Түркістан облысына қарасты «Nur Otan» партиясы Түлкібас аудандық филиалы жанындағы «Jas Otan» Жқ-ның ұйымдастыруымен, «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында,Қазақстан Республикасының 30 жылдығына және «6 шілде-Астана күніне» орай мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мерекелік іс-шара өтті.
 
 
Іс-шараға Түлкібас аудандық мүгедек балаларды оңалту орталығының бүлдіршіндері, ата-аналар, аудандық мәслихат депутаттары Қ.Спабекова, Р.Қарақұлов, Б.Тулешев, М.Асан қатысты.
 
Іс-шара барысында балаларға арнап концерттік бағдарламалар мен қойылымдар қойылып, түрлі ойындар ойнатылды. Бүлдіршіндер де қонақтарға ән-күй сыйлап, өз өнерлерін көрсетті. Балаларға жеміс-жидек себеттері сыйлыққа тартылды. Мерекелік шараның өтуіне риза болған ата-аналар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
 
 
Іс-шараның өтуіне демеушілік көрсеткен аудандық мәслихаттың жас депутаты Мадияр Асхатұлы балалар мен олардың ата-аналарына ізгі тілегін арнап, алдағы уақытта осындай шаралар жалғасын табатының жеткізді.
 
 
Аудандық мүгедек балаларды оңалту орталығының қызметкерлері тарапынан бүгінгі күнге дейін көрсетіліп жүрген еңбектері партия назарынан тыс қалмай, филиал төрағасының бірінші орынбасары Қуатбек Сағымбекұлының арнайы Алғыс хаттарымен марапатталды.