Әскерилер де СПИД-ке қарсы акцияға ат салысты. Ғасыр дертімен
күресуге белсене кіріскен Маңғыстау облысының Қорғаныс істері жөніндегі
депаратаменті жастарды салауатты өмір салтын сақтап, денсаулығына мән
беруге шақырды.
ЖИТС аурудың соңғы сатысы. Тазалық сақтап, дұрыс ем
жүргізсе ондай науқасқа шалдықпайсың деген жеке құрам ғасыр індетінің
соңы өлімге апаратынын да жақсы түсінеді. Олар облыстық СПИД-ке қарсы
орталықтың мамандарынан кеңінен мағұлмат алып, ерікті түрде тексеруден
өтті. Сонымен қатар шара барысында, әскерилердің назарына бейнероликтер
ұсынылды. Онда батырлардың тосыннан келген қарсыластарына тойтарыс
беруі, жаһанды жайлаған СПИД-ке қарсы шығуы ретінде бейнеленді. Бүгінгі
күні АИТВ инфекциясын жұқтыру мәселесі дүниежүзілік денсаулық сақтау
ұйымының өзін алаңдатып отыр.Сондықтан онымен күресу медицина
қызметкерлерінің ғана жұмысы емес. Осы бағытта департаментте де тұрақты
жұмыстар жүргізілуде. Жеке құрамның денсаулығы бақылауда ұсталып,
жоспар бойынша нашақорлықтың алдын -алу бағытында айына бір рет
арнайы тест тапсырылады. Мамандар жат қылықты жандардың қазақ
армиясында қызмет етуге орын жоқ. Басшылық тарапынан олардың мінез-
құлқы мен әрекеттеріне баса назар аударылып, түсіндірме жұмыстары
жүргізілсе, көтерілген бастама өз нәтижесін берері анық.