішпейді. Көздеріңді сақтаңдар, денсаулықты сақтаңдар деп, екі жыл бұрын планшет пен смартфонға тиым салған едік, мүлдем біздің ұялы телеофндарды ұстамайды. Бұл да тәрбие. Басқа балалардың планшетке үңіліп отырғанын көріп те қызықпайды. Аллаға шүкір, біздің отбасының еркешелігі де осы болса керек... Басқа кәделі дүние есіме түспей тұр)
- Сіз қаламайтын төрт қасиет?
-Әлгінде айтып өткендей, ешуақытта достарымды жоғалтпағанмын. Жоғалтқым келмейді. Қажет десеңіз араласпай кетсек, өзімді кінәлі сезініп, кешірім сұрайтыным бар. Ара-тұра пендешлік орын алып жатса, айтып басын ашып аламыз. Сосын бәрі реттеледі. Сондықтан болар ең бірінші ұнатпайтын дүнием- ол сатқындық. Керек десеңіз сырттан бөгде адамдар бір-біріне сатқындық жасаса сол адамды сырттай ұнатпай жүрем. Өйткені бір рет сатқындық жасаған адам, оны міндетті түрде қайталайды деп ойлаймын. Қасыңда энергетикалық вампир адам болса алыстау ұстау керек. Себебі вампиризм қалған үш дүниеден тұрады.
- Сіз бағалайтын үш қасиет?
Ең бірінші жақсы көретін қасиетім, ақкөңіл адамдар. Жер бетіндегі барлық адам жағымды қуат шаша алады. Өзін өте мәдениетті ұстайтын жандарға- ғашықпын десем де болады. Кішіпейіл. Осы үшеуі берекеңді де, абыройыңды да арттырады деп ойлаймын.
- Сəн салондарына жиі бас сұғасыз ба?
-Сән салоны демекші, өзімізде отбасылық сән-салоны бизнесі бар, шынымды айтсам, ол жаққа маған маникюр жасап берші деп баруға ұялам) Барсаң құрақ ұшып жүгіріп жүреді. «Көңілінен шыға алам ба?» деген сұрақтар жауламасын деп тек жұмыспен барып тұрам. Той-томалақта шаш үлгісін жасату міндетті түрде ғой) Күнделікті бояна бермеймін.
- Сіз оқитын əйелдер басылымы?
Қазақстанда қанша басылым бар, республикаға тарайтын басылымның елу пайызына жазылып оқимын. Оның ішінде «Ақ босаға» газет-журналдарына жазылғам. Қажетті ақпарат өте көп. Рахмет айтамыз!
- Бос уақыттыңызды қалай өтізесіз?
-Балаларды қуандырғым келеді. Бауырларымның бала-шағасын жинап алып, бірге киноға, саябаққа ертіп апарам. Бұл менің ең сүйікті ісім.
- Оқырмандарға айтар тілегіңіз...
-Ел24кз сайтының оқырмандарына айтар тілегім, аулаңыздан шаттық пен қуаныш кетпесін. Отбасымыз аман болсын. Жаңадан ашылған сайт ақпарат әлемнің жаршысы болып, оқырманын қуанта берсін!
- Сұхбатыңызға рақмет !Өте тартымды сұхбат болды.