Анар Рахымжанова "Желтоқсан" қатысушысы

- Анар əпке,  сізге жəне сіз секілді желтоқсанның өшпес  алауын тұтатқан барша аға-əпкелерге алғыс айтқым келеді.   " Намыс- жастықпен ғана  ұштасар" деген авар нақылы бар. Сіз осымен келісесіз бе?

-Алғыстарыңа разымын, сендерге де жақсылық болсын.” Намыс-жастықпен ғана ұштасар” деген жақсы  нақыл екен. Келісуге де болады екен, жас күніңдегі  намыс, ешнәрсені ойландырмай  отқада, суғада түсіреді. Жасың келгендегі намыс, ақылға салдырып, оймен қателікке ұрындырмауға жетелейді. Бұл менің өзімнің, ішкі ойым...

-   Кейінгі толқын жастардың бойынан  əпке ретінде қандай қасиеттер табылғанын қалайсыз?

Кейінгі жастарда біз сияқты болса деймін, бірақ жол сілтейтін үлкендер жандарынан табылғанын қалаймын. Жастық жігер мен намыс керек қой.Жастарда осы болса деймін.

Əпке, жан жараңызды тырнағым келмейді.  Дегенмен... Сіздің жүректегі  желтоқсан қасіреті жайлы келер ұрпақ үшін айта кетсеңіз...

Менің жүрегімдегі жан-жарам, сол кездегі қазақ  жастарына жасалған зорлық-зомбылық, бізге деген көз-қарас еді...Жолымызды кесті, үмітімізге балта шапқысы келді...

    Қара тізімде болдық,адамдардың сол кездегі ой-санасының әртүрлі болуы.... Айта берсем көөөөп... Енді ғана ұмытылып бара жатқанмен, бірақ ұмыту мүмкін еместігі..... Келер ұрпаққа рухты болыңдар, күш-жігер намыстарыңды елің үшін, жерің үшін жұмсаңдар дер едім. Еліміздің туы биікке желбірей берсін, тәуелсіздігіміз мәңгілікке болсын!

- Ызғарлы желтоқсан алаңға сізді жетелеп барған қандай күш?

-Менде сол кездегі жастар сияқты, ұлттық намыспен барғанмын.

Сізді жұрт көп жұрттар білмей келді. Батырлықты дабыраламайды. Десе де, желтоқсаннан соң ауыр қайғы шеккенге ұқсайсыз...

-Бүгінгі күніме тәуба, біреуден арта, біреуден алда жүрген адаммын.

-  Анар əпке, бүгінгі хəліңіз қалай? Қайда жүрсіз?

 -Алматыда тұрамын.

 

- Тəуелсіздік -тəңірден келген тəтті сый екені даусыз. Ал, сіздің ұғымдағы  тəуелсіздік ұғымы қандай?

- Менің тәуелсіздік туралы ұғымым, еліміздің әрбір азаматы ойын ірікпей, ашық айта алса. 

 

- Қалың қазақ жұртына деген мерекелік жылы лебізіңіз болса...

 -Алда келе жатқан, тарихи  Желтоқсанды еске алу күнімен деп айтқым келеді. Халқымыз тыныш, жеріміз аман болып, бейбіт заман болса екен. Әрбір қазағымның  шаңырағында  қуаныш болып, бақытты өмір сүрсе екен деймін. Рахмет сіздерге, маған деген құрметтеріңізге! Аман болыңыздар, бақ-дәулетті болыңыздар

Дайындаған : Мейірхан Мейрамбекұлы