Бүгін Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы және «Жылы жүрек» еріктілер тобының ұйымдастыруымен Талсуат мүгедектерді оңалту орталығында ем алушылар арасында спартакиада өтті.

Жарысқа барлығы 5 команда қатысты. Қатысушылар арқан тарту, асық ату, нысана көздеу мен эстафета жарысынан бақ сынасты. Барлық команда белсенділік танытып, жеңімпаз атануға барын салды.

Оқ бойы озық шығып, бірінші орынды - 4 команда қанжығасына байласа, екінші орынды - 2 команда, үшінші орынды - 1, 5 командалар иеленді. Жеңімпаздар «Ел Арай» қайырымдылық қорының қолдауымен бағалы сыйлықтар мен марапаттарға ие болды.

Спартакиада соңында, оңалту орталығының директоры Мейрамбек Әбдікәрімов игі шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

 

Облыстық Қазақстан халқы

ассамблеясының баспасөз қызметі