2025 жылғы 17 сәуір күні қоғам назарын аударған Шерзат Болат ісі бойынша сот процесі ашық түрде басталды.
Аталған іс қоғамда резонанс туғызып, адам құқығы, тергеу әділеттілігі мен құқық қорғау органдарының әрекетіне қатысты кең пікірталас тудырған болатын.
Сот отырысында Шерзат Болаттың өліміне байланысты маңызды деректер айтылды. Прокурор мен адвокаттар тарапынан келтірілген дәйектер, куәгерлердің жауабы мен сот-медициналық сараптамалар істің ауырлығын нақтылай түсті.
Отырыста Шерзат Болаттың өмірінің соңғы сәттері жайлы жан тебірентерлік жайттар жария етілді.
Марқұм Шерзат Болаттың ісіне байланысты Талдықорған қаласында екінші сот отырысы барысында,60 жастағы Жұмабике Қадырова сотта өзін жайсыз сезініп, істі қарауды Алматыға ауыстыруды сұрады.
Кейіннен Шерзаттың әжесі залдан кетіп қалды. Оған жедел жәрдем шақыртылып, алғашқы медициналық көмек көрсетілді.
Қоғам белсенділері мен журналистер сот барысын қадағалап отыр. Олар әділетті шешім қабылдануы тиіс екенін айтып, бұл істің ашық қаралуын талап етуде. Сот залына жиналғандар арасында құқық қорғаушылар мен азаматтық қоғам өкілдері де болды.
Іс бойынша келесі отырыстарда тағы да бірқатар куәлар мен сарапшылар тыңдалмақ. Сот шешімі жақын күндері шығуы мүмкін, дегенмен істің күрделілігіне байланысты бұл үдеріс ұзаққа созылуы да ықтимал.
Ашық өткен бұл процесс – Қазақстан қоғамындағы әділеттілікке деген сұраныстың бір көрінісі. Жұртшылық соттың әділдігінен үміт күтіп отыр.