- Ассалаумағалейкүм Мұхтар ата!
- Саламатсың ба?!
- Халіңіз қалай? Денсаулығыңыз?
- Жақсы, ақырындап... Иə, айта отыр өзің қалай? Қайдан келдің?
- Мен ҚызПУ да (Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті) "Қазақ тілі мен əдебиеті" мамандығы бойынша 3-курста білім алып жатырмын. Есімім-Ақылбек Балжан Бертайқызы. Қазығұрт тауының тумасымын. Ұлы жүз, Сіргелі, Батыр тегім.
- Əəə, сен де рушылдардан ба едің?
Тегіңді білгенің дұрыс. Бірақ мынаны шатастырмаңдар, рушылдық пен Ұлтшылдықты бір ұғым деп ойламаңдар!
- Ата бəріміз бір қазақпыз. Шыққан тегімді айтып жатқаным...
- Менің əкемнің əйелінің баласы да сол жақтан.(күліп, мен де))
- Иə, əрине. Осы Алматыға алғаш келгенімде Шымкенттіктер туралы қоғамның пікіріне əбден ашындым, тіпті ұрыса жаздап.
- Енді ол жақта да неше түрлілер бар ғой. Ұлтын сатқан, тілін сатқандардың көпшілігі сол жақта да жүр. Жерге байланысты емес ол. Анда-санда əр жерден бір шығады.
-КБ бар ма КБ?
-КБ?
-Күйеу бала.
- Аа, күйеу бала жоқ.
- Анау бір əлгі жігітпен танысып жүр едің ғой. Аты кім еді оның? Екі үш жігіт саған неғып жүр ғой!(əзілдеп)
- Жігіттер көп қой əртүрлі. Айқын мақсаттар барда оларға көңіл бөлетін уақыт жоқ.
- Солай мақұл, мақұл. Мына бір кітап шығайын деп жатыр. "Мұхтар Шахановтың əлем мойындаған шыншыл рухы жəне ұстанымы". Міне қара менің ұстанымым:
"Кім шындығын жоғалтып алса,
"Ақты-ақ, қараны-қара" деп айтудан қалса,
Яғни, сөзі басқа, ісі басқа болса,
Ұлттық, ғаламдық мүддеге тамыр жібере алмаса,
Пенделігі тек өзін емес, қоғамын да алдаса,
Ондай ақынның да,
Ғалымның да,
Саясаткердің де,
Мазмұны, даңқы - далбаса!
" Қазір Қазақстан жазушылар одағының құрамында сегіз жүзден астам адам бар екен. Соның сегізі ғана елдік, ұлттық мүдде күресінде бізбен бірге екен. Сегізі, оншақтысы ғана. Қалғанының барлығы өлеңінде жазады "Ұлтты сақтауымыз керек", "Тілді сақтауымыз керек", сөзі басқа да барлығының ісі басқа. Кеше газетте жазыпты біреу он екі томдық кітап шығарыпты.
Мынау Шаханов туралы əлемдік, отандық тұлғалардың мемлекет қоғам қайраткерлері мен қаламгерлердің ерекше жақын жүрген рухтастардың пікірлері. Фредерик Майор менің "Өркениеттің адасуы", "Жазагер жады космоформуласы" атты романдарымды "Бүкіләлемдік поэзияның ең биігі" деп есептеген. Дайсаку Икеда бұл əлемнің 115 мемлекетінде бөлімдері бар Жапонияның Сока Гаккай университетінің құрметті президенті 300ге жуық əлем университеттерінің құрметті докторы, профессоры(300-ақ университеттің). Міне, "Рухани байлықтың мойындамай, тек қана жалаң білімге ден қойған қазіргі компьютербасты жарты адамдардың пайда болуы жайлы Шаханов концепциясы бізді Жапондықтарды қайран қалдырды. Мен оның халқын осындай тегеурінді перзент тудыра алғандығымен құттықтағым келеді."
Əрқайсысы осындай пікір айтады. Мынау Рим папасы, мынау Башқұрдың ұлы ақыны, мынау Болгардың ұлы ақыны, Палестинаның ұлы ақыны, Үндістанның ұлы ақыны осылай кете береді. Мынау Түркияның президенті. Мынау Расул Ғамзатов əлемдегі ең ұлы ақындардың бірі. Мынау Шыңғыс Айтматов, екеуміз дос болғанбыз. Анатолий Собчак, анау Путин бар ғой сол осының қарамағында істеген. Мынау Қасым Қайсенов, Рақымжан Қошқарбаев, Жұмекен Нәжімеденов: "Шаханов жазған "Ғашықтық ғаламаты", "12-3=?", "Отырар" сияқты үш-төрт шығарма жазған болсам, о дүниеге қиналмай -ақ кете берер едім"-дейді. Осылай кете береді (парақтап кітапты) мынау Ислам Каримов Өзбекстан президенті. Сонда бұл жүз отызға жуық адамдардың жазған пікірлері. Міне, "Руға бөлінудің қасіреті" жаңағы сен айтқан. Осы мəселеде мені қолдап жазған бірқора адамдардың хаттары. Солай - солай тоғыз тараудан тұрады. Мен "ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҰЛТ" дегенді тоқтаттым. Аштық жарияладым. Мені қолдаған төрт мыңнан аса адам болды. Əйтпесе сендер ҚАЗАҚСТАНЫҚ ҰЛТТА отырар едіңдер! Паспорттарыңда қазақ деп жазылмай, бəріміз бір ұлтпыз деп тұрар еді.
