Қазақстандық оқушылар 1 ақпаннан бастап қысқы демалысқа шығады-деп хабарлайды el24.kz тілшісі.
Бұл – үшінші тоқсан ортасындағы дәстүрлі қысқамерзімді демалыс. Биылғы оқу жылының ерекшелігіне байланысты кейбір мектептерде демалыс күндері өзгеруі мүмкін, алайда жалпы білім беру ұйымдары үшін белгіленген мерзім сақталады.
Қысқы демалыс қанша күн болады?
Білім министрлігінің бекітілген оқу кестесіне сәйкес, қысқа мерзімді демалыс 1 ақпанда басталып, 7 ақпанға дейін жалғасады. Яғни, оқушылар бір апта бойы тынығып, үшінші тоқсанның екінші бөліміне тың күшпен оралады.