Желтоқсан таңы тағы да қаралы хабармен атты.Қазаққа Төлеген болып танылып, сүйіктісіне айналып кеткен Құман Тастанбек өмірден озды.Әлеуметтік желілердің барлығында Қыз - Жібегіне көңіл айтқан посттар,қайғыға қабырғасы қайысқан қалың ел! Қаза қайырлы болсын қазақ елі !Бақұл болыңыз ,Аға !
"Қыз Жібекті" алғаш рет қырық бес жыл бұрын көрген екенмін. Сəби көңіл ту сыртынан атқан оқтан мерт болған Төлегенді аяп, өксіп-өксіп жылағаным да есте. Аспанға қарап, əуелеп ұшқан алты қазға қарап жатып "Қазағым-ай! Өмірден алар еншің осы ма еді?" деп күңіренген Төлегеннің үні əлі құлақта. Сол Құман ағам өмірден өтіпті. Бақұл болыңыз, АҒА!»- деп жазады фейсбуктегі парақшасында Арман Сқабұлы
Айгүл Болатханқызы ; «Таңның қайырлы емес, қаралы боп басталғаны қандай жаман еді... Бақұл болыңыз, Құман аға - Меруерт апаның Төлегені...»депті әлеуметтік желі парақшасында...