Алматы облысы,Кербұлақ ауданы, Сары өзектегі 12740 әскери бөлім  майоры,Киргизалиев  Бақытжан  Саламатұлы

 - Өзіңізді таныстырып өтсеңіз?

 -Майор Киргизалиев Бақытжан Саламатович 12 740 әскери бөлім командирінің  тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары болып келемін.

-  Отан тыныштығы - мықты əскердің қолында.  Соған тамшыдай үлесін қосып жүрген – 12 740 әскери  бөлімшеңіздің  жетістігімен бөлісе кетсеңіз?Бұл бөлімшенің құрылғанына қанша уақыт болды?

-Біздің әскери бөлім  1945 жылы 15- қазанда  құрылған.2013- жылы әскери бөлім,  десанттық  шабуылдаушы әскерлер  құрам қатарына кіргелі бері, көптеген жетістіктерге жетті,көптеген жарыстарға қатысты,дала жаттығыуларын көрсетіп жақсы белестерден көрінуде.

-Мықты сарбаз  тəрбиелеу  үшін əр  ата-ана  атқаруы тиіс нəрселер  деп  нені атар  едіңіз?

- Мықты сарбаз дайындау үшін ата –ана  бірінші баласын ұқыптылыққа, жауаптылыққа,Отан сүйгіштікке  тәрбиелеу керек деп ойлаймын.Себебі он сегіз жыл тәрбиелеп, ата –ананың  қасынан шықпаған баланы, бізге  бір жылда, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу өте қиын.Сол себептен ата –аналардың қосатын  үлесі, Отан сүйгіштікке тәрбиелеуде  өте маңызды деп ойлаймын.

- " Мықтылықтың не екенін көргің келсе, əскерге аттан" деген Қасым Қайсеновтің сөзін жадына ұстанған сіздердің бөлімшедегі  сарбаздардың  жай-күйі  қандай?

- Мысалы, бүгін 509-жас сарбазымыз ант қабылдап жатыр.Ант қабылдамас бұрын бір ай  оқу –жаттығуларын өтті.Сол жерде мықтылыққа шыңдадық,дайындадық.Мысалға сарбаздардан сұрасаң , «әскер деген не ?»- деп,олар «әскер деген мектеп» -деп жауап береді.Шын мәнінде, әскер деген- Отан сүйгіштікке тәрбиелейтін мектеп,Отан алдындағы борышын мықтап өтейтін мектеп,достыққа тәрбиелейтін мектеп,ата -ананы,досты қәдірлейтін мектеп. Сондықтан да,әр -бір азамат   Отан алдындағы  міндетін ,Конституцияның 36 -шы бабына  сай   орындауы парыз деп ойлаймын.

 

- Əскердегі кеңестік кезеңнің қасаң мұрасы болып қалған «əлім жеттік» тоқталды ма? Әлеуметтік желілерде тарап,қызу талқыға түскен видео ролик жайлы не айтар едіңіз?Қиын –қыстау кезеңде(суицид) өз –өзіне қол жұмсайтын жәйттар болып жатады.Моральді ,психологиялық жағынан әр –бір сарбазға қандай  көмек бере аласыздар?

Суицидент-  бұл өз –өзіне қол жұмсаушы адам деп есептейміз.Әскерге бармастан бұрын әскери комиссариаттарда  психологтардың жұмысы  бұл жерде өте маңызды деп есептеймін.Себебі қазіргі  заман талабына сай  бәріміз айтамыз балаларымыз осындай болды,балаларымыз психологиялық төмендеу  деп,ал шын мәнінде  бұл заманды жасап жатқан өзіміз.Сол жас баланы,  «Отан от басынан басталады »дейді ғой,от басында жақсы тәрбие көрген болса,Отан сүйгіштікке тәрбиелеуге болады.Ал әлімжеттік дейді,бұл жерде өзіміз де хабардар болып жатырмыз интернет жүйелерінен.Мысалы, қазір сарбазды сарбаз ұру деген заңмен шектелген. Қазіргі күнде көптеген офицерлер, көптеген сержанттар заңды түрде жазаланып жатыр. Кеше ғана мектеп, спорт мектептерін бітіріп келген сарбаздар күштері тасып тұрғасын ба,күштері көп болғандықтан ба  кейде ондай жәйттар болып тұрады.Осы әскери бөлімде екі сарбаздың төбелескеніне куәгер болдым.Қарасаң түкке тұрғысыз нәрсе. «Мен істеймін,сен неге істеймейсің ?» деген сияқты .Ондай нәрселер бомас үшін,мына десанттық шабуылдаушы әскерде «десантное  братство» деген бар.Бір –бірін түсініп ,бір –біріне аға, біріне іні болып қазақта бар ғой «ағасы бардың жағасы бар,інісі бардың тынысы бар    »деген.Сол қағиданы  берік ұстанып отырсақ біздің әскеріміз алға басар еді. 

-Уақыт бөліп сұхбат бергеніңіз үшін рақмет !