- Подробности
- Категория: Сырласу
Атым құпия болып қала берсін. Алматы облысы, Шелек ауданының қызымын. Алматы қаласында тұрамын.
Ақ көңілдігімнен өмір бақи соққы жеп келемін. Ата мен əженің қолында өскен қыз едім. Бойыма сіңген тəрбием болар, адамдардан жамандық көрмей ,ылғи жақсы қасиет іздеп тұрамын.Аядай ғана ауыл болған соң өзіммен тел өскен барлық көрші-қолаңның қыздарымен жақсы араластым. Белгілі оқу орнында білім алдым. Мамандығым - эколог. Сол оқу орнында Сарыөзектен бір қыз оқыды. Бір бөлмеде тұрдық, бір нанды тең бөліп жедік. Талай рет басына қиындық туған шағында демедім.
- Подробности
- Категория: Сырласу
Есімім -Жібек. Жиырма бір жаста едім. Жамбылдағы пединституттың екінші курсында оқып жүрген кезім. Жатақхананы паналап,бір шəкіртақымен күн көріп жүрген шағым. Сол жатақханада Алмас есімді жігіт тұратын. Алғаш танысқан күннен сыпайы. Əдепті. Қыз көңілін қалай жаулауды білетін. Жігіттің түр-тұлғасы, жүріс-тұрысы талай қызды өзіне ынтық еткен. Ал, мен Алмасқа қатты ғашық болдым. Жігіттің де мен деген де шығарға жаны бөлек екенін аңғардым. Сосын кездесе бастадық. Желтоқсанның соңы маған шəкіртақым түспей, мен ауылға қайта алмадым. Ал, Алмас сол сəтті күткендей маған жаңа жылды бірге қарсы алайық деген ұсынысын айтты. Мен қуандым. Ғашық жанмен жаңа жылды қарсы алу - ертегі , əрі жүрегімдегі қалау еді.
- Подробности
- Категория: Сырласу
Жасым келген сайын қырықтан асқан әйелдерге деген құрметім өсіп келеді. Оның себебі көп. Мысалы, қырықтан асқан әйел ешқашан сені түн жарымында оятып, «Не ойлап жатырсың?» деп сұрамайды. Оның сенің не ойлайтыныңа түкіргені бар.
Егер қырықтан асқан әйелге сенімен бірге отырып теледидар көру қиын болса, сол үшін шашын жұлып, байбалам салмайды. Сенің жаныңда уақыт жолғатқанша, өзіне ұнаған іспен айналысады. Және көбінесе ол айналысқан іс – сенің теледидарыңнан әлдеқайда пайдалы әрі қызықты болып шығады. Қырықтан асқан әйел өзін өте жақсы біледі. Өзіне бек сенімді. Кім болғысы, не жасағысы келетінін де анық біледі. Кімнен не қалайтынын да нақты біледі. Мұндай жастағы әйелдердің көбісін сенің ол туралы, не ол істеп жатқан іс жөнінде пікірің қызықтырмайды. Қырықтан асқан әйелдер өте намысшыл. Мейрамханада, не операда отырғанда саған майдан ашып, ұрыс-керіс шығармайды. Әрине, егер өзің кінәлі болып тұрсаң, ол жазаланбайтынына анық көзі жетсе, ешкім көрмейтін жерде атып кете алады.
- Подробности
- Категория: Сырласу
Түн сайын мен оны ғана күтемін... Одан басқа ешбір жан маған серік емес. Сол ғана. Əр əйел үшін аңсары - өз ер азаматы. Ердің мықтылығы - төсектегі күштілігіне де байланысты. Төсекте тоймаған əйел - аңсары мəңгілік басылмаған əйел. Аңсармен өмір сүруден тəн қартайып, жұптардың сууына əкеп соғатынын ескерген дұрыс. Мен -əйелмін. Менің аңсарым - менің ер азаматым. Сол ғана маған əйел екендігімді сезіндіре алатын,əр түн сайын маған ғажайып түндерді сыйлай алатын.
- Подробности
- Категория: Сырласу
Сексолог мамандар әйел адамның ләззатқа зәрулігінен хабар беретін жеті белгіні анықтады. Ендеше, олар қандай белгілер?
1. Ұйқысы қанбағандай көрінеді
Егер әйел еркектің көңілі мен ләззатына зәру болса, оның ұйқысы қанбағандай, шаршаңқы жүреді.
2. Кәрі көрінеді
Жыныстық қатынасқа тым сирек түсу аймаласу кезінде бөлінетін коллагеннің мөлшерін төмендетеді. Ал терінің әрлі де, жас көрінуі коллагенге байланысты екенін ескерсек, сусап жүрген сұлулардың неге тез қартаятынын түсіну қиын емес.
Страница 87 из 95