Еркектің мәртебесі тек әйелдің сүйіспеншілігімен өседі. Ер адамның өмірінде мәртебесін өсіре алатын екі әйел бар: анасы мен әйелі. Егер еркектің мәртебесі өспесе, махаббатсыз қалғаны.
Осы адамдардың бәріне не керек? Дұрыс: даму, жетілу, көкжиекті кеңейту. Күнделікті адам өмірінің дамуы бір мәртебеден екіншісіне өтуімен бағаланып жатады.

«…Жасым қырықтан асқан кезде әлдебіреудің әншейін «Не істеп жатырсың?» деген сұрағына «Осим хаим» деп жауап беруге болатынын білдім. «Өмірден ләззат алып отырмын». Израильге барған кезде осындай қызық жауапты алғаш естідім. Тура мағынасында «өмір сүріп жатырмын». 
Қаладағы бір дәмхана. Көрші үстелде екі қарт адам отыр. Әйел мен еркек. Күйеуі мен зайыбы емес. Менің шамалауымша, ескі достар. Әр нәрсені айтып, ерігіп отыр. Дәмді кофе ішіп, тәтті жеп, еркін әңгімелесіп. Осы сәтте қоңырау шалынды. Еркектен біреу «не істеп жатсың?» деп сұрады. Ол болса: «Осим хаим» деді. Өмірден ләззат алып отырмын. 

Әр әйелдің қуаты түгесілетін мезгілі болады. Әйелдің қуатын еселейтін тәсілдер туралы сөз қозғасақ.

1. Массаж. Уқалау маңызы. Әйелдің тәні үнемі қозғалып, қимылдап тұруы керек. Әйтпесе, қуаты бір жерде тұрып қалып, денені ауру етеді. 
2. Шаштаразға бару. Әдемі шаш тек көңіл көтеру емес. Әйелдің шашы оның ойының айнасы іспетті. Шаш әйелдің көркі. Оған ерекше күтім керек. 
3. Маникюр. Әдемі қолдарды сүйе бергің келеді! Дейді екен ерлер қауымы. Қызыл түсті лак жағылған тырнақтар жетістік пен сұлулықты тартады екен. 

     Өмірде не болмайды?.. Қысқа көйлек киіп көшеде тұрған қыз-келіншектерге қарап, ақыры автоапатқа ұшыраған жігіттердің алды мүгедек болып қалған. Бұдан шығар қорытынды – сұлулық деген – дерт. Әдемілік адамды қашанда өзіне баурап алады. Ал көрікті бойжеткендер еркек атаулыны баурамақ түгілі, өртеп жібереді (Сондықтан да болар, әлемге әйгілі Пикассо: «Еркектер қашанда өзі сүйетін әйелмен жасты», – депті жарықтық). Мұны бельгиялық оқымыстылар дәлелдеп отыр. Тіпті олар сұлу әйелдерді тірідей көру былай тұрсын, суретінің өзі жігіттердің қан құрамына өзгеріс енгізіп, жұмыс қабілетін азайтатындығын дәлелдеген.

      Соңғы кезде жұрт арасында, әсіресе әлеуметтік желілерде күйеуіне тоқал әпергіш келіншектер көбейіп кетті.  «Күйеуім алам десе, өзім таңдап жүріп әперемін» дейді. Тіпті тұрмысқа шықпаған жас қыздардың өзі «кейін жарыма тоқал алып беріп, бәйбіше боламын» деп мақтанышпен армандап отыратынды шығарды. Дұрыс қой, әрине. Бәйбіше болу деген – зор мәртебе, ұрпақтардың құрметі. Тек… Жанына балаған жары алдына келіп: «басқа әйелге көңілім кетті, соны алғым келеді. Ал сен балаларымның анасысың, сені де тастай алмаймын,» деген кезде іші қалай өртенетінін білмейді ғой олар әлі…