{jcomments on}
«Жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу профилактикасы бойынша мақсатты іс-шаралар өткізу және жастардың электораттық сауаттылығы мен белсенділігін арттыру, оқыту»
жобасы аясында өткізілген
«Жастардың электораттық белсенділігін арттыру»
атты «дөңгелек үстел» отырысының
АҚПАРАТЫ
Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу профилактикасы бойынша мақсатты іс-шаралар өткізу және жастардың электораттық сауаттылығы мен белсенділігін арттыру, оқыту» жобасы аясында Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Өрнек ауылы №17 Жамбыл колледжі базасында «Жастардың электораттық белсенділігін арттыру» атты «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді.
Шара барысында Нұр Отан партиясы Жамбыл ауданы филиалы "Жас Отан" жастар қанатының төраға орынбасары Эльмира Жалғасқызы жастарға "Сәтті қадам", "Жастар Отанға" жобаларын кеңінен түсіндіріп өтті. Аудандық маслихат депутаты, колледж директоры Талап Абдибеков және Нұр Отан партиясы Жамбыл аудандық филианың консультанты Төленді Көпбергенов сайлау жүйесі, сайлау органдары және жастардың дауыс беру құқығы жайлы жастарға кеңінен мағлұмат берді.
«Дөңгелек үстел» соңында сайлау жүйесі туралы толық түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, арнайы кеңестер мен ұсыныстар берілді. Студенттер көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, өз ойларымен бөлісті Барлық «дөңгелек үстел» отырысы қатысушыларына таратпа материалдары таратылды.
Шараға студенттер және колледж ұжымы қатысты.
Қатысушылар саны 60 адам