Елбасы Н.Ә.Назарбаев қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшірілуін қамтамасыз ету туралы тарихи Жарлыққа қол қойған болатын. Аталған Жарлық әліпбиге қатысты көптен талқыланып келе жатқан мәселелердің, ой-толғамдардың қорытындысы, түйіні болды. Әліпбиге қатысты ендігі әңгімелер мен шаруалар жаңа әліпбиді кезең-кезеңімен игеру, қолданысқа тиімді енгізу төңірегінде болмақ. Осы тұрғыда кітапханамыз «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» деген атпен біршама іс-шаралар өтуде. Соның бірі, 28 қарашада, қоғамдық сананы жаңарту бағдарламасы аясында ашылып отырған «Рухани жаңғыру» залында өтті.
Кеш барысында бейне материалдар, слайдтар көрсетіліп, залдың төрінде тұрған кітап көрмесіне шолу жасалынды. Шараға қатысушылар жалпы мақала жөнінде, латын графикасы жайында өздерін қызықтырып жүрген сұрақтарын қойып, пікірлерімен алмаса отырды.
Кітапханаға келген жастар қауымына аталмыш зал ұнап, риза боп қалды. Келген оқырман бұл залдан әрдайым толықтырылып отыратын кітап көрмесінен тарих, мәдениет, әдебиет салаларында ақпараттарға ие болып, арнайы оқырмандарымызға арналған ноутбукпен қолданып, ақпараттық бейнематериалдарға толыққан теледидар қосулы тұрады.