Ол медициналық көмек те алып үлгермеген.

Ерлі-зайыптылар С және М қарт әжені өз пәтерінде ұрып-соғып, кейін төсегіне апарып жатқыза салған. Артынша келіні енесінің бас жағында тұрып дұға оқыған. 
 
Ал, ер адам анасын бар салмағымен тізесімен басып тұрған. Соған қарағанда ерлі-зайыптылар теріс ағымды ұстанған болу керек. «Бұл соққы марқұмның ауыр жарақат алуына әкеп соқтырған. Ол көп кешікпей қайтыс болды», – дейді бұл істі қараған судья Гүлнар Байтұрова.   
Сот ерлі-зайыптыларды марқұмның өліміне кінәлі деп тауып, оларды 8 жылға бас бостандығынан айырды. Бірақ сот шешімі әлі заң күшіне енбеді.
 
Дереккөз: sn.kz