30 қаңтар күні М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының «Көпшілік іс-шаралар» бөлімі Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына жолдауын насихаттау бойынша пікір-талас өткізді. Іс-шараға А. Мырзахметов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Азаматтық қорғаныс көпсалалы колледжінің студенттері қатысты.
Ең алдымен студенттерге кітапхана бойынша экскурссия жүргізіліп, «Рухани жаңғыру» залы мен «Мобильді кітапхана» таныстырылды. Жүргізуші Айнаш Ерубаева Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі бағыттарын студенттерге түсіндіріп өтті. Жолдаудың жалпы мазмұны айтылып, алға қойылған 10 міндет туралы ақпарат берілді. Алдағы уақытта кітапхана тарапынан насихаттау жұмыстары жалғасатын болады. Қатысушылар саны – 50