- Поэзия мен ақынның əлемдегі рөлі қандай бүгінгі таңда?
- Поэзия дегенге менің түсінігім басқа. Алдыңғы жылы менімен Англияда кездесу болды. Сонда бірқора ақындар, ғалымдар жазушылар қатысты. Сонда мен сойдым. "Сендер шындықтарыңды жоғалтып алғансыңдар!"-деп... Қазір барлық жерде солай туфлиді жақсы жалайды. Сонымен бəрі мойындады. Менің концепциямды көптеген мемлекеттер мойындап жатыр. Өлеңді əркім жаза береді. "Анау тұрған бидайды, комбайнмен жинайды" деп. Ол поэзия емес. ПОЭЗИЯ дегеніміз - ешкім айтпаған ойларды айту!
- Санасы Ұлттық деңгейге жетпеген өздерін "Ақындармыз" деп жүргендер де бар ғой бүгінгі таңда.
- Ол жəй əншейін ұйқастырып жүрген ақындар көп қой. Ондайларды мен ақын деп есептемеймін. АҚЫНДЫҚ дегеніміз - елдік, ұлттық мүддеге терең тамыр жіберген адамдар. Өзінің елінің жеңісін, жеңілісін, елінің озық қасиеттерін, пендешілігін өз жүрегінің елегінен өткізген адам ғана АҚЫН бола алады. Ойнап жаза берсең том-том кітап шығады. Кім жазбайды кітапты? Керек десең үйіңе əкеліп береді. Бəрі ақшамен шешіліп жатыр.
- Қазіргі əн мен оған жазылып жатқан сөздерге көзқарасыңыз?
-Теледидарда ертеден кешке дейін əн беріп жатады. Түкке тұрмайтын əндер. Мағынасы жоқ əндер. Ақша береді бітті, сатылмайтын ештеңе жоқ. Баяғыда совет одағының кезінде "Көркемдік кеңес" деген болатын. Електен өткізіп, əннің өзін, сөзін қарайтын. Ұнаса ғана теледидардан беретін еді. Ал қазір қарамайды. Барасың ақшаңды бересің, əйтпесе үлкен бір кешті бересің, қалтасына бес-он мың доллар түседі. Бір ай, екі ай айналдыра береді.
- Ал дінге көзқарасыңыз қалай?
- Жаңадан келген бір министр мəлімдеме жасады. Мешіттерде оқылатын азанның алдында орысша уағыз айтуы керек екен. Сонда мен анау парламентте сөйлеген сөзімде айттым ғой. Бізді енді анау жерге байланысты комиссия құрамына кіргізіп қойған ғой. Айттым мен екі министрге ризалығымды. Біреуі үш тұғырлы тіл, екіншісі уағызды барлық жерде орысша айту керек деді. Екеуіне "Еңбек ері" атағын беру керек дедім. Одан ары қарай христиан дініне өтіп кететін шығармыз. Енді не қалды? Адамның миына кірмейтін нəрсе.
- Ағылшын тілінде уағыз жүрсе таң қалма дейсіз ғой!
- Ееенді... Кезінде ағылшынның үлкен бір ғалымы шыққан. Сол үндеу жариялапты: Құдайдың өзі ағылшын тілінде сөйлеген деп... Содан кейін жұрттың бəрі ананы оқып "Өй Құдайдың өзі ағылшын тілінде сөйлеген" дейді деп дүрлігіп...
- Қытайлықтар Қазақ елінен қыздар аламыз деді. Оған өз пікіріңізді білдірдіңіз. Азаматтығынан айыру жайлы. Тиісті жауап келді ме сізге?
- Барыңдар! Басқа қыздарға да айт! Жағдайларың жақсы болып, үйреніп кетесіңдер!(ашынып) Жаздық. Айттық. Сол күйінде қалды ғой.
- Сөзіңіздің астарын түсініп отырмын. Алла сақтасын! Армансыз адам болмайды ғой! Қандай арманыңыз бар?
- Не арман болсын? Арманым ұлт өлмесе, Тіл өлмесе екен деймін болашақ ұрпақ үшін!
- Уақыт бөлгеніңізге, сұхбаттасқаныңызға рақмет ата. Сізбен кездесіп, батаңызды алу əрбір қазақ баласының арманы шығар. Ұлтқа, Тілге жанашыр қызыңызға батаңызды берсеңіз!
- "Балжан қызым, жұлдызың ылғи да шындық пен ұлттық мүдде биігінен жарқырасын! Жолың болсын! Денің сау болсын! Жүрген жерде құдай қолдасын! Əумин!