Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2005 жылғы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» жолдауы негізінде жүзеге асырылған «Жасыл ел» бағдарламасы, кәзіргі таңда еліміздің жастарын жұмыспен қамтып отырған ауқымды жастар ұйымына айналып отыр. Еліміздің барлық аймақтарында филиалдары жұмыс атқарып жатқан ұйым, жастарға үлкен мүмкіндік беруде.

Жасыл ел жастарды тек жұмыспен қамтып қана қоймай, сонымен қатар жастарға үлкен тәрбие беріп отыр. Жастардың отанға деген сүйіспеншілігін оятып, елімізді жасыл желекке айналдыру мақсатында олардың жалын-жігерін, күш-қуатын бір арнаға тоғыстыра білген бағдарламаға, біздің Түлкібас ауданымыздың жастары өте белсенді түрде атсалысуда. Бұл жоба әсіресе жазғы маусымда қалаға жол тартып, жұмыс іздеп кететін ауыл жастарына қолайлы болып отыр. Жастарға төленетін жалақының көлемі де, жылдан-жылға артып отыр. Жастарға барлық жағдай жасалғандықтан, тиісінше жастар тарапынан бұл бағдарламаға сұраныс өте жоғары. Түлкібас ауданының штабы тек облыстық деңгейде ғана емес, республикалық деңгейде де үздіктердің қатарынан табылып жүр.

Елбасымыз жастар жылының ашылуында «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Жасыл ел» ұйымының базасында жалпыұлттық «Жасыл қала-жасыл ауыл» жобасын іске асыру керектігін атап өткен болатын. Осы орайда біз жалындаған жастар Елбасымыздың игі бастамаларын қолдап, елімізді дамыту үшін жұдырықтай жұмылып, жұмыс істеуге дайынбыз.

 

Джолбасханов Ислам Талипұлы

«Жасыл ел» жастар еңбек жасағы Түлкібас ауданы штабының жетекшісі