6-7 сәуір күндері Мұнайлы ауданына Құлсары қаласынан 600-ге жуық адам тіркелді. Қазіргі таңда 75 адам Мұнайлы ауданында, оның 29-ы ауданындағы қонақ үйге жайғасты, қалған тұрғындар туыстарында және өз өтініштерімен облыс орталығы мен басқа аудандарға жайғастырылды. Басым бөлігі туыстарының үйінде- деп хабарлайды el24.kz тілшісі, Мұнайлы ауданы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгінгі күні аудан әкімдігі және әкімдікке қарасты мекемелермен 4 эвакуациялау пункті құрылды, тұрғындарды қабылдауға толықтай дайын. Қажет болған жағдайда эвакуациялау пункттері көбейтіледі.
 
Барлық келушілерді айтқан жерлеріне тасымалдау жүргізілуде, барлық тұрғындарды тіркеуден өткізіп, ыстық тамағы мен барлық керек-жарағы жеткізіліп беруде. Мектеп жасындағы балалардың тізімі жасақталды, демалыс аяқталысымен білім-берумен толықтай қамтылады.
Сонымен қатар, 8 гуманитарлық көмек беру пункттері ашылып, қазір тұрақты түрде жұмыс істеп тұр.
Бұдан бөлек аудан мәслихатының депутаттары да қалыс қалмай қолдан келген көмектерін аямауда. Мәселен 7 сәуір күні мәслихат депутаттары мен жас еріктілер он бес мың адамға қажетті тауармен гуманитарлық көмек жіберді. Бұдан бұрын барлық көмек көрсетіп жатқан жүк көліктеріне жанар-жағармайларын құйып, септігін тигізді.
Аудан тұрғындары да көмек көрсетуден алғы шепте. Дәл қазіргі қиын кезде атқарушы орган мен тұрғындар бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жұмылған жұдырықтай бірлесіп, қиындықты еңсеруде. Аталған бағытта жұмыс жалғасын табатын болады