Қазақ халқының басқа халықтардан ерекшеліктерінің бірі ол өзінің ұлттық музыкасының және атадан балаға жеткен, көзінің қарашығындай сақтаған қымбат қазынасының болуы.
Бүгінгі күнге қаймағы бұзылмай жеткен өнердің шыңы ол күй өнері!
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында ұлттық кодты сақтай отырып, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңіту керек екендігін айтты «Салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс» -деді.
Осы бағытта ұлтымыздың мәдениеті мен күй өнерін жанымен сүйіп, оның өркендеуіне сүбелі үлес қосып келе жатқан ұжымның 15 жылдық айтулы мерекесі құтты болсын!
Ынтымағы мен бірлігі жарасқан, кәсіби біліктілігі жоғары өнер ұжымына шығармашылық табыс отбасыларыңызға амандық, баянды бақыт, барлық істеріңізге сәттілік тілейміз.
Құрметпен,
Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы