Қазгидромет синоптиктері 18-20 қараша аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Алдағы күндері белсенді Солтүстік циклонының әсерінен ҚР басым бөлігінде жауын-шашын жауады. 18 қарашада — солтүстік-батыста, солтүстікте, 19 қарашада — еліміздің шығысында қатты жауын-шашын жауады. Жаңбырдың соңы қарға ұласады.
19-20 қарашада еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар жауады. Жауын-шашынмен қатар республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде көктайғақ және бұрқасын болады.
20 қарашаға қарай солтүстік-батыс антициклонына байланысты суық ауа массалары келеді. Бұл Қазақстанның басым бөлігінде температураның күрт төмендеуіне әкеледі. Мәселен, солтүстік-батыста түнгі уақытта 3-13 градусқа дейін аяз, күндіз 7 аяз — 5 жылы, солтүстікте, орталықта, шығыста түнде 8-16 аяз, күндіз 2-10 аязға дейін төмендейді. Температураның төмендеуі оңтүстік аймақтарға да әсер етеді.
Мұнда түнгі уақытта 3 аяз-7 жылы, күндіз 5-15 жылы, оңтүстік-шығыста түнде 6 аязға дейін-6 жылы, күндіз 5 аяз-13 жылыға дейін алмасады. Республика бойынша жел қарқыны 15-29 м/с дейін күшейіп, тұман түседі. Солтүстік-батыс, солтүстік аймақтарда желдің екпіні 30 м/с асады.