Лейла Алперзаде.
Аударма Асаубек Айымбетовке арналады.
Бағаңды өлең бере алса, 
өлеңімнің құны - мəнділік.
Жылдар мен жылдар алмаса,
Жалғасар жырлар мəңгілік.
Айпер ханум.
Қиял көгін қытықтап,
жауды қазан жаңбыры.
Көңіл көшін мұң ықтап, 
жүректен төгілді жан жыры.
Күз бітпеді...
Қараша келсе қар жауар,
көңілімдегі мұң  ауар.
Қысты сүйген шын бектер,
көнеден алсаң аз хабар.
Қысты сүйген олар,
əділдікті ақ қарға балап.
Қысты сүйген олар,
ақ қарды сырлас санап.
 Бұл заманның бегіде,
тартып бектер тегіне.
Қар көңілмен сүйеді ол да,
ақ адал жанды беріле.
Паңдығы бар,
тəккəппарлық емес-ті.
Жан нұры бар,
елестетер  көбелекті.