Әділет министрлігі халықты коронавирусқа қарсы міндетті вакциналауға қатысты түсініктеме берді.
Олардың айтуынша, міндетті вакциналауды енгізу заңға қайшы емес. Оған Конституция кепілдік береді. Өйткені қоғам денсаулығын сақтау үшін заң бойынша мемлекетке осындай мүмкіндік берілген.
Наталья Пан, ҚР Әділет министрінің орынбасары: - Ата заң бойынша мемлекет шектеу немесе міндеттеу шараларын орындата алады. Бұл конституциялық құрылыс, ұлттық қауіпсіздік және қоғам денсаулығына да қауіп төнген жағдайда болатын жағдай.
Қазір дәл сондай жағдай туып тұр. Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі кодексі ұжымдық иммунитет қалыптасу үшін алдын алу екпе жүргізеді. Сондықтан қазіргі пандемияға қарсы шара талаптарына сай деп саналады.
Яғни алдын алу шарасы ретінде міндетті вакциналау қарастырылып отыр. Оның үстіне Үкіметке елде ұжымдық иммунитет қалыптастыру тапсырмасын орындау керек. Сондықтан бұл жерде ақпараттық түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет деп санайды.
Өйткені бұл халыққа, әрбіріміздің отбасымыз бен туыстарымыз, достарымыз үшін жасалып жатқан шара. 2-шілдеден бастап елімізде бірқатар қызмет көрсету нысандарының қызметкерлері вакцина алуға міндеттелді. Оған қарсы болса, апта сайын ПТР-тестін тапсырып, таза екенін дәлелдеп отыруы қажет.
Дереккөз : ktk.kz