«Атамекен» ҚР ҰКП Төралға Төрағасы Тимур Құлыбаев Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлерін шекаралас нарықтарда бәсекеге қабілетті болу мақсатында ауыл шаруашылық кооперациясына белсенді қатысуға шақырды
«Атамекен» басшысы Шымкент қаласында өткен Өңірлік кеңесте «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жергілікті әкімдікпен бірігіп, Өңірдің даму картасын әзірлеп жатқанын айтты. Картаға жергілікті өнімді өңдеу мен өткізу мәселелері енгізілмек.
«Өзінің бәсекеге қабілетті өнімі бар Өзбекстан шекарасын ашып жатқан уақытта бұл өте өзекті мәселе. Осы ретте біз отандық тауар өндірушілеріне кооперацияларды құру, өнімді өңдеу, сақтау және өткізуде барынша қолдау көрсетуіміз керек. «Атамекен» ҰКП және Оңтүстік Қазақастан облысы әкімдігінің бірлесуімен ауыл шуарышылғындағы кооперацияның сәтті үлгілерін құрып, осы тәжірибені басқа өңірлерге таратуымыз жөн», – деді Тимур Құлыбаев.
«Атамекен» басшысының айтуынша мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор тапсырыстары жергілікті тауар өндірушілерін қолдаудың тиімді құралы болмақ. «Атамекен» отандық компаниялардың тапсырыстарға жобалық-сметалық құжат деңгейінде қатысуын қамтамасыз ету жолында жұмыс істеп жатыр. Осындай үдерісті Оңтүстік Қазақстан облысында белсенді қолдану керек.
«Бүгінде АҚШ билігі жергілікті халықты жұмыспен қамтуды қолдау мақсатында бұрын басқа мемлекетте орналасқан өндіріс ошақтарын ел территориясына жаппай қайтарып жатыр. Тура осындай үдеріс Еуропа мен Ресейде де қолға алынған. Ресей санкицялар салдарынан импортты алмастыруды белсенді жүргізіп отыр. Отандық тауар өндірушілерін қолдауда бізде де құралдар бар. Бірінші кезекте мұны ұзақмерзімді шарттарды ұсыну арқылы жүзеге асыруға болады. Мемлекеттік және «Қазатаомпром» сынды ірі компаниялардың сатып алуларында бірінші кезекте осы өңір кәсіпорындары қатысуы керек», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы.
Төралқа Төрағасы соңғы екі жылда жергілікті қамту үлесі 52%-ға артқан «Жасампаз» консорциумының жұмысын мысалға келтірді. Бұл консорциум мемлекеттік қорғаныс саласының ұзақмерзімді тапсырысын алу арқылы өндірісті жаңартып, жаңа жұмыс орындарын құруды сәтті жүргізді.
Тимур Құлыбаев халықты жұмыспен қамту мәселесіне жеке тоқталды. Оңтүстік Қазақстан облысы – халық көп шоғырланған өңір. Сондықтан азаматтардың кәсіпкерлік негіздеріне оқыта отырып, бизнеспен айналысуға жұмылдыруға басымдық беру керек. Бұл үшін елімізде «Бастау» жобасы сәтті жұмыс істеуде. Жаңа оқу жылынан бастап орта мектептің жоғары сынып оқушыларының кәсіпкерлік және бизнес негіздері пәні енгізіледі.
«Халықты қалай жұмыспен қамту керек, сонымен қатар өнімді еңбекпен айналысып, өздерін өздері асырай алатындай, аяқтарынан нық тұру үшін не істеу керек? Кәсіпкерлік – көпшіліктің әлеуетін жүзеге асыратын ауқымды сала. Оңтүстік Қазақстан облысы үшін мұның маңызы зор, себебі елімізде бала туу көрсеткіші де осы өңірде жоғары», – деді Тимур Құлыбаев.
Жиын барысында кәсіпорындарда маман дайындау мәселесі де көтерілді.
«Қазақстанда 824 колледж бар және маман дайындауға 107 млрд теңге бөлінеді. Үкіметпен мемлекеттік тапсырыс дайындалғанда 50%-ына бизнестің қатысуы қамтамасыз етіледі деген келісімге қол жеткіздік, бизнес өздеріне қажетті мамандарды және кәсіпорыннан қанша қажет екенін анытайды. Кәсіби-техникалық білім беруде дәл осындай тәсіл білім алушылардың алдағы уақытта жұмыспен қамтылатындарына сенімді болуға, кәсіпорындарды қажетті мамандармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деп хабарлады Тимур Құлыбаев.