Бүгін Маңғыстаудағы  Мұнайлы ауданына қарасты ,Маңғыстау -5 селолық округінде «Алинұр» әмебап бала –бақшасының  ашылу салтанаты болды. Бала бақша,  Маңғыстау -5  селосының  орталығында орналасқан. Мектепке және  амбулаториялық емханасына  жақын.Бұл ата –аналар үшін өте қолайлы.

 

Бала – бақша  75 –орынға  шақталған, үш топта жұмыс жасайды. Бір жарым жастан,беске дейінгі балаларға тәлім тәрбие беріп болашақта үш тұғырлы тіл  саясатында жұмыс жасауды жоспарлап отырмыз.Себебі  заман ағымына сай ,бүлдіршіндерімізді бірнеше тілге баулып, білімді,өнегелі  ұрпақты  дайындау осы бала бақшадан басталады  -дейді жеке кәсіп иесі   Мөлдір  Ахметова.

Бала бақшаның  лентасын  Мұнайлы аудандық  Санитариялық  эпидемиологиялық орталығының   бастығы  Ботагөз  Усманова  кесіп, бала бақшаның  істеріне сәттілік тіледі.

Ата –аналардан Сүндетәлиева  Сәлия  бала –бақшаға қабылданып  жатқан  алғашқы бүлдіршіндерді құттықтап, жеке кәсіп иесіне табыс тіледі.

Балғын бүлдіршін  Айкөркем Нұржұма қызының  орындауындағы  жанды дауыста шырқаған «Қос байтерек» «Бозбала»  әндері  көпшіліктің  көңілінен шықты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дидар,Мейіржан, Мәдина , Ақмарал есімді тәрбиеленушілер  Отанға, ата-анаға  деген сезімдерін  тақпақтап айтып берді.

Бүгінгі ұл - ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз - ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім,тәрбие беруде басты тұлға  тәрбиеші  болса, оны жалғастырушы, демеуші - ата-ана, қала берді қоғам. Баланы өмірге бейімдеуде – балалар бақшасының ,тәрбиеші  және ата-ананың орны бөлек-  дейді  бала бақшаның бас әдіскері   Сұлухан  Шинеқызы.