Рухани бай адам ғана болашаққа нық қадам басады. Осылай ой түйген
Маңғыстау облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жеке құрамы
Бас Қолбасшымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты
мақаласына қолдау білдірді.Жаһандану дәуіріне жаңа бастау болатын
аталмыш жобада елбасы елдің дамуына жетелер бірнеше жолды көрсетті.
Келелі ой, салиқалы пікірінің арқасында нақты қадамдар жасауға болатынын
да алға тартты. Ел боламын десең бісігіңді түзе деп ата –бабаларымыз
айтпақшы бар күш жігерді жастарға жұмсап терезесі тең, керегесі кең ел
болып қалуды мақсат тұтты. Тыныштық пен бейбітшілік жолында,
Қазақстанның президентіне адал болуға серт еткен әскерилер үшін қайта
түлеудің айырықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық
жаңғырудың маңызы зор. Бұқаралық сананы өзгертіп, болашаққа бағдар
жасауға бел буған мемлекет басшысы ел қалқандарының да жағдайына мән
беріп, жауынгерлік даярлығын көтеруге де ат салысып отыр. Замана сынынан
сүрінбей, техниканың жаңа заманға сай түрімен қамтасыз етті. Сарбаздардың
бойына күш жігер берер саналы ойлар айтты. Бұл дегеніміз Ұлт
Көшбасшысының көрегендігін көрсетсе керек. Ұлтымыз- ұлттық
руханияттың тамыран нәр алып, елді қорғаса бізді бағындырар жан
болмайтындығын көпшілікке түсіндірді.Мұнан бөлек, осы мақалада билікке
жастарды шақырып, олардың бойына патриоттық рухты сіңіре білу
жұмысын алға қойды. Тіліміз бен мәдениетіміз, салтымыз бен
жоралғыларымыз жойылмаса рухымызды жаңғыртқанымыз сол болар деп
атап көрсетті. Бұл – тәуелсіз еліміздің бақытты болашағы мен алаңсыз
келешегі үшін жасалып жатқан жұмыс. Өйткені, рухани байлықтың кемел
болғаны ел үшін маңызды. Осы бағытта Қарулы Күштердің ардагерлері
жергілікті әскери басқару органдары мен әскери бөлімдерде лекторлық
топтар құрып, мақаланың мән- маңызын аша түсті.