Талдықорған қаласында «Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Лаззат Рамазанованың қатысуымен Іскер әйелдер кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.
Облыс орталығында өңірдің іскер әйелдері бас қосты. Олардың қатарында тәжірибелі бизнесвумен де, жеке кәсібін енді қолға алған қыз-келіншектер де, сндай-ақ аудандық филалдардың басшылары да болды.
«Атамекеннің» Іскер әйелдер кеңесін құруға қатысты қарқынды идеясы нақты құрылымдық негізге айналды. Бүгінде ары қарай қандай бағыт ұстанатынымызды анықтау керек. Өңірлік кеңес жұмысы бойынша нақты бағыттың сызбасын белгілеуді ұсынамын. Трендтерді өзгертудің уақыты келді», – деді Лаззат Рамазанова.
Кеңес төрайымы өңірлерде салалық қауымдастықтарды құруды ұсынды, биыл Кеңес әйел кооперациясын дамытуға күш салмақ.
«Әрқайсыларыңыз қандайда бір саланың сарапшысы ретінде қалыптастыңыздар. Іскер әйелдер кеңесі базасына салалық қауымдастықтар, одақтар немесе гильдияларды құруды ұсынамын», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы.
Айта кетелік, бүгінде бизнес-құрылымдардың 30%-ын әйелдер басқарады. Мемлекеттік қызметтің 55%-ын әйелдер құрағанын алатын болсақ, бұл көрсеткіш айтарлықтай дамығанды айқындайды.
«Тенденция өсіп келеді. Әлеуметтік белсенділік пен шағын кәсіптен бастау – әйелдер кәсіпкерлерінің артықшылығы», – деді Лаззат Рамазанова.
Әйел кооперациясы бойынша оқыту, құру және жүргізу бойынша жаңа пилоттық жоба бұл бастамаға негіз болмақ.
«Облыстар кооперациялық қозғалысты дамыту мақсатында мемлекет белгілі бір деңгейде KPI қойды. Біз назарымызды Агроөнеркәсіп кешеніне бұрып отырмыз. Кооперацияның мүмкіндігі орасан. Жалпы әлемдік кооперциялық қозғалысқа 700 млн адам жұмылдырылған. Сервис саласында дамыған инфрақұрылым жайында айтатын болсақ, мәселен Италия, Франция мемлекеттерінде мұны кооперация орындап отырғанын естен шығармау керек. Бұл үдеріс жергілікті атқарушы органдары үшін тиімді, өйткені кәсіпкерлік қоғамдастық осы бағыт үшін жауапкершілікті көтеріп, оның ынтымақпен атқарып келеді», – деді Лаззат Рамазанова.