Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Жас Отан» Жастар қанаты және «Жастар ресурстық орталығымен» бірлесе ұйымдастыруымен 2017 жылдың 11-14 қараша аралығында облыстық спартакиада өтті.
Халықаралық студенттер күніне орай ұйымдастырылған спартакиадаға жоғары, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының студент жастары қатысты.
Спартакиаданың ашылуы 11 қараша күні № 2 облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебінде өткізілді.
Спартакиада бағдарламасы бойынша спорттың «Арқан тарту», «Волейбол», «Стритбол», «Шағын футбол», «Дойбы», «Үстел теннисі», «Тоғызқұмалақ» сынды түрлерінен жарыстар өтті.
Бекітілген орындарда жарыстар өткеннен кейін 14 қараша күні № 2 облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебінде спартакиаданың жабылу салтанаты ұйымдастырылып, мерекелік концертке ұласты.
Спорттың әр түрінен жеңіске жеткен және жүлдегер командалар спорт түрлері бойынша жеке-жеке марапатталады.
Жалпы есепте жеңіске және жүлдеге ие болған командалар «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің алғыс хаттарымен және «Жас Отан» Қоры» корпоративтік қорының кубок және дипломдарымен марапатталды.
Қосымша ақпарат
70-05-34