{jcomments on}        25 қазан күні «Нұр Отан» ғимаратының залында Ш.Қалдаяқов атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық филармониясының және Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясы арасындағы Меморандум аясында Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармониясының «Нұрын шашқан Оңтүстік» атты ән кеші өтті. Шәмшінің туған жерінен келген өнер иелерінің концертін тамашалауға жиналған халық көп болды.

 

      Мерекелік концертте «Тұмар» фольклорлық ансамблінің сүйемелдеуінде Ақмарал Биназарова, Айнұр Нұрашовалар халық әндерін орындап, ҚР мәдениет қайраткерлері Айжан Таженова, Сүндет Миралиев және Өсербай Бөріханов ,Оразәлі Жаңабаев, Т.Әлменов сынды әншілер жеке дауыста сырға толы әндерін тамылжыта шырқады. «Қазына» би ансамблінің

      Түркияның Бурса шаһарында өткен «Алтын Қаракөз» халықаралық байқауының жеңімпаздары «Қазына» би ансамблі мың бұралған билерімен көпшілікті сүйсіндірді.

     Кеш соңында сөз алған Батыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мұсағалиев Қадырболат Қабдырұлы Ақжайық жұртының атынан ризашылығын жеткізіп, Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармониясының ұжымына Алғыс хат табыс етті.